Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4233 0 пікір 25 Желтоқсан, 2013 сағат 04:57

Бейсенбай Дәулетұлы. Шырша тойының шапағаты

1-сурет. Рустам Садықов Елбасыға өз сыйлығын тапсыруда. Атырау, 1997 жыл.

2-сурет. «Қазақмыс Проджектс Би.Ви.» компаниясының аудармашысы Рустам Садықов. Алматы, 2013 жыл.

 

«Алғаның» алғыр баласы»

Ол 1996 жылдың күзінде екі бауырымен бірге Ақтөбедегі «Алға»балалар үйіне келді. Өз отбасында емін-еркін ойнақтап өскен Рустамға мұндағы орта алғашында оғаш көрінгені бар. Қабақтары қатулы тәрбиешілер мен жанаса қалсаң жағаласа кететін балаларға бастапқыда тосырқай қарағанымен, уақыт өте үйреніскендей болды. Дегенмен көңілін сәл кірбің басса, отбасына деген сағынышы лезде оянып, тамағына өксік тығылатын. Аты-жөнін білгені болмаса, әкесін өмірінде көрмегендіктен, бар үміті анасы Фәнияда еді. Алайда «еңсесін қайта тіктесе, бізді алып кетеді ғой» деп сеніп жүрген анасы кенеттен қайтыс болып, ағасы Дильшат пен інісі Фархад үшеуі балалар үйінде қала берді.

1-сурет. Рустам Садықов Елбасыға өз сыйлығын тапсыруда. Атырау, 1997 жыл.

2-сурет. «Қазақмыс Проджектс Би.Ви.» компаниясының аудармашысы Рустам Садықов. Алматы, 2013 жыл.

 

«Алғаның» алғыр баласы»

Ол 1996 жылдың күзінде екі бауырымен бірге Ақтөбедегі «Алға»балалар үйіне келді. Өз отбасында емін-еркін ойнақтап өскен Рустамға мұндағы орта алғашында оғаш көрінгені бар. Қабақтары қатулы тәрбиешілер мен жанаса қалсаң жағаласа кететін балаларға бастапқыда тосырқай қарағанымен, уақыт өте үйреніскендей болды. Дегенмен көңілін сәл кірбің басса, отбасына деген сағынышы лезде оянып, тамағына өксік тығылатын. Аты-жөнін білгені болмаса, әкесін өмірінде көрмегендіктен, бар үміті анасы Фәнияда еді. Алайда «еңсесін қайта тіктесе, бізді алып кетеді ғой» деп сеніп жүрген анасы кенеттен қайтыс болып, ағасы Дильшат пен інісі Фархад үшеуі балалар үйінде қала берді.

Бастапқыда сабаққа зауқы болмаған Рустам еңсесін езген қайғы мен ой тұңғиығынан арылудың жолын ақыры оқудан іздеді. Күнделікті тапсырмаларды мұқият орындап, бас алмай кітап оқуға көшті. Нәтижесінде оқу үлгерімі түзеліп, озаттар қатарына қосылды. Күнделікті тіршілік он жасар баланың жүрегіндегі жараны жаза бастады. Ал бір күні тәрбиеші жеткізген жаңалық жан-дүниесін дүр сілкіндірді.

Жыл сайын балалар үйінің оқуы озат, тәрбиесі үлгілі бірнеше жеткіншегін Президенттің жаңа жылдық шырша тойына қатыстыратын дәстүр қалыптасқан еді. Іргедегі Атырау қаласында ұйымдастырылатын кезекті шырша тойына баратын бала іздегенде тәрбиешілер бірауыздан 5-сыныптың оқушысы Рустам Садықовқа тоқтайды. Қаншама оқушы армандайтын сәттің Рустамға бұйырғанына балалардың қызығып та, қызғанып та қарағаны бірден байқалды. Өзіне артылған сенім мен жауапкершілікті түсінген жеткіншек осы жолы қалайда Нұрсұлтан атасына жеке жолығуды жоспарлап, іштей тас-түйін дайындықта жүрді.

 

Сол бір сәт

1997 жылғы30 желтоқсан. Атырау қаласындағы «Атырау» денешынықтыру-сауықтыру кешенінде Президенттік шырша мерекесіне жиналған оқушылар  ең қадірлі қонақты қарсы алуға дайындалып жатыр.

