Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4601 0 пікір 20 Наурыз, 2014 сағат 06:28

Бекқожа Жылқыбекұлы. Дүниеде «Ұлттық әліпбиі» жоқ бірден-бір егеменді ел - Қазақстан

Бала ес біле бастағаннан бастап оның ақыл-ойының тез дамуы үшін оған ертек айтып беріп, сөз-сөйлемдерді үйретеміз әрі әріптер мен сандарды тез игеруіне мүдделі боламыз. Ол үшін ең қолайлы әрі оңай жолдармен әріп үйрететін әліппе оқулықтарды іздеп, кітапханаларға барамыз. Іздейміз... таппаймыз. Тапсақ та көңілімізден шықпай жатады. Бала тәрбиесіндегі, міне, сондай бір жүйеге түспеген «Мектеп алды топтарының әліппесін» құрастырудың жүйесін мынадай ғылыми негізге сүйене отырып жасақтауға болады.

   Қазақ тіліндегі дыбыстардың дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардан құрам табатындығын бәріміз де білеміз. Алайда олардың бір-бірімен үйлесу немесе үйлеспеу заңдылығын екінің бірі біле бермейді. Біз дәл осы қазақ тілінің дауысты дыбыстары мен дауыссыз дыбыстарының үйлесу заңдылығына негізделе отырып, «Қазақ тілінің дауысты дыбыстары мен дауыссыз дыбыстарының үйлесімділік кестесін» жасап отырмыз(суретте).

Бала ес біле бастағаннан бастап оның ақыл-ойының тез дамуы үшін оған ертек айтып беріп, сөз-сөйлемдерді үйретеміз әрі әріптер мен сандарды тез игеруіне мүдделі боламыз. Ол үшін ең қолайлы әрі оңай жолдармен әріп үйрететін әліппе оқулықтарды іздеп, кітапханаларға барамыз. Іздейміз... таппаймыз. Тапсақ та көңілімізден шықпай жатады. Бала тәрбиесіндегі, міне, сондай бір жүйеге түспеген «Мектеп алды топтарының әліппесін» құрастырудың жүйесін мынадай ғылыми негізге сүйене отырып жасақтауға болады.

   Қазақ тіліндегі дыбыстардың дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардан құрам табатындығын бәріміз де білеміз. Алайда олардың бір-бірімен үйлесу немесе үйлеспеу заңдылығын екінің бірі біле бермейді. Біз дәл осы қазақ тілінің дауысты дыбыстары мен дауыссыз дыбыстарының үйлесу заңдылығына негізделе отырып, «Қазақ тілінің дауысты дыбыстары мен дауыссыз дыбыстарының үйлесімділік кестесін» жасап отырмыз(суретте).

Бұл кестеде қазақ тілінің Н, Л, З, Р қатарлы дауыссыз дыбыстары дауысты дыбыстарымен 8 реттен, С, Ш, И, М қатарлы дауыссыз дыбыстары дауысты дыбыстарымен 7 реттен, П, Т, Ң қатарлы дауыссыз дыбыстары 6 реттен, Қ 4 рет, К 3 рет, Ж 2 рет, Ғ, Б, Д, Г қатарлы дауыссыз дыбыстар дауысты дыбыстарымен сол дыбыстардың оқылуы негізінде бір-бір реттен үйлеседі. Ал дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстарымен үйлесу рет тәртібін төменгі көрсеткіштерден көруге болады. Ы дауысты дыбысы дауыссыз дыбыстармен 15 рет, Е 12 рет, А, О, Ө қатарлы дауысты дыбыстар 12 реттен, І, Ә қатарлы дыбыстар 9 реттен, Ү 8 рет, Ұ 7 рет үйлеседі. Біз бұл арада «Қазақ тілінің дауысты дыбыстары мен дауыссыз дыбыстарының үйлесімділік кестесінен» қазақ тілінің дауысты дыбыстары мен дауыссыз дыбыстарының өзара бірігіп мағна тудырудағы белсенділігін байқап отырмыз. Сонда бұл жерден шығатын қорытынды - дауыссыз дыбыстардың ішіндегі ең белсенділері Н, Л, З, Р қатарлы дыбыстар болса, ең нараулары Ғ, Б, Д, Г қатарлы дауыссыз дыбыстар болып шығады. Ал дауысты дыбыстардың ең белсендісі Ы болса, ең нарауы Ұ болып табылады. Сөйтіп біз дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың үйлесімділік кестесіндегі олардың белсенділік ретіне қарай отырып «Мектеп алды дайындық тобының әліппесін» құрастырып шығуымызға болады. Бұл жөнінде оқу-әдістемелік жоба-пікірім дайын тұр. Бір қызығы, бұл оқу-әдістемелік жобаны басқа ұлттардың қазақ тілін алғашқы қадамда меңгеруі үшін де кәдеге жаратуға болады.

