Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4570 0 пікір 30 Желтоқсан, 2013 сағат 08:00

Мұртынан айырылып, сақалы ғана қалған айтыстан неге мән кетті?

22-желтоқсанда «Еларна» телеарнасында «Жырың болып, төгілемін» атты айтыс берілді.  Айтысты  тағы да «Жәдігер» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған болу керек.  Шама-шарқынша өз деңгейін көрсетті. «Құлманбет айтыс» деп аталатын айтыс түрін қайта  жаңғыртты. Бұл да болса жетістік.  Деседе «Нұр Отан» партиясы өткен жылғы жыл сайын ұйымдастыруға уәде еткен «Алтын домбыра» байқауын ұмытып кете жаздаған сыңайлы. Әйтеуір «Жәдігердің» арқасында  «Алтын домбыраны» да тапсырып үлгірді. Айтыс жоғары деңгейде өтті деуге ұяламын. Мүмкін ұялмайтындар да бар шығар. Қазылар алқасы өткен жылғы «Алтын домбыра» атты айтыстың «әділдігін» бір жылдан кейін түзеткендей әсер қалдырды. Қазақтың дүлділ ақыны Жандарбектің ескерткенін еледі ме, жоқ әлі де келісім солай болды ма, ол жағы белгісіз. Әйтеуір Жәкеңе бұйырды.  Тағы бір кәдік, Айбек Қалиев, Ринат Зайтов сынды дүлділдердің бұл айтысқа қатыспауы болып тұр. Себепсіз болмас: монополия, әділдік, деңгей,  мүдде дегендей себептер толып жатыр. Бәлкім адал өнерін айырбасқа салғысы келмегендер де бар шығар...

Соңғы үш-төрт жылдан бері айтыстың сапасы қатты түсіп кетті.  Көзқарақты тыңдарман ретінде өз ойымды бөлісуді жөн көрдім.

Қазіргі айтыстың ең басты ерекшелігі ретінде саясаткерлікті айту керек шығар. Ал ақындар 100 пайыз саясаткерлер екен.  «Өгізді өлтірмей, арбаны да сындырмайтын» айтыстың «даңғыл жолына» түсіп алған. «Нұр Отанға»-да жағатын, Президенттің де тілін табатын, қоғамдағы әділетсіздіктерді де айтып халықтың да көңілінен шығатын сыңай танытады. Бұны саясткерлік дейіміз бе, не дейміз? Әлде...

Сөздің, тілдің киесін түсіру – адамның салауатын да сапасын да бір жолата түсіреді. Ал оған ақылды адам бармайды. Пендешіліктің де шегі бар ғой. Кешегі айтыста қазақтың тілін «қатынның іш көйлегіне» теңеген ақынның, тілге басқа теңеу таппағандай қатындар көйлегін баламалап алған ақынның тірілігі есі бар адамның жүрегін ауыртты. Ал оған қарқылдап қол соғып отырғандар нені сезгенін, нені сезбегенін Құдай біледі. Әйтеуір жақсы ырым емес. Намысы бардың анасын есіне түсіретін сұмдық! «Семіздікті  қой көтереді» деген мақал осындай да айтылса керек.

Қазіргі айтыстың тағы бір ерекшелігі, сөз зерігерлік қасиеттері тоқыраған, саяси төкпе.   Көркемдік өресі  сол бұрыңғы деңгейде қалған. Таңдай қақтыратын тапқыр, сара сөздерді сөз патшалығынан емес,  бітінә саясаттан табады.  Оған дәлел келтіріп, уақыт созудың қажеті жоқ.

Біріншіден, айтыскерлер кітап оқымайды-ау. Қайдан оқысын,  әлеуметтік жағдай ушығып тұрған мына заманда «ауызды баққан би болады» дегеннің кебін киген. Азаматтарды жазғыра да алмаймыз. Десе де  Жандарбек, Дидар, Жақсылық, Мұхтар сынды жас қырандардың біреуінің де алға басуға талпынбауы өкінішті болып тұр. «Отбасы, ошақ қасындағы» жеңіл сөздерден гөрі, анау жырауларша толғап, қазақ табиғатының құмарың қанбас қамбасынан «үш ұйықтасаң түсіңе кірмес» ғаламат шумақтарды төгіп-төгіп жіберсе  ғой, шіркін!

