Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3449 0 пікір 26 Қараша, 2013 сағат 12:22

Өрт қауіпсіздігі бірінші орында

Жыл он екі айдың малға да, жанға да жайсыз кезі - қыс қашанда сақайдай сай дайындықты қажет етеді. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, басқару органдарының, күштер мен құралдардың қысқа дайындығын пысықтау мақсатында 21-22 қараша күндері «Қыс-2013» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізді. 

Жаттығуға барлық қалалық жəне аудандық азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар қызметтері, Ақтау қаласының шұғыл əрекет ету отряды, облыстағы ірі мекемелер мен кəсіпорындар қатысты.

Жаттығудың бірінші күні «Ақтаугазсервис» акционерлік қоғамы авариялық қызметімен бірлікте «Жоғары қысымды газ құбырларындағы аварияларды жою» тақырыбында арнайы тактикалық жаттығуы өткізілді. Жоспар бойынша газ құбырына өтіп бара жатқан жүк көлігі соғып, соның салдарынан өрт шығып, арнайы орындарға хабар жеткізілді. Оқиға орнына дереу жеткен төтеншеліктер мен апаттық газ қызметінің мамандары қызыл жалынды ауыздықтап, өртті сөндірді.

– Қаланы газбен қамтитын жоғары қысымды газ құбырында өрт шықты деген дабыл келіп түскен бойда шұғыл əрекет ету отрядының қызметкерлері келіп жетіп, өртті ауыздықтады. Қазір біздің қызметкерлер құбырды қалпына келтіру жұмысына кірісіп кетті,-деді «Ақтаугазсервис» АҚ-ның бас инженері В.Нестеренко.

Содан кейін Ақтау қаласының 32-шағынауданында салынып жатқан көп қабатты үйде өрттің алдын алу, құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша өрт-техникалық жаттығуы өтті.

Мамандар сценарий бойынша үйден шыққан өртті ауыздықтауға кірісті. 20 пəтерден адамдар сыртқа шығарылып, тілсіз жаудан құтқарылды.

– Өкінішке орай, тұрғындар өрт қауіпсіздігін сақтамайды. Сəбилерін қараусыз қалдырады. Қолдан жасалған жылыту құралдарын пайдаланады немесе газ баллондарын автомобильдерге газ толтыру орындарында толтырады. Осындай жауапсыздықтың кесірінен бақытсыз жағдайларға тап болады,- дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қажымұқан Қосбаев.

Жаттығудың соңында, жедел іс-қимыл тобының саптық дайындығы өтті. 

0 пікір