Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3967 0 пікір 27 Желтоқсан, 2013 сағат 08:08

Делягин не дейді, Ресей не істейді? (Басы)

Ресейлік танымал экономист ғалым Михаил Делягиннің «Основы внешней политики России – Матрица внешней политики России» атты ғылыми мақаласын оқыған көзі ашық адамның бей-жай қалмасы анық. Өйткені, бұл материалдағы автордың ой-тұжырымдары еріксіз ойға салады. Мәтіндік нұсқасы «Наш современник» атты ресейлік журналда жарияланған екен. Мақала негізінен Ресейдің сыртқы саяси басымдықтарын айқындауға арналған. Өзінің жасаған геосаяси талдауының қорытындысын М. Делягин төмендегідей матрицалық таблица түрінде көрсетіп, оқырманға көрнекілікпен түсіндіруге тырысыпты:

2-нші суреттегі кестені қараңыз!

 

Толығырақ қарасаңыз: http://www.cprf.info/news/articles/inter/45536.html

Ресейлік танымал экономист ғалым Михаил Делягиннің «Основы внешней политики России – Матрица внешней политики России» атты ғылыми мақаласын оқыған көзі ашық адамның бей-жай қалмасы анық. Өйткені, бұл материалдағы автордың ой-тұжырымдары еріксіз ойға салады. Мәтіндік нұсқасы «Наш современник» атты ресейлік журналда жарияланған екен. Мақала негізінен Ресейдің сыртқы саяси басымдықтарын айқындауға арналған. Өзінің жасаған геосаяси талдауының қорытындысын М. Делягин төмендегідей матрицалық таблица түрінде көрсетіп, оқырманға көрнекілікпен түсіндіруге тырысыпты:

2-нші суреттегі кестені қараңыз!

 

Толығырақ қарасаңыз: http://www.cprf.info/news/articles/inter/45536.html

М. Делягиннің білгір ғалым екені жалпы танылған, оның жасаған мына матрицалық таблицасын түсіндіру үшін көп сөздің қажеті жоқ. Көзге ұрып тұрғаны - посткеңестік кеңістікке қатысты Ресейдің сыртқы саясаты үшін басым бағыт - леп белгімен таңбаланған экономикалық экспансия (басып алу) екендігі.  Осы жерде, мәселеге тереңдемей тұрып, М. Делягин деген автордың кім екеніне тоқтала кеткеніміз жөн. Әйтпесе, оқырманның көкейінде: - «Ресейлік сыртқы саясаттың бағытын айқындайтындай Делягин деген кім сонша?» - деген сұрақтың туындары сөзсіз. Делягиннің беделі күмәнсіз, ол қарапайым ғалым ғана емес, ресейлік билікке ақыл-кеңес беруші, «аузы дуалы», саяси салмағы бар қайраткерлердің бірі. Ресейдің бұрынғы Президенті Б.Ельциннен бастап, түрлі уақыттарда С.Игнатьев, А.Куликов, Б.Немцов, Ю.Маслюков, Н.Аксененко, Е.Примаков, М.Касьянов сияқты премьер-министрлер мен вице-премьерлердің кеңесшілері болған. Ресей Федерациясының ІІ-сыныпты мемлекеттік кеңесшісі деген ресми атағы бар. РФ Президенті Б. Ельциннен жеке алғыс алған. Өзі ғалым: экономика ғылымдарының докторы, МГИМО-ның зерттеуші-профессоры, Цзилинь университетінің (Қытай) құрметті профессоры, РАЕН Академигі, В.В.Леонтьевтің «Экономикадағы жетістіктері үшін» медалінің иегері. Ресейден тыс, ТМД, АҚШ, Германия, Франция, Финляндия, Қытай, Индия сияқты әлемнің түпкір-түпкірінде жарық көрген мыңнан астам ғылыми мақаланың, он үш ірі монографияның авторы. «Геополитика» Халықаралық аналитикалық журналының сарапшысы әрі тұрақты авторы. 1998 жылы Глобализация проблемаларының институтын құрған (ИПРОГ). Қазір осы институттың директоры. Жас болса да нағыз ғалым, дана саясаткер. Толығырақ танысқыңыз келсе: http://delyagin.ru/biography/