– Ғимараттың дәл ортасында бұрын-соңды көрмеген алып шырша қойылыпты, – дейді өміріндегі ең бір керемет сәтін көз алдына қайта келтірген  Рустам Садықов. –Қуаныштан бал-бұл жанған оқушылар  шыршаны айнала қоршап тұрған сәтте  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кіріп келді. Барлығымыз керемет қуанып, алақайлай шапалақ ұрдық. Ән-жыр басталған кезде Президент басқа тұстағы балалардың қолынан ұстап, өзі де оларға қосылып, шыршаны айналды. Бір уақытта қарасам, Нұрсұлтан Әбішұлы бізден әжептеуір алыста, дәл шыршаның қасында жүр екен. Енді қимылдамасам кеш қалатынымды сездім де,күзетшілердің жанынан бұғып өте бердім. Оққағарлар кеш байқап, ұстауға тұра ұмтылғанда мен ол кісінің жанында едім. Ентелей келген еңгезердей жігіттерді Елбасы тоқтатты да, ептілігіме күліп, қолымды алды. Толқынысымды лезде басып, Жаңа жылдық тілегімді арнап, облыс балалары атынан құттықтадым. Ең бастысы, қаншама уақыттан бері арнайы дайындап апарған граниттен жасалған сыйлығымды ұсындым. Сыйымды ризашылықпен қабыл алған Президент аты-жөнімді сұрап, қайдан келгенімді білді. Екі иығымнан ұстап тұрып, «ауырма» деп денсаулық тіледі, алғыспен бірге жанымды жылытқан ғажап сөздер айтты. Жақсы оқып, бәрінен үздік атану керектігін жеткізді. Сол шақта қатты қобалжып, терлеп кеттім. Сыртқа шыққан соң мені тілшілер айнала қоршап алып, әсерімді сұрап жатыр. Қатты толқудан не сөйлегенім есімде қалмапты. Кейін осы кездесудің тамаша естелік кітабын да көрдім. «Казахстан, устремленный в будущее» атты арнайы кітаптың бір бетінде Елбасының, екінші бетінде менің суретім басылыпты. Төбесіне «Мужскойразговор» деп жазылған жазуды оқып, шаттанғанымды көрсеңіз!

 

Қазақ тіліне құрмет

Баланың батылдығына барлығы таңғалды. Әсіресе балалар үйіне оралғанда әңгімені естіп үлгергентәрбиешілер ұжымы мен құрбы-құрдастары Рустамды батырды құрметтегендей әсермен күтіп алғанын айтсаңызшы. Президентпен бір сәттік кездесу мен тілдесу өзін қандай биікке көтеріп тастағанын ол енді ұқты.Сөйтті де, дәл сол күннен бастап іштей уәде етіп, Нұрсұлтан атасы айтқандай «барлық салада үздік атануға» белсене кірісті. Задында адам баласы алдына үлкен мақсат белгілеп, бүкіл болмысымен биікке ұмтылса, бағындырары анық ғой. Бұған мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Оған біздің кейіпкеріміздің тағдыры даусыз дәлел бола алады.

Жаңа жылдық шырша тойынан кейін Рустам бойындағы жүрексінуді жеңіп, бірден вокал үйірмесіне барды. Оңаша өзімен-өзі қалғанда ыңылдап ән салатын оның даусын тыңдаған музыкант апайлар сөзге келместен топқа қабылдады. Мұнымен де тоқтамаған ол би тобына жазылды. Шағын денелі, шапшаң қимылдайтын шәкірт бұған да епті екен. Бірде жарасымды костюмін киіп, мектеп вальсінде шыр көбелек айналса, келесіде қара көзілдірік тағып, ықшам киіммен рэптің әуеніне ойнақтап шығатын. Баскетбол командасына да жазылып, спортпен де тұрақты айналыса бастады. Әрине, ол бірінші орынға білімді қойды. Орыс сыныбында оқитын өзбек баласы қазақ тілін меңгеруге барынша күш салды. Соның нәтижесінде 6-сыныптан мектеп бітіргенге дейін аудандық олимпиададабес жыл бойына 1-орынды ешкімге берген жоқ. Облыстық білім сайысында да бақ сынап, қатарынан екі жыл 3-орынды иеленді. Өнер адамның өрісін кеңейтеді ғой. Облыстық деңгейдегі бірнеше байқауда топ жарған Рустам әншілік қырымен де танылды. Ал 2001 жылы Ақтөбе облыстық оқушылар сарайының директоры Нүрия Әнуарқызының жолбастауымен бір топ өнерлі құрбы-құрдастарымен бірге Санкт-Петербургтегі «Поколение-ХХI» байқауына қатысып, дипломант атанды.

Біздің кейіпкеріміз қарым-қабілетін ұштап, талантын толықтыра түссе, өнерде өз биігін табатындығы сөзсіз еді. Бірақ ол есейе келе өзіне Елбасыныңбірнеше жыл бұрын айтқан бір ауыз сөзін есіне алып, жарқын өмірге бастайтын жалғыз жолбілім деп түйді.

 

Қиындықтан құтқарған стипендия

Рустам панасыз қалған кезде жып-жылы алтын ұясына айналған «Алға» балалар үйімен қоштасып, 2004 жылы қаладағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне оқуға түсті. Алайда таңдаған шетел тілдері мамандығы ақылы болғандықтан, төлемақыға келгенде тығырыққа тірелді. Ректорға өтініш айтқанымен, оның да қолында тұрған ештеңе жоқ. Осылай дағдарған сәтте тағы да айы оңынан туды. Үздіктердің арасында үлестірілген Президенттің стипендиясына санаулы саңлақтармен бірге ол да ілігіп кетті! Оған қоса, «Қазақойл» компаниясы Елбасы жиіайтатын әлеуметтік жауапкершілік мақсатында асыраушысынан айырылған студенттер қатарында Рустамның даоқу ақысын төлеп берді.

