Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3432 0 пікір 24 Қыркүйек, 2009 сағат 14:43

Ақберен Елгезек. Ұлтсызданған саясаттанудың ұраны

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарымның есебіне сүйенсек, еліміздегі қазақтілді саясаттанушылардың саны Қазақстанда 15 адамға жетіпті. Шүкір деуге келмейтін көрсеткіш. Бұл деген бір миллион қазаққа 1 саясаттанушыдан деген сөз. Бір саясаттанушы бір миллион қазақтың саяси санасын қалыптастыруға қызмет етіп, болмаса сол азаматтардың саяси сұраныстарын, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға шамасы жете ме? Немесе 15 қазақтілді саясаттанушы қазақ қоғамындағы саяси ой-пікірлердің сан-алуандығын қамтамасыз ете ала ма? Осы сұрақтарға ойлы оқырманның беретін жауабы белгілі.

Үстіміздегі жылдың 23 қыркүйегінде өткен Қазақстан саясаттанушылар конгресінде осы мәселеге қатысты арнайы секция да ұйымдастырылыпты. Секция жетекшісі - жоғарыдағы статистиканы беріп отырған Айдос Сарым мырза. Модератор секцияға қатысушылардың ортасына оншақты сауал тастады. Бірақ, сауалдардың көбінің жауапсыз, талқылаусыз қалғаны - қазақи саясаттану саласының сын көтермей тұрғанын көрсетіп берді. Қазақ тілді саясаттанушы атанып жүргендердің басым көпшілігі осы салаға маман дайындау мен тізімдегі сұрақтарға қатысы жоқ дүниелерді айтудан арыға бара алмады. Содан кейін олар қазақ тілді саясаттанушыларды өзге тілде жазып, сөйлеп жүрген мамандармен салыстырумен болды.

Алайда, жиын барысында осы жолдардың авторын басқа мәселелер қызықтырған еді. Менің естігім келгені - айтылған бағытта қызмет етіп жүрген азаматтарымыздың позицияларын анықтау мен олардың сараптама жасау қабілеті һәм ұлттық модернизацияға қосып жатқан үлестері еді. Әйткенменде, болашақта қазақ тілді саясаттанушылардың ой-пікірі арқылы қалың қазақтың ұлттық сана-сезімін қалай оятуға болады деген мәселелер төңірегіндегі әңгіме өкінішке қарай мүлде айтылмады.

Пленарлық мәжілісте, сөз беруді талап еткен Әзімбай Ғали әдеттегідей өткір пікір білдірді. Ғали мырзаның пікіріне сайсақ, қазақ тілін білмейтін саясаттанушылар қазақ қоғамын қалай зерттейді, олардың Қазақстан қоғамының дамуы мен елдің ішкі саяси жағдайына қатысты ой айтуға құқығы бар ма? Қойылған сұрақтарға, әрине, ешкім тұжырымды жауап берген жоқ. Тіпті, мұндай сұрақтардың қойлып отырғанына ешкім мән де бермегенін қадап айтқан абзал. Бұл тағы да Қазақстандағы мемлекеттік тілді менсінбейтіндердің мейманасы тасып тұрғанына мысал болса керек. Ол ол ма, біз қатысқан секцияда бәз-бір «саясаттанушылар» мұндай салаға қазақ тілі келіңкіремейді-ау дегенді де айтып қалды. Бір білгіш пленарлық отырыста: «Қазақстандық саясаттану ғылымы ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болып, дами бастады» - деп қойып қалды. Апырау, сонда ұлы Абайдан сусындап, тілге, жерге, елге, қоғамдық құрылымға байланысты әр қайсысы ондаған мақала жазып, мемлекетті құрудың бағдарламасын түзген алашордалықтардың бейсаяси (аполитичные) азаматтар болғаны ма? Әлде олар, өлең оқып, ән айтып, күй тартып, би билегені үшін атылып кетті ме? Әзімбай Ғалиға сүйенсек, Алаш арыстары туралы ауыз аша алмайтын орыс тілді саясаттанушылар қазақтың төл тарихынан мақұрым жандар. Онда бұлар осындай алқалы форумда қазақ сенбейтін, қазаққа қатысы жоқ «тенденцияларды» неменеге көлгірсіп талдап отыр?

