Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5768 0 пікір 30 Желтоқсан, 2013 сағат 14:11

2013 ЖЫЛДЫҢ ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРЫ

Жылан – дәулет пен байлықтың символы. Бұл жылды атам қазақ кеңшілік пен молшылық, байлыққа кенелетін жыл деп қарсы алғаны белгілі. Иа, расында жылан жылға өкпеміз жоқ. Көл-көсір жетістік болмаса да Алаш жұрты аман-саулықта, береке-бірлікте шығарып салғалы отыр. Алайда өмірдің ақ пен қара сызығы қатар жүретіні тағы бар. Бұл бұлжымас өмір заңдылығы. Алаштың мерейі үшін жасырып-жапқанымызбен дүйім елді дүрліктіріп, күрсінтіп кеткен жағдайлар да болды. «Халық сөзі» жылдағы әдеті бойынша биылда газетіміздің жылжабар нөмірінде 2013 жылдың ең маңызды деген 13 оқиғасына шолу жасап отыр. 

 SCAТ әуекомпаниясының ұшағы құлады
Қаңтар айында Алматы маңында CRJ-200 ұшағы апатқа ұшырады. 29 қаңтар күні «SCAT» әуекомпаниясының Көкшетау-Алматы бағытындағы №760 әуеарейсі Алматы әуежайына 5 шақырым қалғанда жерге құлады. Ұшақ бортындағы 5 экипаж мүшесі мен 16 жолаушының барлығы қаза тапты. Канадалық мамандар ат салысқан тексерулер қорытындысы апаттың техникалық  ақаулардан болғанын көрсетіп берді.
Зейнет жасын көтеру туралы ұсыныс  қолдау тапты

Жылан – дәулет пен байлықтың символы. Бұл жылды атам қазақ кеңшілік пен молшылық, байлыққа кенелетін жыл деп қарсы алғаны белгілі. Иа, расында жылан жылға өкпеміз жоқ. Көл-көсір жетістік болмаса да Алаш жұрты аман-саулықта, береке-бірлікте шығарып салғалы отыр. Алайда өмірдің ақ пен қара сызығы қатар жүретіні тағы бар. Бұл бұлжымас өмір заңдылығы. Алаштың мерейі үшін жасырып-жапқанымызбен дүйім елді дүрліктіріп, күрсінтіп кеткен жағдайлар да болды. «Халық сөзі» жылдағы әдеті бойынша биылда газетіміздің жылжабар нөмірінде 2013 жылдың ең маңызды деген 13 оқиғасына шолу жасап отыр. 