Енді, сол М. Делягин жоғарыда аталған ғылыми мақаласында посткеңестік елдер туралы, оның ішінде Қазақстанға қатысты не дегеніне тоқталайық. Посткеңестік елдер жайлы: «...Ни одно из постсоветских государств (единственным и не бесспорным исключением является сама Россия) не продемонстрировало способности к самостоятельному развитию и даже существованию. Их деградация очевидна. За исключением Прибалтики, поддерживаемой и контролируемой Евросоюзом, постсоветское пространство генерирует хаос, захлестывающий Россию. Россия вынуждена ликвидировать этот хаос, для чего необходимо обеспечить развитие постсоветского пространства, приносящее прибыль России и ее бизнесу (так как на простое кормление соответствующих стран не хватит никаких ресурсов; за это не смог взяться даже Запад). Для обеспечения развития постсоветского пространства Россия должна контролировать его» - дейді. Бұл тұжырымнан тәуелсіз елміз деп, 22 жылдан астам уақыт еркіндікке елітіп жүрген егемен елдерді Делягиннің көзіне де ілмей, терезесі тең елдерге мүлдем теңемей тұрғанын байқаймыз. Ресейсіз олардың күндері қараң болмақ...

Қазақстан туралы болса: «...Стратегической целью является воссоединение в рамках единого государства России, Белоруссии и Казахстана, а затем и Украины (за исключением, вероятно, Западной) как стран, экономики которых образуют единый комплекс, не способный к нормальному функционированию в разделенном состоянии. Весьма существенным является и невозможность создания полноценной границы России с этими странами, в то время как внешние границы Белоруссии и Украины в основном унаследованы от СССР, а граница Казахстана с остальными государствами Средней Азии частью обустроена, частью носит естественный характер и потому поддается обустройству относительно легко» - деп тайға таңба басқандай жазған. Тіптен: воссоединение в рамках единого государства деп астын сызып тұрып жазған (біз мәтін үзіндісінің үтір-нүктесіне тиіспей, қаз-қалпында, авторлық нұсқада беріп отырмыз) . Одан ары қарай М. Делягин өзінің ойын: «...Объединенное государство может расширяться за счет присоединения к нему других государств, если это экономически целесообразно, однако изложенная конфигурация является минимально целесообразной... В стратегическом плане необходимо рассматривать не только русских, но и все население постсоветского пространства, обладающее русской или близкими к ней культурами, как разделенный народ (подобно разделенным немецкому и корейскому народам), объединение которого неизбежно и является стратегической целью российского государства... Принципиальной задачей России является сохранение своего доминирования в Средней Азии и особенно в Казахстане. Систематическое вытеснение ее китайским влиянием, осуществляемое в том числе через Шанхайскую организацию сотрудничества, должно быть остановлено и повернуто вспять» - деп өрбіте түседі. Делягиннің айтқандарына қарасақ, Ресеймен одақтасу «қасқырға қой бақтырғанмен» тең нәрсе сияқты көрінеді. Ресейдің сыртқы саясаты үшін Орта Азия елдерін, оның ішінде Қазақстанды уысынан шығармау басты ұстаным деуі де алаңдатады. Бұл ой-тұжырымдарды М. Делягин Кеден одағы идеядан әлі шынайы фактіге айналмаған кезде айтып отыр. 1990 жылдардан бері ресейлік билікке ақыл айтумен келе жатқан мемлекеттік кеңесшінің пікірі жерде қалмасы анық, оны орыстар дер кезінде қаперіне алып, тиісті саяси шешімдер қабылдап, сыртқы саясат саласындағы іс-әрекеттерінде басшылыққа алары да сөзсіз. Міне, мәселе қайда жатыр.

