Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3555 0 пікір 25 Қараша, 2013 сағат 12:29

Облыстық байқау: Мемлекеттік тілдің мерейі қашан да үстем

  1. «Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі бəрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай. Осы күнгі түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ» деген екен қазақтың арда азаматы, асылзада ақын Мағжан Жұмабаев. Осындай һəм көрікті, һəм сұлу халқымыздың жұмақ тілінен айырылып қаламыз ба деген қорқыныш та жоқ емес жүрегімізде. Өмірде жиі қолданылатын орыс, ағылшын тілінің жалпы қоры екі миллион болса, тілдік қордың басында тұратын араб тілінің тілдік қоры 8 миллион екен. Ал қазақ тілінің тілдік қоры 10 миллион!

Тілді жас ұрпақ бойына жастайынан дарыту дегеніңіз де сол тілде тəрбие беріп, білім беріп, ұлттық құндылықтарымызды сіңіру емес пе?! Сондықтан да қоғамымызда құрылып, өмір сүріп келе жатқан тіл комитеті, тіл басқармалары, «Ана тілі» қоғамдық қорларының ең басты міндеттері осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру болып табылады.

  1. «Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі бəрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай. Осы күнгі түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ» деген екен қазақтың арда азаматы, асылзада ақын Мағжан Жұмабаев. Осындай һəм көрікті, һəм сұлу халқымыздың жұмақ тілінен айырылып қаламыз ба деген қорқыныш та жоқ емес жүрегімізде. Өмірде жиі қолданылатын орыс, ағылшын тілінің жалпы қоры екі миллион болса, тілдік қордың басында тұратын араб тілінің тілдік қоры 8 миллион екен. Ал қазақ тілінің тілдік қоры 10 миллион!

Тілді жас ұрпақ бойына жастайынан дарыту дегеніңіз де сол тілде тəрбие беріп, білім беріп, ұлттық құндылықтарымызды сіңіру емес пе?! Сондықтан да қоғамымызда құрылып, өмір сүріп келе жатқан тіл комитеті, тіл басқармалары, «Ана тілі» қоғамдық қорларының ең басты міндеттері осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру болып табылады.

Ақтау қалалық «Қазақ тілі» қоғамы осылардың бірі. Өзі құрылған уақыттан бері мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мəдениетін көтеру, ұлттық дəстүр, əдет-ғұрыптардың жаңа заманға сай озық үлгілерін насихаттауды жүйелі қолға алып келе жатыр. Əр жылдары түрлі сайыстар мен мəдени шараларын, 2010-2012 жылдары Əбіш Кекілбаев шығармаларынан көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын жəне жазушы еңбектерінен шығарма жазу сайыстарын өткізсе, биыл мемлекеттік тапсырыспен бөлінген 2 миллион жарым теңгенің, 1 миллион 400 мың теңгесіне «Салт-дəстүр жəне қазақ тілін оқыту» атты оқу-əдістемелік құралын 2000 дана етіп шығарып, ол білім мекемелері мен оқу орындары, мектептерге таратылды. Қыркүйек-қазан айларында қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен жастарға отансүйгіштік, патриоттық тəрбие беру мақсатында жаудан жасқанбаған батыр, семсер тілді ақын Махамбет Өтемісұлының ерлік істері мен шығармашылығына арналған, халық батыры Шотан Назарұлының ерлік істеріне арналған, «Қазақтың əдет-ғұрыптары мен дəстүрлері туралы» жəне аудармашылар конкурсын ұйымдастырды.

Өткен сенбі күні Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының үлкен залында Ақтау қалалық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің осы конкурста оза шауып, жүлде алған же- ңімпаздарын марапаттау рəсімі өтті.

Рəсімді Ақтау қаласының əкімі Еділ Жаңбыршин ашып, ана тіліміздің мерейін асқақтатып, рухын көтеретін шығармашылар байқауының жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтап, туған ел, туған жерге деген патриоттық сезімдерінің биіктей берулеріне тілектестігін білдірді.

