Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3984 0 пікір 30 Желтоқсан, 2013 сағат 07:37

Үндеу: Алаш және желтоқсан - халықаралық талаптарға сай ғылыми және саяси баға берілуі қажет

«Тарихи сабақтастық: Алаш және Желтоқсан» деген тақырыпта өткен дөңгелек үстелге қатысушылардың жұртшылыққа, мемлекеттік биліктің жоғары және аймақтық органдарына, ғылыми мекемелерге

ҮНДЕУІ

Алаш және Желтоқсан қазақ халқының алдыңғы қатарлы бөлігінің ұлттық бостандық, Қазақстанның саяси және мемлекеттік тәуелсіздігі, қазақ жерінің тұтастығы, қазақ тілі мен мәдениетінің сақталуы, отаршылдық саясатқа қарсы күресінің жоғарғы формасы болып табылды.

ХХ ғасырдағы қазақ халқының басына түскен ауыр күндерде Алаш пен Желтоқсан ғана уақыт сынына қарсы тұрып, Қазақстанның өз заманының алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарының негізінде халықтың саяси және мемлекеттік даму жоспарын (жолын) белгілеп, мақсатына жете алатынын таныта алды.

Олар іс жүзінде қазақ халқына сын сағат туғанда, Отаны мен ұлтының ары мен намысын өз өмірлерін құрбан ете отырып, туған елінің мүддесі мен құқықтары үшін күресе алатынын барша жұртқа танытты. Бүгінгі ұрпақ оларға осы үшін де қарыздар. Сол ерлердің ұрпақтары, оларға ең болмағанда халықаралық талаптар мен стандарттарға сай объективті ғылыми және саяси баға беруі қажет. Халықаралық қауымдастықтың бұл фактілердің маңызын тануы, Қазақстанның беделін арттырары сөзсіз.

Алаш пен Желтоқсан қазақ халқының, Қазақстанның еркіндігі мен мемлекеттік тәуелсіздігіне қол жеткізудегі, ұлттық-демократиялық мемлекет пен қоғам құрудағы баршаға ортақ арманын жүзеге асырып, жаңа қоғамдық сана қалыптастыруға ықпал етті. Азаматтық пен ар-намыстың, ұлтжандылық пен ерліктің үлгісі бола білді. Алаш пен Желтоқсан Қаһармандарының ерлігі қазақ халқының санасынан ешқашан өшпейді. Ел тарихында мәңгілік қалып, келер ұрпаққа өнеге болады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жұртшылыққа, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдарға, ғылыми мекемелер мен оқу орындарына, Президентке, Парламент пен маслихаттардың депутаттарына, Үкіметке, министрліктер мен ведомстваларға, барлық деңгейдегі әкімдерге, ҚР Білім және ғылым министрлігіне, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне үндеу тастайды:

1. 2014 жылы «Қазақ халқының тарихындағы Алаш және Желтоқсан» (Тарихи сабақтастық: «Алаш және Желтоқсан») тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны жан-жақты дайындап, өткізуге;

2. ҚР Білім және ғылым министрі А.Б. Саринжиповке, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.А. Құл-Мұхаммедке, Ұлттық ғылым академиясының Президенті М.Н. Жұрыновқа басқарып отырған ведомстваларына барлық ұйымдастыру мәселелері мен ғылыми еңбектерді дайындауды, белгілі отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшыларды шақыруды өз жауапкершіліктеріне алуға;

3. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға, партия филиалдары мен үкіметтік емес ұйымдарға Алаш және Желтоқсанға қатысушыларының тізімін анықтап, оларды қамқорлықтарына алуды, жас ұрпақты ұлжандылыққа тәрбиелеуге белсенді түрде тартуға үндейді.

Үндеуге қол қоюшылар:

Мәмбет Қойгелді тарих ғ.д, профессор, Сабыр Қасымов ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты, Рахметов Құрманғазы «Нағыз желтоқсан» Қоғамдық қорының президенті, Досай Кенжетай Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы, Дос Нұр-Ахмет халықаралық Түркі академиясының 1-вице-президенті, академик, Қашқымбаев Амангелді Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, Фазылбек Әбсаттарұлы, Ержан Ұзақ «Нағыз желтоқсан» Қоғамдық қорының мүшесі, ҚР «Құрметті құрылысшысы», Хасен Қожахмет Желтоқсан ардагері, қоғам қайраткері, Байменова Гүлжамал «Нағыз желтоқсан» Қоғамдық қорының мүшесі, Сәдуақасова Гүлден «Нағыз желтоқсан» Қоғамдық қорының құрылтайшысы, Жақыпов Жанатбек «Нағыз желтоқсан» Қоғамдық қорының  мүшесі, «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ Астана филиалының төрағасы, Аманжол Тұрарбеков Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, Уәлихан Қайсаров «Кенесарыхан» РҚБ төрағасы, Табыл Құлыяс жазушы, Айтмырза Құрманғазы жеке кәсіпкер, желтоқсан ардагері, Ермеков Тоқтар «Нағыз желтоқсан» Қоғамдық қорының құрылтайшысы, Қайранбеков Бауыржан «Нағыз желтоқсан» Қоғамдық қорының  мүшесі, экономика ғылымдарының кандидаты, Рысмамбетов Ебейсін «Нағыз желтоқсан» Қоғамдық қорының  мүшесі, заңгер, Наукенов Амангелді «Нағыз желтоқсан» Қоғамдық қорының мүшесі, Жұмаш Кенебай Журналист, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері, «Таным.тв» порталының бас редакторы, Шарахымбай Болат Ақын, журналист, Төлепбергенов Болат «Нағыз желтоқсан» Қоғамдық қорының  мүшесі, жазушы, Сағынаев Асқар «Нағыз желтоқсан» Қоғамдық қорының құрылтайшысы, Қарашолақов Жанбота «Абырой» жастар қозғалысының белсендісі, Шамшет Ұлан «Айқап» ҚҚ төрағасы, Ақберен Елгезек ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, Өтеміс Талғат «Нағыз желтоқсан» Қоғамдық қорының  мүшесі, заңгер, Шахарбекұлы Бауыржан «Ұлт бірлігі» ҚҚ төрағасы, Тоқтыбакиев Мұрат Қазақстан Халықтары Ассамблеясының мүшесі, Макенов Еділ «Антигептил» тобының мүшесі, Қожагелдиев Базарбай «Қазақ радиосы» қызметкері, Мадияров Берік Адам құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымының қызметкері, Әуез Жалел Желтоқсан ардагері, Абдрахманов Абай Желтоқсан ардагері, Әбдірашит Бәкірұлы публицист, философ, Халенов Ахметқали «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының Қарағанды филиалы төрағасы, Әбдіғали Берік саясаттанушы, Уатқан Марат экономист-публицист, Жетіруов Жаңабек Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ режиссері, Төлеген Ерден желтоқсан ардагері, А.Ғ.Ибраева Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы, Серікбай Омарқас «Еңбек» ЖШС директоры, Шымшықов Жангелді ҚР ҒК Экономика институтының Астана қаласы бойынша филиалының директоры, э.ғ.д., Балтабек Серік «Нағыз желтоқсан» Қоғамдық қорының мүшесі, Сырғабаев Асқар «Еуразия дисконт» бірлестігінің төрағасы, Каманов Рафқат «Антигептил» тобының мүшесі, Қамария Қасилан желтоқсан ардагері, Бейсенбаева Жұлдызай «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ төраға орынбасары, Байғазин Мейрам журналист, Бегимов Жеңіс ұлт жанашыры, Жақсылық Жексенбаев «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ төрағасы, Халелхан Әділханов желтоқсан ардагері, Сейтқали Ерғазы «Заман-Қазақстан» халықаралық газетінің тілшісі, журналист, т.б.

Астана қаласы, 13 желтоқсан 2013 жыл

Abai.kz

0 пікір