Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5000 0 пікір 31 Желтоқсан, 2013 сағат 14:48

Ядролық қырып-жою қатерінен азат болашақ тілейміз!

Кетіп бара жатқан 2013 жылдың соңғы сағаттарын санап отырғанда, АТОМ жобасының тобы атынан баршаңызға бейбітшілік, жетістік және, әрине, ядролық қырып-жою қатерінен азат болашақ тілегім келеді.

2013 жыл АТОМ жобасының дамуындағы маңызды жыл болды және біз ядролық қаруды сынау мен жалпы ядролық қарудың адамзат үшін туғызатын экзистенциалды қауіп туралы ғаламдық тану жолында айтарлықтай қадам жасадық деп сенеміз.

Жыл бойы АТОМ жобасы Норвегия, Италия, Ресей, АҚШ, Финляндия, Австрия, Жапония және Германия секілді елдерде өткен іс-шаралардың ұйымдастырушысы немесе қатысушысы ретінде болды. 2013 жылғы 29 тамыз күні, яғни, Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні 2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы халықаралық шараға бастама берген кезден бастап әлем жұртшылығы бірігіп, әлем бойынша 70 жылға жуық уақытқа созылған ядролық сынақтар құрбандарын еске алып бір минуттық үнсіздік өткізді.

2013 жылы АТОМ жобасы көптеген халықаралық ұйымдармен солардың ішінде әлем үшін жарқын және қауіпсіз болашақ құруда ортақ ұстанымдары бар БҰҰ, Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы Келісім Ұйымының Дайындық коммиссиясы, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, Парламентарийлер ядролық таратпау мен қарусыздану үшін Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық Кампания және басқа да осы секілді ұйымдармен жұмыс істеу құрметіне ие болды.

Сонымен қатар біз, АТОМ жобасының мақсаттарға жетуі үшін көмек көрсету мақсатында жұмыс істеген Қазақстандағы көптеген адамдарға алғысымызды білдіреміз. Ең алдымен Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне және Парламенттің екі палатасының да көптеген депуттарына, сондай-ақ осы ортақ бастамаға қолдау көрсеткен Қазақстанның елеулі азаматтарына ерекше ілтипатымызды жеткіземіз.

Осыған қоса, біз Қазақстанның шет елдердегі ондаған Елшіліктеріне және ядролық қарусыз әлем миссиясын алға тартуға және жалпы қарусыз әлем идеясына өзінің жеке бас жұмысындай қараған сенімді қызметкерлеріне шексіз рахмет айтамыз.

Және әрине, АТОМ жобасының Құрметті Елшісі Карипбек Куюковқа оның қайратты еңбегі мен оның бізді және көптеген әлемнің адамдарына ерекше ерік бергені үшін ерекше алғысымызды білдіреміз. Ол Қазақстандағы мыңдаған ядролық қару құрбандары мен ядролық қарудан азат қауіпсіз болашақ жақтастары үшін елеулі дауыс болды.

Бүгінде 100-ден астам елден 70 мыңға жуық адам АТОМ жобасының онлай-петициясына қол қойды. 7 миллиард адам тұратын әлемде 70 мың адам елеусіз сан, алайда АТОМ жобасын қолдайтын адамдар саны күннен-күнге артып келеді, яғни бұл дегеніміз әлемнің көптеген адамдары олардың дауыстары естілгенін қалайды.

Болашаққа көз жүгіртсек, мұндай болашаққа жол қысқа әрі жеңіл болмайды. Дегенмен, Қазақстанда және басқа да елдерде болған ядролық сынақтардың қайғылы тарихы мен сынақтардың көптеген құрбандарын еске ала отырып, біз өзіміздің адамзат үшін ядролық қарусыз әлем бола алатындығына ғана емес, сонымен қатар бұл тек бір ғана жол екендігіне сенімімізді арттырудамыз. Біздің балдарымыз бен немерелеріміз осындай болашаққа лайық.

Сонымен, өзіміздің оптимизмімізбен қуаттанып, ядролық қарудан азат әлем үшін бірігіп одан да үлкен күш пен сеніммен күресейік. Біз бірге күшпіз, бірге күштірекпіз және бірге біз жетістіктерге қол жеткізе алатынымызды есте сақтайық.

Роман Василенко, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі

0 пікір