Масқарамыз сәл уақыттан кейін тағы шықты. Талай саясаттанушыларды дайындауға ат салысқан, жоғары білім беру саласының ақсақалы Лайық Байделдинов өзінің жасы мен басына лайықсыз әңгіме айтып отырып алды. Лайық ақсақалға сенетін болсақ, қазақ элитасы орыс мәдениетінен сусындағанының арқасында қалыптасқан екен. О, тоба! Бұл сөзді естіткен заманның бетіне түкірдік. Лайықтың лайықсыз сөзін естіп, жиында жағасын ұстаған бірен-саран қазақ журналистері ғана болды. Осындай сұрқайы пікірлерге үстел басында отырған «майталман» саясаттанушылардың бірде біреуі тойтарыс бермегені намыстың отын  қоздырғанын жасыра алмаймыз.

Бізде бір шараны ұйымдастырғанда сөйлеушілердің көңіліне қарау белең алған. Осы конференцияны мен өткізсем, жаңағыдай сөздерді айтып, албаты лаққан адамдарды тыйып тастамақ түгілі, күзетті шақырып, залдан желкелеп қуып шығар едім. Бұндай әрекетке баратын алайда, үнемі біздің момындығымыз бен әсіретолерантығымыз ғой. Ал, осындай әңгімесін айтып, сол жерде «жұлдыз» болып жүрген кейбір псевдоқазақтар маң-маң басып, қазақты қатырдым деп іштей мырс-мырс күліп жүрді. Әттеген-ай, дейсің де қоясын. Тілін кесейін десең, Абай айтпақшы «қолыңда закон жоқ» деді алақалы отырыстан көңілі жүдеп шыққан бір танысым

Шындығында қазақ тілді саясаттанушылар қазіргі марғау күйде ғұмыр кешіп жатқан қазақ қоғамына ауадай қажет. Себебі, сырттан келетін қауіп пен ішкі іріткілерді салмақты талдау арқылы саясаттанушылар қазақтың көзін көп нәрсеге аша алар еді. Тіпті, қазаққа қажетті, қазақтың мүддесіне жұмыс істейтін, қазақтың рухын көтеріп, қалған жұрттың мысын басып отыратын батыл болжамдар жасалып жатуға тиіс дер едік біз. Және бұл интеллектуалдық күресте біздің саясаттанушыларымыз ешкімнен кем болмауы тиіс. Саясат майданында бүгінгі сөз, жазылған мақаланың астарында қазақтың қамы жатуы қажет.

Бізде геосаяси мәселелерді сараптап, ұлтына ұсынып жүрген саясаттанушылар некен-саяқ. Ал, бұл саясаттанудағы стратегиялық маңызы бар бағыт. Әлемдегі үдерістерді салқын мидың сарабынан өткізіп, қазаққа қатысты тұстарды қалт жібермей отыру - қазақи геосаясаттанудың негізгі міндеті. Сыртқы саясатқа қатысты ұсыныстар әзірлеу арқылы, онсыз да кетіп жатқан қазақтың ұпайын түгендеп отыру - осы салаға ғұмырын арнауға белсеніп жүрген жас саясаттанушылардың негізгі ұстанымы болуы қажет.

Шай үстіндегі әңгімелерде жас саясаттанушылардың бірқатары біздің пікірлерімізді жарыққа шығармайды деп қынжылды. Ақсақализмнің салдарына жаптық оны да.

Дамыған елдердің әр мемлекеттік мекемесі өзінің талдау-сараптау орталықтарына жүгіне отырып жұмыла жұмыс атқарады. Ми трестерінің қызметі бұл жерде өте маңызды. Себебі, мемлекеттік органдар күнделікті жұмысының арқасында өз қызметінің көптеген олқылықтарын көре білмейді, болашаққа тиімді жоспар құра алмайды. Осындай шаруаларды пысықтауда аталған құрылымдардың рөлі ерекше. Сондықтан облыс әкімішіліктері, министрліктер қасында саясаттанушылар, экономистер және басқа маман иелері жинақталған құрылымдарды құрса, жұмысы ілгерілеуші еді. Бұндай игіліктің  өз кезегінде қазақ мемлекетінің, сол мемлекеттің иесі - қазақтың кемелденуіне айтарлықтай үлес қосары даусыз.

Ал, қазіргі жағдайымызда ұлтсызданған саясаттанудың ұраны басым болып тұр. Бұнымен біз алысқа ұзамайтынымыз Хаққа мәлім.

0 пікір