Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4159 0 пікір 25 Қараша, 2013 сағат 12:24

Маңғыстау облысы шағын және орта бизнес бойынша алдыңғы орында

Сәрсенбі күні Ақтау қаласындағы «Caspian Riviera» қонақүйінің конференция залында Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің қатысуымен Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің бірінші мәжілісі болып өтті. Мәжіліс жұмысына Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, облыс әкімінің орынбасарлары Шолпан Илмұханбетова, Рақымбек Әміржанов, Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин, облыстық басқармалар мен кәсіпкерлік бірлестіктерінің басшылары, облысымыздың іскер қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

Іскер қауым өкілдерінің бас қосуында Қазақстанда қолайлы бизнес ахуалды қалыптастыру, Ұлттық кəсіпкерлер палатасының алдына қойылған міндеттерді ескере отырып, Маңғыстау облысында, сонымен бірге жалпы Қазақстанда кəсіпкерлікті дамытудың келешегіне қатысты мəселелер талқыланды.

Мəжіліс жұмысын Ұлттық кəсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кіріспе сөз сөйлеп ашып, Маңғыстау кəсіпкерлерінің өңірлік палатасы облыс іскер қауым өкілдерінің мүдделерін білдіретіндігі мен қорғайтындығын айтып, оның бизнесті дамытуға ықпал ететіндігін атап өтті.

Сәрсенбі күні Ақтау қаласындағы «Caspian Riviera» қонақүйінің конференция залында Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің қатысуымен Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің бірінші мәжілісі болып өтті. Мәжіліс жұмысына Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, облыс әкімінің орынбасарлары Шолпан Илмұханбетова, Рақымбек Әміржанов, Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин, облыстық басқармалар мен кәсіпкерлік бірлестіктерінің басшылары, облысымыздың іскер қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

Іскер қауым өкілдерінің бас қосуында Қазақстанда қолайлы бизнес ахуалды қалыптастыру, Ұлттық кəсіпкерлер палатасының алдына қойылған міндеттерді ескере отырып, Маңғыстау облысында, сонымен бірге жалпы Қазақстанда кəсіпкерлікті дамытудың келешегіне қатысты мəселелер талқыланды.

Мəжіліс жұмысын Ұлттық кəсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кіріспе сөз сөйлеп ашып, Маңғыстау кəсіпкерлерінің өңірлік палатасы облыс іскер қауым өкілдерінің мүдделерін білдіретіндігі мен қорғайтындығын айтып, оның бизнесті дамытуға ықпал ететіндігін атап өтті.

Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстан Үкіметі мен «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы Ұлттық кəсіпкерлер палатасын құру туралы шешім қабылдады. Ұлттық палатаның негізгі қызметтері кəсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жəне оларға өкілдік ету, кəсіпкерлік белсенділігінің, өңірлердегі кəсіпкерлік қызмет жағдайларының қоғамдық мониторингісін жүргізу, кəсіпкерлікті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламала-
рына қатысу, отандық өндірісті қолдау жəне ұйымдардың сатып алуларында жергілікті мазмұндағы үлесті арттыру, техникалық жəне кəсіби білім беруді дамыту, кадрларды дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру, сертификаттау жəне аттестаттау, кəсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру, инвестицияларды тарту жəне экономиканы əртараптандыру болып табылады.

Өткен қазан айының 24-күні Маңғыстау облысының кəсіпкерлер палатасы заңды түрде тіркелді, 20 қарашада Маңғыстау облысы кəсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің құрамы бекітілді, оған облыс орталығы, 5 аудан жəне 1 облыстық маңыздағы қала кəсіпкерлерінің өкілдігін білдіретін 20 іскер қауым өкілі енді.

Іскер қауым өкілдерінің жиынында облыс əкімі А.Айдарбаев сөз сөйлеп, кəсіпкерлердің алдында тұрған міндеттерге тоқталды.

– 2005 жылы «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы құрылды, «Атамекен» өзінің өмір сүрген кезеңінде өзін еліміздегі ең қуатты қоғамдық кəсіпкерлер бірлестігі ретінде таныта білді, оның басты міндеті біздің халқымыздың сенімін толықтай ақтау, қазақстандық бизнесті халықаралық бəсекеге қабілетті аренаға ықпал етудің басты факторларының біріне айналдыру болды,-деді Алик Серікұлы.- Депутаттық корпустың, бизнес-ассоциациялардың тегеурінді қолдауының арқасында сіздермен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы туралы» тиісті заң қабылдау жөнінде үлкен жұмыс жүргізілді. 

Бүгін бізде кездесудің жаңа форматтағы түрі өткізілуде, Маңғыстау облысының өңірлік палатасы құрылуда, ол біздің облысымыздың шағын жəне орта бизнесін дамытуда мемлекеттік саясатты іске асырудың қуатты құралы болуға тиіс. Бүгінгі күні кəсіпкерлікті дамыту «Қазақстан – 2050» стратегиясы міндеттерінің сүзгісінен өтуге тиіс, ол қазіргі уақытта біздің еліміз үшін дамудың таяу 40 жылға арналған айқындамасына айналуда.