Мұнда ең алдымен дауысты дыбыстарды жоғарыдағы кестеде көрсетілген олардың дауыссыз дыбыстармен сәйкесу ретіне қарай оқытуымыз керек. Дауысты дыбыстарды оқыту барысында дайындық тобының оқушыларына дыбыстың не екендігін ұғындыру арқылы оларды оқуға және жазуға жаттығуға алғашқы қадамда дайындауға болады. Одан кейін барып кестедегі тік бағандағы дауыссыз дыбыстарды оқыту барысында дайындық тобының оқушыларына екі дыбыстан құралған түбір сөздерді қосып оқуды бірте-бірте жалғастыру керек. Бұнда әрбір әріпке 2 сағаттан сағат бөлетін болсақ, онда оқушы қазақ тілінің әліппесін 56 сағатта немесе бір немесе екі ай ішінде толық меңгере алады да, қарапайым сөздерді тез арада оқуына жол ашылады. Сөйтіп бұл оқу-әдістемелік құрал мектеп алды дайындық тобының оқушылары әліппені тез әрі жүйелі меңгеретін тиімді оқулық болып табылады. Бұл оқу-әдістемелік әліппе қазір менің қолымда әрбір әріпті төрт басқыш бойынша оқыту негізінде құрастырылып дайын тұр.

Біз бұл арада еліміз егенмендік алғалы 20 жылдан астам уақыт болса да «Қазақтың ұлтық әліпбиінің» әлі күнге дейін мүлде жоқ екендігін толық мойындауымыз керек. Біздің қазіргі қолданып жүрген «әліпбиіміз» орыс әліпбиінің дәл өзі. Өйткені біз қазіргі кезде бала бақша және бастауыш мектептерде қолданып отырған әліппе және ана тілі оқулықтарында орыстың Э, Я, Ю, Ë қатарлы дауысты дыбыстары мен B, Щ, И, Ч, Ц, Ф, Ь, Ъ қатарлы қазақ тілінің дыбыстарымен жұз қайнаса да сорпасы қосылмайтын дауыссыз дыбыстарын әліпбиімізге тықпалап кіргізіп, балалардың басын қатырып отырмыз. Сол арқылы ұрпақтарымыздың тілі шұбарланып, ділі дімкастанып, олар қазақтың қазақ текті жалпақ тілінде сөйлеу мәнерін ұмытып барады. Сондықтан біз 2025 жылы латын әліпбиіне көшеміз деген көлгірсуге көз сатып қарап отырмай, болашақта қай дыбыстық таңбаға көшсек те дәл қазіргі таңда қолданыста жүрген - ұлтық дыбыстық белгілерімізге тықпаланып кіргізілген орыс тілінің дыбыстарын қосқанда 42 әріп болатын «Дүбәра әліпбиді» қазақтың 28 дыбысты ұлттық әліпбиіне айналдыруға күш салуымыз керек. Сол арқылы қазақ тілінің емле - жазу ережесін тұрақтандырып алуымыз тиіс. Өйтпегенде «Ұлтық әліпбиі» жоқ дүниедегі бірден-бір егеменді ел болып келе жатқан тарихымыз күннен-күнге ұзара береді де, ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз жоғалып, басқа ұлтар мен елдер алдындағы беделіміз күн өткен сайын құлдырай береді. Біз «мәңгілік ел» боламыз дейді екенбіз, ең алдымен ана тіліміздің тұғырнамасы болатын «Мәңгілік ұлттық әліпбиімізді» жасап алуымызға тура келеді. «Ұлттық әліпбиіміз» дүниеге келмей тұрып тіл мәселесіне мүлде нүкте қоюға болмайды. Олай болмағанда «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» бағдарламасы бос сөзге айналып қалады. Қысқасы, біздің қазақ тілі мәселесіндегі талас-тартысымыз «Ұлттық әліпбиімізді» сәтті түрде қалыптастырмай тұрып бір сәтте дамыл таппақ емес. 

abai.kz

0 пікір