Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3356 0 пікір 24 Қыркүйек, 2009 сағат 08:12

Ғалым ҚАЙЫРЖАН. К-плюстен көрдік: экс-күйеу еңіреп жылап отыр

Өткен аптаның бейсенбі-жұма күндері ел аралап, Жамбыл облысы жаққа барып, Алматыда тұратындардың ақпарат алуда ауылдағылардан анағұрлым артта қалып, «Алма TV» мен күндіз-түні күн көсемді ұлықтаудан өзгені білмейтін мемлкеттік каналдарға ғана байланып, бейшара күн кешіп отырғанын ұғынып және біздің биліктің «ауылдағының аузы сасық» деп менсінбей, шекесінен қарап  жүріп, қандай қателік жіберіп қойғанын көріп, біртүрлі жүдеп қайттым. Ана кісіге жағынудан өзгені білмейтін аналитик-сымақтарды ғана тыңдаған Ақорда «Бірдеңе шықса - осылардан шығады» деп қаладағы жұртты қаужап,  екі-үш адамға бір тыңшыдан белгілеп жүріп, ауылдағылардың ауажайылып бара жатқанын байқамай қалып, бармақ шайнайтын жағдайға жеткен екен!

Әлгі, су ішкен құдығына түкіріп, ширек ғасыр құшқан жарын балаларымен бірге тастай қашқан жаман күйеу Рахат Әлиевтің былайғы жұрт бұрыннан білетін жағдаяттарды тізбелеп шыққан кітап-сымағын оқытпаймыз деп алашапқын болған құқық қорғау органдарының әрекетін далбаса демеске амал кем. Өзгесін айтпағанда, «оқысаңдар - соттаймыз!» деп қоқан-лоқы көрсеткен жоқ па? Қырағы сақшыларымыздың қырғыздың «Дордой» базарынан тауар тасыған қатын-қалаштың қытайлық ала сумкасын ақтарып, кітап іздегендерін қайтейік, ел шіркін Әлиевтің не айтпағын шұқшиып кітап оқымай-ақ, жамбастап жатып, теледидардан тамашалап отырған жоқ па?

Мықты болса, біздің прокурорлар анау «ӘБІЛӘЗОВ ашыпты» деп жүрген «К-плюс» деген каналды неге жауып тастамайды?!.

Масқара, өткен жұма күні аталған канал тура екі сағат бойы Рахаттың Александр Народецкий дейтін журналистке берген сұхбатын көрсетті. Өзгелер туралы айта алмаймын, бірақ, мен барған ауылдағы қатын-қалаш, шал-шауқанды қойғанда, бюджеттік мекемелерде қызмет жасайтын нұротандықтардың өзі мал жайғалмай, ас әзірленбей қалғанына қарамастан әлгі кәззәптің айтқандарын тыңдады. Жай ғана тыңдап қойған жоқ, әп-әжептеуір сеніп, анасына қатысты көзіне жас алып тұрып айтқан сөздеріне иланып қалғандай көрінді маған. Жалпы осынау «К-плюс» деген канал эфирге шыққалы екі айға жуық уақыттың ішінде жұртты біраз «дуалап» тастапты. Қарап тұрсам, К-плюсті көргендердің айтатындары «елдегі оппзиция көсемдері бір-бірімен ымыраға келе алмай ырылдасып, сендердің газеттерің сол өзара тәжікелескен әңгімені қаужағаннан өзге не бітірдіңдер? Ал, мыналар сендер айнала қашатын «Қазақгейт» сияқты тақырыптарды талқылап, саяси сауатымызды ашты» дегенге саяды.

Шамасы, ел ішін «К-плюс» атты каналдың алатайдай бүлдіріп, жұртты баурап алып бара жатқанын  бек ұғынған ақордалықтар  «Ұлт көшбасшысы туралы» заң жобасын ұсынып, сайлау атаулыдан сақтанудың шарасына кірісіп кеткен бе деймін...

Дерек көзі - «Қазақстан» апталығы. «Мен не көрмедім...

теледидардан соғыс киноны да көрдім ғой» 17.09 09

0 пікір