Екіншіден, «кімнің нанын жесең, соның сөзін сөйлейсің». Міне, пенделік ғұмырдың бұрыннан келе жатқан ақиқаты. Сол пенделіктен шығу, шыға алмау нағыз батыр мен ақылдың  жүрегіне біткен серті.  Соңғы жылдары бір мықты «топтың» қаржыландыруымен қажыға барып, үлгірген жастардың санасы да, танымы да, пейілі мен пенделігі де бұрылып кеткен бе?   Ал, қазақта үлкейтіп айтсақ мұсылмандықта «өз әке-шешесінің  кезегінен кейін, егер әке-шешесінің денсаулығы (жағдайы) келмесе рұқсатымен қажыға барады. Қажыға баратын адамның туыс-туғандарының, көрші-қолаңдарының, ел мен жерінің жәйі жақсы,  тұрмыстары оңды болулары керек, оның үстіне адал еңбек, маңдай терімен келген қаржымен барады».  Ал біздің ақындар «орайшылдық» пен атқтың артынан салпақтап, әлдебір топтың қаржысын  басқа келген бақ санап, пенделік пен күпірліктің  ошағына түсіп кеткен жоқ па?  Тіпті сол ошаққа түсіп кетіп шыға алмай жүрген жоқ па? Ал біреулердің себепсіз қаржы шашып, қажыға апармайтыны белгілі. Ендеше кімдер ұтты? Ақындар ма? Әлгі топ па?

Үшіншіден, жаттандылық.  Міне, бұл алдын ала бір-бірінің өлер жерлерін іздеп,  өлең жаттап, келісіп,  көрісіп,  дайындалатын ақындарға қаратылып отыр. Халық арасындағы аңыз пен телеарналардағы жаңалықтарды жинап-теріп, өлеңге айландырып қайталап береді.  Бұл сүрдек оларды ілгерлетудің орнына артқа қарай сүйреп бара жатыр. «Загатовка»  алмасқыш, дайындағыш ақынның бұғанасы қалай қатаймақ?!

Төртіншіден, ең өкініштісі, сөз киесін өз деңгейінде сезіне алмау мен түсінбеу.  Бұл от тілімен қоғамдағы келеңсіздіктерді орып түсудің орнына  саяст пен пайда, қулық пен құлдық төгілетін ақындардың кебіні. Қайран қазақтың ниеті мен пейіліне берген дүние танымы мен салты, ырым-жырымы мен жөн-жосығы ақындар тілінен сүттей ағарып көріну керек қой. Әйтпесе есі бар ақын киелі қазақ тілін «қатынның іш көйлегіне» теңей ме?

Бесіншіден, әлеуметтік жағдайдың кемшілдігі – ақынның пенделігіне сын.  Тұрмыс қиындығы мен мына ит өмір кімді басынбайды дейсіз. Жұмыссыздық пен бай-батшалар мен атағы жер жарған шенеуніктердің  қабағына қарап өскен баладан не күтеміз?

Алтыншыдан, дін мен ділдегі түсінік – адамдық пен Аллаға жақын болу керек. Ол әсте біреулердің мүддесі үшін құрбандыққа шалынбайды. Құдайға шүкір, «Қажы» ақындарымыз да, қазы ақындарымыз да намазхан. Оны мақтан етіп жүргендері де  жоқ емес.  Десе де жұрт сөзіне сенек, кейбіреулері діни  психологиялық тоқырауға ұшырап қалған ба деп қорқамыз.  Бұл әлдебір діни топтардың саясатының жемісі емес пе? «Ниет» пен «Амалды» алжастыру арқылы қазақтың, мұсылманның берекесін қашыруды мақсат тұтқан жойттардың ақын сынды киесі мен иесі бар топты «жүгендеуі»  ұлттың трагедиясы ғой. Осы арқылы өз саясаттарын жүргізуге талпынатыны  шындық. Солай болып жатқан жоқ па?

Мен ақындарды жамандап, шерімді шығарйын деп отырғам жоқ.  Құмарым қанып жыр ести алмай,  тебініп шығып  тепеңдеген аға-інілеріме, әпке-қарындастарыма базынамды айтып отырмын. Қасиетті кие біткен сөзді ұстайтындардың азайғанына налып отырмын. Осым өтірік болса, Алла кінәмді кеше гөрсін!

Алтай Бұқарбаев

Abai.kz

0 пікір