Сонымен қатар, М. Делягин Ресейдің сыртқы саясатының 6 принципін атап көрсетеді: внешняя политика должна максимизировать выгоды для всего российского общества в целом; разумный эгоизм; конструктивный реваншизм; балансирование интересов; добрососедство; разнообразие. Ресей бұл принциптерді қандай одақтың немесе халықаралық ұйымның мүшесі болса да үнемі басшылыққа алуы тиіс. Ресей үшін саналы эгоизмге негізделетін ұлттық мүдде қымбат, сырты жылтырап тұрғанымен, іштей ойлайтыны бөлек, түптеп келгенде ол өзінің дегенін істейді.

Енді, Делягин айтқан «посткеңестік кеңістіктегі Ресейдің сыртқы саяси басымдығы - экономикалық экспансия жасау» деген тұжырымы қалай жүзеге асып жатқанына қарай ойысайық. Өзге ТМД елдерінен бұрын, ең алдымен Қазақстан мүше болып табылатын Кедендік одақ ауқымындағы экономикалық хал-ахуалға тоқталайық. Алдымен былтырғы көрсеткішке тоқталсақ, Кедендік одақтың ішіндегі өзара сауда көлемінде Ресей Федерациясының үлесі -  65,2 %,  Белорусь Республикасы – 23 %, Қазақстан Республикасы - 11,8 % болған екен. Бұл деректен анық көріп отырғанымыздай, өзара сауда-сатттықтағы Белорустардың үлесі қазақтардан екі есе көп болса, орыстардың үлесі Белорустармен қазақтардың үлесін қоса алғаннан екі есе көп...

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ресми мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылы Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара саудасының көлемі 1,5 миллиардқа жуық АҚШ долларын құраған: экспортымыз 487 миллион доллар (2011 жылмен салыстырғанда 4,5 % аз), импорт – 988 миллион АҚШ доллары  (24,1 % көп). Экспорт пен импорттың айырмашылығы 2 есе. Кеден одағы елдеріне шығатын қазақстандық экспорттың құрамында негізінен минералды өнімдер көп (экспорттың 43,4 %), металдар мен металл өнімдері (31,8 %), сонымен қатар, химялық өнеркәсіп өнімдері (12,0 %)[1]. Қысқасы, негізінен шикізат өнімдері екен.

Қазақстанның Ресейден импортында негізінен минералды отындар (жалпы импорттың 26,9 %), машиналар мен құрал-жабдықтар (15 %), қара металл және оның өнімдері (12,3 %). Ал, Белорусь Республикасының статистикалық органдары жариялаған мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанның экспорты мен импортының арасында үлкен алшақтық байқалады. Біз Белорусияға экспортқа шығарғаннан гөрі, ол елден анағұрлым көп импорттайды екенбіз. Белорусия Қазақстанға 635,3 млн $ экспорт шығарса, бізден 92,3 млн $ импорттаған. Айырмашылық 7 еседей.  Белорустардың Ресейге  экспорты 11 859,4 млн $ болса, орыстардан импорттағаны - 21 409,1 млн $. Айырмашылық 2 еседей.