Осыдан кейін Рустам оқуға барын салды. Тіптен 2007 жылы «Халық банкінен» пайызсыз несие алып, тіл ұстарту мақсатында АҚШ-қа да барып қайтты. Әне-міне дегенше университетті де тәмамдап, Көңілді тапқырлар клубындағы орыс-қазақ достарымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты...

Алғашында Ақтөбедегі жекеменшік мекемелерде әртүрлі кәсіппен шұғылданып көрді. Бірақ тапқан табыс пәтер жалдау мен күнделікті қажетіне әрең жеткен соң барлығын жинастырды да, 2010 жылы Алматыға тартып кетті. Үлкен қалада лайықты кәсіп іздеп жүріп, «Теңізшевройл» компаниясына резюмесін жолдады. Арада көп уақыт өтпестен әңгімелесуге шақырылған жас жігіт үш тілде еркін көсіліп, бірден қабылданды.

Үш жылдан бері Алматыда тұратын Рустам бүгінде алды-артын бағамдап үлгерген салиқалы азаматқа, білікті маманға айналған. Өмірден де, өндірістен де тәжірибе жинақтағаны көрініп тұр.

 

Өрге жүзген өрен

– Қазіргі кезде «Қазақмыс Проджектс Би.Ви.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде техникалық аудармашы қызметіне ауысқанмын. Қызметтік баспалдақпен өсуді армандаймын. Жақында компания аға аудармашы қызметіне кадр іріктеуді бастады. Мен де құжаттарымды ұсындым, бәлкім бағым жанып қалар, – деген оның болашақтағы мақсаты айқын екені де байқалады. – Әзірге механика бөлімінде еңбек етемін. Жұмысшылар мен шетел мамандары арасында дәнекермін. Шетелдік мамандардың айтқанын, көрсеткенін өзіміздің адамдарға нағыз өндіріс тілімен ұғынықты етіп аударып беремін. Өндіріс орнында жүрген соң бәрін қолмен ұстап көруге болады. Бұл үлкен тәжірибе ғой. Қазір екінші техникалық мамандыққа оқуды ойластырып жүрмін. Көздегенім – Мәскеу технологиялық институтының инженерлік мамандығы. Себебі, бұрынғыдай емес,жылдан жылға шетелдік мамандар азайып, олардың орнын өзіміздің азаматтар басып жатыр. Президентіміздің талап етуінің арқасында әрі оқытып-үйретудің күшімен жергілікті ұлттық кадрлардың үлесі артып келеді. Компаниялар да осы бағыттағы жұмысты күшейтті. Сондықтан, екі мамандыққа ие болсам, жұмыс оңай табылады. Оның үстіне бір орында тұрып қалғым келмейді. Біздің кейбір замандастарымыз, балалар үйінде бірге тәрбиеленген құрдастарым үйленіп, шағын пәтерге қол жеткізген соң  қазір тыныш қана өмір сүріп жатыр. Меніңше, алға қарай ұмтылып, әрі қарай жылжу керек қой.

 

Бір ауыз сөздің бағасы

Орда бұзар отызға бет алған алғыр жігіт бұл күнде ел Президентін өзінің қиналғанда демейтін қорғаушы періштесі секілді көретінін айтады. Алдымен жаңа жылдық шырша тойында Елбасымен кездесу анасынан айырылған жас жеткіншектің өмірге деген құлшынысын оятты. Ал ақылы оқуға түсіп, ақшасын қайдан табам деп қиналғанда Президенттің стипендиясына ілінді, артынша ұлттық компанияның қамқорлығына алынды. Соның бәрін еске түсірген ол кейінірек Елбасыға ризалығын білдіріп хат та жазған. Баяғы Жаңа жылдық шыршаға тоқталып, «Мен есіңізде бармын ба?» деп сұрауды да ұмытпапты. Бірақ хат жетпеді ме, әйтеуір жауап келмепті.

Рустам  келешекте үйленіп, өз алдына отау тігуді армандайды. Ақтөбедегі колледжде білім алған ағасы Дильшатқұрылыс саласында еңбек етеді. Жасөспірімдер үйіне орналасқанінісі Фархат та сол жақтағы жергілікті университетте оқиды әрі саудамен айналысады.

Жалпы, адам ғұмырында бүкіл болашағыңды шешетін тағдырлы қадам дейтін түсінік бар ғой. Сол тағдырлы қадамды қателеспей тура сәтінде басқан жанның жұлдызы жоғарыдан жарқырай жанса керек. Қиналғанда арқа сүйер әкесі, ақыл айтар анасы болмағандықтан тығырыққа тірелген тұста Рустам  сол жүздесуде Елбасы айтқан бір ауыз сөзге жүгінеді. Жүгінеді де,өмірлік бойтұмарына айналған баталы сөзден жігерленіп,  өмірдің ағысына қайтадан қасқайып қарсы жүзіп келеді.

Abai.kz

0 пікір