Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4770 0 пікір 29 Қыркүйек, 2009 сағат 03:09

Павлодарда «Нұр Отан» партиясының өкіліне доңыздың кесілген басын тастапты

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. «Нұр Отан» ХДП-ның Павлодар қалалық  бөлімше төрағасының орынбасары Арман Әлиақпаровтың қызмет көлігінің капотына белгісіз адамдар доңыздың кесілген басын қойып кетіпті.                                   

«Шошқаның басын мен жұма күні түскі астан соң байқадым. Не айтарымды білмеймін. Мұндайды алғаш рет көріп отырмын»,- деп мәлім етті бұл оқиға туралы А. Әлиақпаров ҚазТАГ тілшісіне.

Оның айтуынша, ол тура сол жерде полиция нарядын шақыртқан.

«Олар (полицейлер – ҚазТАГ) мен кімнен нақты күдіктенетінімді сұрады. Мен білмейтінімді айттым. Полицейлер бұл факті бойынша қылмыстық іс ашқан жоқ. Себебі менде мұны кім істегені туралы нақты дәлелім жоқ», - деді ол.

Бұл ретте А. Әлиақпаров мұның артында жергілікті мәслихатқа сайлаудағы бәсекелестері жатуы мүмкін дейді.

«Ешқандай дәлелім жоқ. Тек тұспалдау ғана. Бәлкім, бұл бұзақылардың ісі шығар. Менің бәсекелестерім де болуы мүмкін. Мен қазір қалалық мәслихатқа үміткермін. Сондықтан кез келген мәлімдемем тек пиар –әрекет ретінде бағаланады», - дейді А. Әлиақпаров.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525