Енді, 2013 жылдың 4-ші тоқсанындағы кедендік статистика бойынша, жыл басынан бері өзара экспорт-импорттың көлемін қарастырайық. Ресейдің экспорты (АҚШ доларымен): Қазақстанға 11 127 280,9 мың, Белоруссияға 15 252 733,6. Қазақстанның экспорты (АҚШ доларымен): Ресейге 4 072 504,6 мың, Белоруссияға 56 870,5 мың. Белоруссияның экспорты (АҚШ доларымен): Ресейге 11 097 942,4 мың, Қазақстанға 544 959,1 мың. Кеден Одағында өзара саудада озып тұрған Ресей Федерациясы болып табылады, статистикаға сүйенсек, оның үлесі – 62,2 %, Белорусия – 26,6 %, Қазақстандікі – 11,2 %. Алдыңғы жылмен салыстырсақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы экспорт-импорттың ара-салмағы үш есеге, Қазақстан мен Белоруссия арасындағы экспорт-импорттың айырмашылығы он есеге жуықтаған. Яғни, солтүстік көршіміз үшін бұл одақ тиімді. Кеден Одағына кірсек, арзан тауарларға қарық боламыз деген үмітіміз ақталған жоқ. Керісінше, қымбатшылық күн өткен сайын қалтаны қағып, алқымнан қысып барады. Оның зардаптары қандай болып жатқанын көріп жүрміз, түптеп келгенде, бұдан мемлекет те, жеке азаматтар да зиян шегуде. Кедендік одақ ауқымында автомобильдерді экспорттау саласында да Ресейдің айдарынан жел есіп тұр.  Қазақстандағы ең көп сатылатын ресейлік автомобильдер, Кедендік одаққа кіргелі бері қазақстандық автосалондардың сату рейтингінде орыс автотехникасы бірінші орынды бермей келеді. Тек бір ғана «Лада» автокөлігінің қазақстандық автонарықтағы сатылу үлесі былтыр 51,7 % жетсе, биыл 40  % тақау болып отыр. Бұған енді ГАЗ, УАЗ, КамАЗ сияқты таза ресейлік маркалар мен орыс жерінде құрастырылатын шетелдік маркаларды қоссақ, Қазақстандағы сатылатын ресейлік автоөнеркәсіп өнімдерінің біздің ішкі нарығымызда алатын үлесі 50 % көп деген сөз. Басқаша айтсақ, Қазақстанда сатылатын әрбір екінші жаңа автомобиль ресейлік болып отыр. Бұл экономикалық экспансия емей немене? Путиннің «утилизация» жасау туралы заңы бұрын кеден одығынан тыс жерде жасалған көліктерге ғана қолданылса,  енді, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап, кеден одағында жасалған автокөліктердің бағасына да қосымша құн қосылады. Заңда бұл «дополнительная плата за утилизацию «отходов, образовавшихся в результате утраты легковыми пассажирскими автомобилями, грузовыми автомобилями и автобусами своих потребительских свойств»» деп көрсетілген. Енді ресей нарығында қазақстанда жинақталған автолардың бағасы өзге шет елдердегідей болып қымбаттайды. Кәсіпкерлердің ұлттық пала­та­сының Экономикалық интеграция­лар департаменті директорының орынбасары Владимир Пак отандық кәсіпкерлер үшін Ресей рыногында әлі де кедергілердің кездесетіндігін айтады. «Кедендік Одақ аясында өз өнімдерімізді экспорттауға кедергілер көбейіп кетті. Мәселен, соңғы жылдары Ресейге шығарылып жатқан автокөліктерді алсақ болады. Осы мәселеге байланысты біз көршілерімізден тиімді жауап ала алмай келеміз», – дейді Владимир Пак. Оның айтуынша, бұл ең алдымен отандық шағын және орта бизнеске кері әсерін тигізеді. «Мәселен, қосымша құн салығы деген бар. Егер Ресейде әлдебір бөлшек жасап шығарып, оны қазақстандық кәсіпкерлер өз өндірісінде шығарса, қосымша құн салығы 20 пайызға дейін артады. Бұл Қазақстандағы шағын және орта бизнесті тұншықтыратын фактор. Егер шағын және орта бизнесті аяғынан тұрғызып алмасақ, басқасының бәрі бекер», – дейді ол. Елімізде кәсіптің маңайында жүрген азаматтар бұл мәселені шешу үшін Кедендік одақтың салық заңнамасына өзгеріс енгізу қажет деген тоқтамға келуде. Соңғы кезде кәсіпкерлер еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікке байланыс­ты басқосулар жиі өткізуде. Осы жөнінде отандық баспасөзде де пікірін ашық білдіріп жүр. 