Қайтадан құрылған Маңғыстау облысының кəсіпкерлер палатасы толыққанды күшті аппаратқа ие болып отыр, ол шамамен 50 адамнан тұрады жəне біздің облысымыз кəсіпкерлерінің алдында тұрған мейлінше күрделі міндеттерді шешуге қабілетті.

Бұл жерде мен біздің облыстық əкімдікте ұйымдастыру құрылымында кейбір өзгерістер жүргізгенімізді атап өткім келеді. Біз кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасын екі дербес басқармаға бөлдік – бұл кəсіпкерлік жəне сауда басқармасы мен индустриялық-инновациялық даму басқармасы. Біз жаңадан құрылған екі құрылым өзара тығыз байланыс жасап, алға қойылған міндеттерді бірлесе жəне ынтымақтаса шешеді деп сенеміз. Сондай-ақ біз бизнесімізді дұрыс арнаға бағыттап, алдымызға батыл міндеттер қойып, бағалы өнім өндіруде əлеуеті бар жоғары технологиялы жобалар жасауымыз қажет.

Бүгінде Маңғыстау облысы шағын жəне орта бизнесті дамытудың көптеген көрсеткіштері бойынша республикамызда лайықты орынға ие болып отыр, барлық бұл жетістіктер сіздердің еңбегіңіздің, Маңғыстауды дамыту мен гүлдендіруге қосқан үлестеріңіздің жемісі. Кездесуде Маңғыстау облысы кəсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Ж.Доспаев жаңа құрылымның алдында тұрған міндеттермен таныстырды.

– Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта Маңғыстау облысының кəсіпкерлер палатасын жоғары деңгейдегі Ұлттық палатаның бірінші кезектегі міндеттерін іске асыруға қабілетті білікті кадрлармен толықтыру жүріп жатыр. Бұл, бəрінен бұрын, кəсіпкерлік қауымдастықты топтастыру, кəсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттің экономикалық саясатын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар жасау үшін кəсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру, кəсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық жəне əлеуметтік жағдайлар жасауға жəрдемдесу, кəсіпкерлік қызметті іске асыру мəселелерін реттейтін заңнамаларды жетілдіру процесіне қатысу. Осы белгіленген міндеттердің шеңберінде кəсіпкерлер үшін əкімшілік кедергілерді азайту, іскерлік инвестициялық жағдай қалыптастыру, үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға көмектесу сияқты қосымша міндеттер тұр.

Өңірлік кəсіпкерлер палатасы – бұл сирек кездесетін қоғамдық құрылым. Ол, бірінші жағынан, бизнестің барлық жігінің-шағын, орта жəне ірі кəсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін көздейді.
Екінші жағынан, бұл өнеркəсіп пен ішкі жəне сыртқы сауда, ауыл шаруашылығы, қаржы жүйесі, қызметтер салаларын қамтиды.

Аймақтық кəсіпкерлер палатасы кəсіпкерліктің аса бай отандық дəстүрлері мен əлемдік тəжірибесіне сүйене отырып, өңірлік экономиканы дамытуға көмектеседі. Сондай-ақ шетелдік əріптестермен іскерлік байланыстар орнатуда біздің кəсіпкерлерге нақтылай көмек көрсету палатаның басым бағыты болып табылады.

Өңірлік кəсіпкерлер палатасы аймақтық кəсіпкерліктің бүкіл саласын-шағын бизнес өкілдерінен бастап ірі компанияларға, өнеркəсіптік жəне қаржылық топтарға дейін біріктіруге ниетті. Облысымыздың 16 мыңнан астам жұмыс істейтін кəсіпорындары мен қоғамдық бірлестіктерін біріктіре отырып, өңірлік кəсіпкерлер палатасы аймақта кəсіпкерлік үшін қолайлы ахуал қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Маңғыстау облысының инвестициялық əлеуеті бізге елімізде ең үздік іскерлік климат жасауға мүмкіндік береді – бұл кəсіпкерлердің өңірлік палатасының алдында тұрған аса зор міндеттердің бірі.

Облыс кəсіпкерлері осы күнге дейін əртүрлі технологиялық құрал-жабдықтарды сырттан əкеледі. Біз жоғары инвестициялық əлеуетке ие бола отырып, бизнесті сервистік қолдау үшін қажетті жағдайлар жасауға міндеттіміз. Сонымен қатар бұл мəселені шешу сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің, жұмыстардың қазақстандық ұсталымы үлесін ұлғайтады, ол бүгінгі күні төмен деңгейде тұр.