Ақтау қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, Қазақстан Жазушылар жəне Журналистер одағының мүшесі Бектұр Төлеуғалиев «Бұл байқау өте тартысты болды. Өткен жылы 150 шығарма түскен болатын еді, биыл 120-дан астам болды. Одан он жазбаша шығарма тақырыпқа сай болмағандықтан шығарылып тасталды. Қалған 90 шығармадан тек 27-сі ғана сараптаудан өтіп, өз бағаларын алды. Қатысушылардың ішінде оқушы да, студент те, мұғалім де, мұнайшы да, қызметкер де бар. Ол конкурсқа түскен шығармаларды филология ғылымдарының кандидаты ҚМТжИУ-нің қазақ тілі мен əдебиеті кафедрасының меңгерушісі Əділет Қабылов басқарған кілең ғалымдардан тұратын əділқазылар алқасы қарап, əділ бағасын берді. Бізді жас қауымның шығарма жазуға ынталылығы, шеберліктері қуантты»,- деді.

Сонымен: жастарға отансүйгіштік, патриоттық тəрбие беру мақсатында жаудан жасқанбаған батыр, от ауызды ақын Махамбет Өтемісұлының ерлік істерінен шығарма жазудан Бас жүлдені – Түпқараған ауданы, М.Əбдіхалықов атындағы орта мектебінің мұғалімі Тілектес Көшербаева, 1-орынды Шахта орта мектебінің 10-сынып оқушысы Еділбек Дүйсенов, 2-орынды Маңғыстау ауданы, С.Нұрниязұлы атындағы орта мектеп мұғалімі Алма Телемгенова, 3-орынды Жаңаөзен қаласы №10 орта мектеп мұғалімі Шолпан Сеңгірбаева жеңіп алды.Ал ынталандыру сыйлықтары Гауһар Теңізбаева (Қарақия), Анар Төлеуова (Түпқараған), Дина Берекетоваға (Мұнайлы) берілді.

Жоңғар-қазақ, қазақ-жоңғар соғыстарында бастан-аяқ қатысып, талай шайқастарда жүрек жұтқан ерлік көрсетіліп, қазақ жерін қалмақтардан тазартқан батырлардың бірі, бірі емес бірегейі, халық батыры Шотан Назарұлының ерлік істері бойынша жазылған шығармалардың конкурстық жарысында: Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенті Гүлмайса Шаңбаева – Бас жүлде, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектептің мұғалімі Қамажай Атшыбаева 1-орын, Бейнеу ауданы, Атамекен орта мектебінің мұғалімі Сəуле Ахметова 2-орын, Маңғыстау ауданы, С.Нұрниязұлы атындағы мектептің мұғалімі Назокат Тұрдықұлова 3-орынды иеленсе, Інжу Жетекбаева, Айнұр Қылышбаева, Айгүл Айтан ынталандыру сыйлықтарын алды.

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, тіл мəдениетін көтеру жолында салт-дəстүріміздің озық үлгілерін жастар тəрбиесінде пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында қазақтың əдет-ғұрыптары мен дəстүрлері туралы шығарма жазудан: Бас жүлдені Ақтау қаласы №10 орта мектеп мұғалімі Нұргүл Хасанова, 1-орынды Тұмар Базарбаева (Маңғыстау ауданы), 2-орынды Маржан Əбдірайымова (Мұнайлы), 3-орынды студент Əсел Шоғиева иеленді. Ынталандыру сыйлықтарымен Айдана Бақытжанова, Гүлайым Алдоңғарова, Лиза Бермағанбетова марапатталды.

Аудармашылар байқауының ережесіне сəйкес Сəнімхан Жаңабергенова Бас жүлдеге ие болса, 1-орын Гүлсара Байжан, 2-орын Гүлфарида Қортабаева, 3-орын Бұрыш Өтесіноваға тапсырылды. Ынталандыру сыйлықтарына ҚМТжИУ студенттері Жұлдыз Серікқызы, Ботакөз Амандықова ие болды.

Жеңімпаздардың барлығына Ақтау қалалық «Қазақ тілі» қоғамының Алғыс хаты, Мақтау грамотасы мен бағалы сыйлықтар теледидар, ноутбук, ұялы телефон, іс машинасы, планшеттер сыйға тартылды.

0 пікір