Негізінде, Кедендік одақ құрудағы басты мақсат – оған мүше елдердің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды ашық, мөлдір және ешбір кідіріс-кедергісіз дамыту болатын. Бірақ, іс жүзінде бұл игі мақсатқа жету оңай болмай тұр. Бұл туралы қазақстандық кәсіпкерлер Кедендік одақ жұмыс істей бастаған сәттен-ақ зарлап келеді. Тіпті, Минскіде өткен басқосуда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев бұл одақтың қызметін сынға алғаны белгілі. Әсіресе, жүк тасымалы, тауар экспорты, кедендік рәсімдеу салаларында кедергілер әлі күнге дейін көп екен. Мысалы, Қазақстанда өндірілетін алкоголь өнімдері Ресей мен Белорусь нарығына кіре алмай отыр. Ал, бұл мемлекеттерде өндірілген арақ-шарап еліміздің дүкендерінде толып тұр. Қазақстан Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғұсман Әміриннің мәлімдеуінше, 2013 жылы ресейлік және Белорустық алкоголь өнімдерінің біздің елімізге импорты 22 % артқан, сөйте тұра, қазақстандық спиртті ішімдіктердің Кеден Одағына экспортталуы 16,5 % кеміген екен.

Қазақстандық ет-сүт өнімдерінің Кеден Одағы аймағына  экспортталуы да мәз емес. Минскіде өткен Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңесте Елбасы Н. Назарбаев осылай деп сын айтып, мұндай кедергілердің Ресей тарапынан болғанын жасырған жоқ: «Қазақстанның ет өнімдері әдейі өткізілмейтін жағдайда тұр. Өйткені Ресейде оларға Қазақстан Республикасының санитарлық сертификаттарында жоқ нормаларды қолданып келеді. Ал Белорусь елі жаңа техникалық регламенттің енгізілуіне байланысты азық-түлік тауарларын Ресей нарығына тиісті көлемде алып шыға алмай отыр. Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі техникалық регламентті кеңейту бизнес ортаны жақсартқысы келетін Қазақстанның саясатына қайшы келуде». Яғни, Ресейдің мүддесіне орайластырылған жасанды бюрократиялық кедергілер Кеден одағының кеңірдегінен қысып, өзге мүше мемлекеттер үшін тиімділігін төмендетуде. Экономист мамандардың жалпытанылған пікіріне сүйенсек, Кедендік одақтың бірегей Кеден кодексі әзірленгенде Ресейдің мысы басып, ресейлік Кедендік кодекстің қағидалары мен талаптары негізге алынып кеткен. Осыдан келіп, Кедендік одақта Ресейдің мүддесі басым тұратын сыңаржақ жағдай қалыптасты. Бұрынғы фритрейдерлік бағыттағы Қазақстанның дербес Кедендік кодексі  аясында кедендік алым-салық айтарлықтай төмен болса, Кедендік одақтың біртұтас кодексі алым-салықтардың деңгейін айтарлықтай көтеріп жіберді. Өйткені, оның негізінде Ресейдің протекционистік сипаттағы бұрынғы Кедендік кодексі тұр. Кеден одағының аумағында жүк тасымалдаудың қиын екенін логистикалық тасымалмен айналысушылар да әуел бастан айтып келеді. Жүк тасымалымен айналысушылар кедендік рәсімдеуде әкімшілік қағазбастылық көбейіп кетуінен шекараларды кесіп өтудің қиындағанын, кедендік бюрократиядан көп уақыт жоғалтып отырғандарын айтып наразылық білдіруде. Мұның барлығы тасымалдау шығындарын арттырып, тауарлардың бұзылуына ықпал етуде, түптеп келгенде, тасымалданатын тауардың бағасы шарықтап қымбаттауда.