 SCAТ әуекомпаниясының ұшағы құлады
Қаңтар айында Алматы маңында CRJ-200 ұшағы апатқа ұшырады. 29 қаңтар күні «SCAT» әуекомпаниясының Көкшетау-Алматы бағытындағы №760 әуеарейсі Алматы әуежайына 5 шақырым қалғанда жерге құлады. Ұшақ бортындағы 5 экипаж мүшесі мен 16 жолаушының барлығы қаза тапты. Канадалық мамандар ат салысқан тексерулер қорытындысы апаттың техникалық  ақаулардан болғанын көрсетіп берді.
Зейнет жасын көтеру туралы ұсыныс  қолдау тапты
Биыл да өткен жылдағыдай  зейнет жасы көтеріледі деген әңгіме елді біраз дүрліктіріп алды. Өткен жылдың 6 наурызында Ұлттық Банктің бұрынғы төрағасы Григорий Марченконың «әйелдер зейнеткерлікке 58 емес, 63 жасында шығады» деген таңғажайып жаңашылдығы қолдау тауып осы жылдың 23 мамырында Парламент Сенаты әйелдердің зейнетке шығу жасын 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 жыл бойына әр жыл сайын 6 айға көтеруді көздейтін  «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы мен ілеспе түзетулер топтамасын қабылдады. 7 маусымда халыққа жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын пысықтауға жіберді. Ол әйелдердің зейнетке шығар жасын кезең-кезеңмен 2014 жылдың 1 қаңтарынан емес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастауды ұсынды. Артынша 21 маусым күні Президент «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңына қол қойды.
 «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Протон» зымыраны құлады
2 шілде күні «Байқоңыр» ғарыш айлағында үш бірдей «ГЛОНАСС» спутнигі тиелген «Протон-М» тасығышы әуеге көтеріле бере кейін төмен қарай құлдилай құлап, жарылып кетті. Сапары санаулы ғана секундқа созылған зәрлі зымыранның құлаған жері үлкен өртке ұласып, оның зиянды түтіндері алыс-алыс өңірлерге (70 шақырым қашықтыққа) тарап үлгерген. Нәтижесінде Қызылорда облысының аумағына 600 тонна улы гептил төгілген. Апат ұшудың алғашқы минутында бірінші саты қозғалтқыштарының дұрыс істемеуі нәтижесінен болған. Адам шығыны болмағанымен айтарлықтай экологиялық зиян келді. Кейін қазақ Үкіметі Қызылорда облысына құлаған Протон зымыранынан келген шығын мөлшерін 14 млд. теңгеге бағалады.
Алматы базарларындағы алапат өрт сериялары
13 қыркүйекте Алматыдағы «Олжа», «Керемет», «Аян» және «Алатау» базарларының сауда-қоймалық бөлмесінде бірнеше ірі өрт болды. Қызыл жалын кезінде  жалпы аумағы 5,4 мың шаршы метрді құрайтын сауда нүктелері өртке оранды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысы Нұрлан Мадияровтың хабарлауынша, өрт кезінде 230-дан аса бутик отқа оранған. Бұл оқиғаны тексерген Төтенше жағдайлар министрлігі 25 қараша күні «базар әдейі өрт қою кесірінен өртенгенін»   мәлімдеді. Министрліктің дерегінше, «өртенген заттардың күліне сараптама жасалып, оларда тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтың болғаны анықталған. Осы оқиғадан соң қала әкімдігі күзден бері бірнеше рет өрт шыққан «барахолканың» бірнеше базарын бұзу туралы шешім шығарды. Бүгінде базар күреліп жатыр.
Ұлттық банк басшысының алмасуы
1 қазанда ойламаған  жерден Ұлттық Банктің төрағасы Григорий Марченко тағынан түсті. Жұрт арасында «мәңгілік» төраға атана бастаған мұздай Марченконың орнын жылы жүзді Қайрат Келімбетов келіп басты. Зейнет жасын көтеру туралы шулы мәселесінен кейін қадірі күрт түсе бастағанын сезген болу керек отставкаға кету туралы өтінішті өз қолымен жазыпты. Себебін «отбасылық жағдайыма байланысты» деп шолақ қайыра салған.
Салықты көбейту
Желтоқсан айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қол қойды. Біраз жұрттың қарсылығын тудырған бұл құжатта жеке тұлғалардың мүлігіне, көлік құралдарына және белгілі бір кезең арасында игерілмей жатқан жерлерге салықты арттыру бойынша нормалар, сондай-ақ алкоголь және темекі өнімдеріне акциз жарналарын біртіндеп көтеру қарастырылған. Сонымен қатар, 2013 жылдың 31 желтоқсанынан бастап ел аумағына әкелінген қозғалтқыш көлемі 3 мың текше см-ден көп жеңіл автокөліктердің салығын көтеру мәселесі тағы бар. Заң жобасына сәйкес, келесі жылдан бастап 4 -5 л дейін - 130 АЕК дейін, 5 л жоғары - 200 АЕК көлемінде салық төленеді.
Тәңірберген Бердоңғаровтың депутат болып сайлануы.
Бұл жаңалықты «жыл сюрпризі» деп атаса да болады. Өйткені, Мәжіліс төріне Бердоңғаров мырза қайтадан оралады деп ешкім ойламаған болатын. Осы жылдың қараша айында Тәңірберген қайтадан Парламент Мәжілісінің депутаты болып бекіді. Танирберген Маратович Бердонгаров Мәжілістің екі бірдей шақырылымында (III және IV шақырылым) депутат болғанымен халық арасында мысқалдай болса да сүйкім жинай алмаған саясаткер болатын. Жаққаны былай тұрсын, тәуелсіз елдің төрінде отырып республика жұртшылығын келмеске кеткен Кеңес өкіметінің әрі қазіргі Ресейдің «Отан қорғаушылар» күнімен құттықтаймын деп ұятқа қалған болатын. Депутаттың бұл қылығы әрине жауапсыз қалған жоқ. Қоғам арасында үлкен қарсылық туып, ұлт зиялылары Бердоңғаровтың мандатын қайтарып алу керек деп ұран тастаған болатын.  Өкінішке қарай Бердоңғаров бұл шудан сабақ алған жоқ. Келесі жылы да 23 ақпан күні сол қылығын қайталап, әріптестерін «Отан қорғаушылар» күнімен құттықтап, ізінше Мәжіліс залынан шығып жүре бергені бар. «Мен небәрі 28 жасымда депутат болғанымда «жас баланың қолынан не келеді?» деушілер де табылды. Бірақ, осындай пікір білдіретіндер, менің күндіз-түні еңбек ететіндігімді қайдан білсін?», – деп шіренгенді ұнататын ол сонау бір жылдары (2004 жылы) Жармахан Тұяқбай Мәжіліс¬тен өз еркімен кеткенде құдайы беріп бос тұрған орынтаққа топ ете қалып депутат атанған болатын.
Генерал-майор Талғат Есетовтің жұмбақ өлімі
Қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясының бастығы, генерал-майор Талғат Есетов жұмбақ жағдайда өзіне-өзі қол жұмсап қайтыс болды. Генерал-майор Талғат Есетовтың жансыз денесін әріптестері жұмыс орнынан тауып алады. Басында бұл оқиғаға «суицидке мәжбүрледі» деген баппен қылмыстық іс қозғалған еді. Бірақ тергеушілер «мәжбүрлегендерді» сол күйі таба алмады. Ақыры Бас әскери прокуратура ілік таппай, істі жауып тастады. Өз кабинетінде атылып өлген Талғат Есетовтің өлімі жайында да қоғамда түрлі қауесет тарағанымен, оның Шымкентте құлаған АН-72 ұшақ апатына зәредей де қатысы жоқ деген қорытынды шығарылды. Алайда кейбір БАҚ беттерінде «2010 жылдың қыркүйек айында генерал Есетов өзі басқаратын ведомство балансындағы Ан-72 ұшақтарының бірін жөндеуден өткізу туралы «Укрспецэкспорт» компаниясымен келісім-шартқа отырған. Ол келісім-шартта қарастырылған соманың 15 пайызын «откат» ретінде алатын болып келіскені» туралы ақпараттар жарияланды.
Жиһадқа кеткен қазақтар
Өтіп бара жатқан жылдың ең шулы оқиғасының бірі деп – YouTube әлеуметтік желісіне жарияланған «Сирияға жиһад жасауға барған 150 қазақ» туралы бейнематериалды айтуға болады. Кейін қолына қару алып, ажал сағатын тағатсыздана күтіп отырған қазақстандық «жиһадшылардың» ішінде кем дегенде 30 бала жүргені анықталады. Артынша олардың арасында оңтүстікқазақстандық сегіз жасар Дінмұхаммед пен алты жастағы Әбілқайыр және небары бес жастағы қыз бала (Алматыдан барған) бар екені белгілі болады. Кейiн Сирияның мүфтиi Ахмад Бадреддин Хассун барша баспасөздi шулатқан жиһадшылардың саны 150 емес 250 екенін мәлімдеді. Бүгінде жалған ілімнің жетегіне еріп елінен безген отандастарымызды қайтару мәселесі қарастырылып жатыр. Мамандардың бірі олар қоғамға қауіп төндіреді десе, екіншілері бауырларымызды өзегінен теппеуіміз керек деп отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге оралуы
Күтпеген жерден БҰҰ бас хатшысының орынбасары қызметiне тағайындалып, үлкен миссия арқалап Женеваға кеткен Қасым-Жомарт Тоқаев елге қайтып оралып, Мемлекет басшысының өкімімен Сенат төрағасы болып тағайындалды. Тағайындалғанына екі айдан астам уақыт өтсе де«Тоқаевтың оралуы» туралы төңірегіндегі әңгіме әлі басылмай тұр. Мұрагерлік жайлы әңгімені өршітіп жүргендер де бар. Дегенмен, кейбір саясаттанушылар бұл өзгерістің жоспарлы түрде жасалған дүние емес, аяқ астынан жасалған қадам екенін айтуда.
Атышулы «Рысқалиевтер ісі» сотқа жетті
2012 жылы қазан айында Мемлекеттің 71 млрд теңгесін қымқырды деп айыпталған Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарына қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жетті. Бүгінге дейін Атырау облысындағы Рысқалиевтің командасы жымқырған фактілер бойынша қылмыстық істерді тергеу барысында жедел тергеу тобы 100-ге жуық түрлі сараптама жүргізген, мыңнан астам адам сұралды, ондаған іздеу шаралары жасалып, 30 мыңнан астам құжат тәркіленіпті. Мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтыру мақсатында айыпкерлердің жалпы құны 39 млрд. теңге болатын 560 аталым бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды.
Рысқалиевтер ісі бойынша сот тыңдаулары желтоқсан айының басында басталды. Қазір бұл қылмыстық іс 500 томға жетіп жығылады, сот тыңдаулары басталған сәтте жиналған материалдар 800 томға жетеді деп күтілуде. Бұл істі кейбір сарапшылар Қазақстандағы ең ірі қылмыстардың бірі деп бағалап жатыр. Ал экс-әкім мен оның туған інісі, Мәжілістің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқали бар жалпы 11 адам қазір халықаралық іздеуде жүр.
Әбіләзовтің тұтқындалуы
Тамыз айында бірнеше жылдан бері шетелде бас сауғалап жүрген қашқын банкир Мұхтар  Әбіләзов Францияда қолға түсті. Оны  француздың арнайы жасағы елдің оңтүстігіндегі Грасс қалашығының маңында жүрген жерінен ұстады. Бүгінде Мұхтар Әбіләзовке Қазақстан, Ресей, Англия, Украина секілді бірнеше елде алаяқтық жасады және ірі көлемде ақша жымқырды деген айып тағылып отыр.  Ал Әбіләзовтің өзі  өзіне қарсы қозғалған істердің саяси астары бар деп мәлімде жасаумен келеді.

Бүркіт НҰРАСЫЛ
"Халық сөзі" газеті
0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553