Біздің өңірлік палата Жаңаөзен моноқаласының өзекті мəселелерін шешуге баса назар аударады. Бəрінен бұрын, бұл жергілікті экономиканың «Өзенмұнайгаз» қала құраушы кəсіпорнына тəуелділігін төмендету. Біздің ойымызша, мұндай тəуелділікті жаңаөзендік жастарды кəсіпкерлік қызметке тарту мен шағын жəне орта бизнестің жұмыс істейтін субъектілерін қолдау жолымен азайтуға болады.

Аймақтық палата қызметінің тағы бір маңызды бағыты ауылдық жерлерде шағын жəне орта бизнесті дамыту болып табылады. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары басталған халықтың ауылдардан қалаға ағылуы əлі жалғасуда, ауыл мен қаланың арасындағы айырмашылық өсуде. Жастар ауылдың келешегін көрмей, қалаға келіп, жұмыссыздар армиясының қатарын толықтыруда. Мұны тек олардың туған ауылында табыс табудың нақты мүмкіндігі, тұрақты кіріс пен алдағы күнге сенімділік қана тоқтата алады.

Біздің ойымызша, агроөнеркəсіп кешенін дамыту үшін əлемдік стандарттарға сəйкес келетін ірі өндірістік базалар салу қажет. Мұндай жағдайда облыс халқы мен кəсіпорындарын сапалы азық-түлік түрлерімен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге оларды еліміздің өзге аймақтары мен Кеден одағы елдеріне шығаруға болады.

Жарыссөзде «Мұнайгазқұрылыс» компаниясының басшысы Меңдіхан Ақмалиев сөз сөйлеп, кейбір жағдайларда заң талаптарының орындала бермейтіндігін тілге тиек етіп, бірқатар мысалдар келтірді.

Мəжіліс барысында Маңғыстау кəсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы сайланды. Өңірлік кеңестің мүшелері аймағымызға белгілі кəсіпкер Жаңабай Сүйіндіковтің кандидатурасын бұл қызметке бірауыздан бекітті. Сонымен бірге ол өңірлік кеңестің төрағасы
болғаннан кейін Қазақстанның Ұлттық кəсіпкерлер палатасының президиум мүшесі болып саналады.

Жаңабай Сүйіндіков бұл қызметке сайлағаны үшін өңірлік кеңестің мүшелеріне алғысын білдірді.

– Мемлекет басшысының 2050 жылға дейін əлемдегі 30 дамыған елдер клубы құрамына енуді жүзеге асыру бағытына байланысты біздің облысымыз алдында кең аумақты үлкен міндет тұр. Бұл стратегиялық мақсатты іске асыру үшін Маңғыстау айрықша күш-қуатқа ие. Осы онжылдықта Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде еліміздің көмірсутегі байлығын игеруге бағытталған кең көлемді қызмет көзі ашылмақ,-деді ол. – Қазір Каспийдегі үлкен мұнай ошағына қызмет ететін сервистік экономиканың басты аймағына айналу үшін Маңғыстау облысының барлық мүмкіндігі бар. Біздің облыста бұл болашағы зор жоба қызметіне белсене қатыса алатын сервистік компаниялар аз емес. Сонымен қатар Қазақстан бойынша да бұл сервистік бизнестің табыс көзіне елеулі назар аударып отырған кəсіпорындар да жеткілікті.

Бұл – қаржылық қоры ондаған миллиард долларды құрайтын жəне болашағы алдағы ондаған жылға өріс алатын айрықша аталар іс тұтқасы. Қазір көмірсутегі байлығын иеленген дүние жүзінің барлық заманауи елдері бұл мəселеге бірінші кезекте назар аударып отыр. Себебі, оның ұланғайыр аумақты қызметінің іргетасы бизнес үшін, сондай-ақ елдің экономикасы саласында жоғары технологиялық өндірісті қалыптастыруға, табысы мол еңбекақылы жаңа жұмыс орындарын құруға, транспорттық-логистикалық жəне басқа да инфрақұрылым кешендерін, кең көлемді тұрғын үй мен коммерциялық, тағы басқа да құрылыстарды дамытуға шектеусіз мүмкіндіктер көзін ашуға негіз болады жəне де бұл көтерілген мəселе мемлекеттік деңгейдегі игілікті іс тиімділігіне қол жеткізеді.

Іскер қауым өкілдерінің өзекті мəселелері талқыланған мəжілістің жұмысын осы кездесуге дейін Жаңаөзен қаласында болып, мұнайшылар шаһарының шағын жəне орта бизнесінің өркендеуімен танысқан Абылай Мырзахметов қорытындылап, түлеген түбегімізде жаңадан құрылған Маңғыстау кəсіпкерлері өңірлік палатасының аймақтың іскерлік орталығына айналарына сенім білдірді. Біз де жаңа кəсіпкерлер палатасы қазыналы жартыаралымызда индустриялық-инновациялық жəне инвестициялық жобаларға серпін беріп, Маңғыстау аймағын дамытуға айшықты үлесін қосады деп ойлаймыз. 

0 пікір