Ресей тарабы қазақстандық атом өнеркәсібіне айтарлықтай ықпал етіп отырғанын көптеген сарапшылар ашық айтуда. Қазтаг агетттігі кезінде АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесіне сүйене отырып, мынадай хабарлама таратқаны бар: «Арест бывшего главы АО «Казатомпром» Мухтара Джакишева связан с расширением влияния в Казахстане российской госкорпорации «Росатом» и главного разведывательного управления генштаба Вооруженных сил России (ГРУ), сообщается в дипломатической депеше посольства США от 22 декабря 2009 года, имеющейся в распоряжении КазТАГ. «Дело Мухтара Джакишева, бывшего главы АО «Казатомпром» направляется в суд на фоне роста слухов и причинах его ареста. На видео допросов, опубликованном на портале Youtube, 4 ноября (2009 года – КазТАГ), М. Джакишев утверждает, что его арест связан со стратегией России ограничить независимость Казахстана в производстве ядерного топлива», - говорится в депеше американского посольства в госдеп США. Согласно документу, ряд независимых казахстанских и российских аналитиков считают, что «видеозаписи могли сыграть роль в отставке главы казахстанского КНБ 8 декабря».Новый глава АО «Казатомпром» Владимир Школьник объявил об амбициозных планах продолжить трансформацию АО «Казатомпром» в производителя полного цикла. Однако собеседники из Германии и Канады отметили потерю автономии Казатомпрома с тех пор, как убрали М. Джакишева. Они также не исключают, что Россия сыграла роль в этой многогранной драме. http://kaztag.kz/?q=ru/content/61985

Тенгринюс жазғандай, 2012 жылдане бастап «Қазатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясының табысы 40 %  азайған. http://tengrinews.kz/money/ekspertyi-prokommentirovali-padenie-pribyili-kazatomproma-239633/ Ал ресейлік атомдық сайт nuclear.ru мәліметі бойынша, биыл «Қазатом» табысы бес есеге азайған http://www.nuclear.ru/rus/press/news_company/2132387/

Банк саласында да қызу күрес жүруде. Ресейдің Сбербанкі Қазақстандағы үлесін арттыруға барынша күш салуда. Қазір ол Қазақстандағы ең ірі жеті банктің бірі. Сбербанк басшысы Герман Греф тіптен, мемлекеттік компанияларға қызмет көрсетуге ресейлік банктерді жібермей отыр деп Қазақстанның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын айыптағаны да есімізде (http://izvestia.ru/news/543763#ixzz2oAX9bGL4). Сбербанктің артында Ресейдің мүддесі тұр. Сбербанктен басқа Альфабанк, ВТБ сияқты ірі ресейлік банктер де қазақстандық қаржы нарығында айтарлықтай үлеске ие.

Темір жол саласында да ресейліктер демпингтік саясат жүргізуге тырысуда. Ресейлік

РБК daily сайты жазғандай, «Казахстан темир жолы» («Казахстанские железные дороги») за подписью вице-президента компании Ермека Кизатова обратились в министерство транспорта и коммуникаций Казахстана с просьбой предотвратить «агрессивную демпинговую политику российских компаний» и создать преференции местным операторам. Национальная компания «Казахстан темир жолы» обратилась в министерство транспорта и коммуникаций с просьбой «предпринять меры поддержки казахстанских операторов от экспансии иностранных владельцев подвижного состава». Более того, компания «Казахстан темир жолы» хочет запретить грузовладельцам сотрудничать со всеми компаниями, за исключением своей структурной компании  «Казтранссервис». Письмо с подобными претензиями и предложениями было адресовано и премьер-министру Казахстана Серику Ахметову Казахстанской ассоциацией перевозчиков операторов вагонов (КазАПО). Ассоциация предлагает предпринять антидемпинговые меры, а также разработать систему льгот и преференций, стимулирующих использование казахстанского парка (частные собственники владеют более 50 тыс. вагонами). Қазақстанның темір жолшылары да жәйден-жай дабыл қағып отырмаған болар.Толығырақ қарасаңыз: http://www.zakon.kz/4536571-kazakhstan-zapreshhaet-gruzovladelcam.html

Сейілбек Мұсатаев,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Саясаттану кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының докторы

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір