Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5583 0 пікір 30 Қараша, 2013 сағат 11:48

Өңірлік даму министрі Болат Жәмішовтың Маңғыстау облысына екі күндік сапары

Маңғыстау облысына ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев алғашқы жұмыс сапарымен келді.

Екі күнге созылған сапары барысында министр өңірдің проблемалық мəселелерімен танысып, қала, аудандардың даму үдерістерін көрді. Ол бірінші объект ретінде құрылысы тоқталған «Аққу» шағынауданының жобасын қарап шықты.

Бұл тұрғын-үй кешенінің құрылысы негізі екі жыл бұрын көктемде басталған болатын, бірақ жобалау сатысында жəне құрылыс барысында орын алған бұзушылықтардан өткен жылы жоба жалғасын таппай, 787 пəтерден құралған 16 блоктың жалпы құрылымы тұрғызылса да, құрылысы тоқтап қалған. Жобаға жауапты мамандардың айтуынша, «дөңгелек» тұрғын үйлер құрылысының жобасы күшейтілген, енді оны жүзеге асыру үшін қаражат қажет.

– Құрылыс жəне жобалау барысында қателіктер кеткенін ешкім теріске шығара алмас. Бұл жоба мемлекеттік бағдарлама негізінде салынып жатқандықтан, барлық объектілердің құрылысы аяқталуы тиіс. Мəселенің ұйғарымы уақытында табылмаса, проблеманы сот арқылы шешуге мəжбүр боламыз. Құрылысқа жауапты жобалаушы мен мердігер компаниялар жіберген олқылықтың орнын толтыру қажет. Қазір жобаны тəмамдау үшін барлық жағдай қарастырылған,- деді Болат Жəмішев осы мəселе тұрғысында.

Тұрғын-үй құрылысынан соң, министр «Каспий» су тұшыту зауытын аралап, онда ағымдағы жағдайымен жəне жаңғырту бойынша жоспарлармен танысты. Түйіні табылмаған мəселелер жөнінде зауыттың директоры Талғат Елимбетов айтып берді. «Зауыт 2004 жылы құрылды. Содан бері қондырылған жабдықтар тозып, ескірген. Маңғыстау халқын ауызсумен толық қамтамасыз ету үшін зауытқа күрделі жөндеу керек. Жабдықтарды жаңғыртуға 3 млрд. теңге көлемінде қаржы қажет»,-деді ол.

Сондай-ақ тəулігіне 5 мың текше-метр су тұшытуға ғана күші бар зауытты жақсылап жаңарту үдерісінен өткізсе 20 мың, тіпті 40 мың текшеметр су тұшыта алатын жағдайға жетеді. ҚР Өңірлік даму министрі жұмыc сапарының екінші күні Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылының даму барысын көріп, ауылда жеке тұрғын үй құрылысын іске қосу жоспарын орындау үшін қажетті электрмен жабдықтау жəне газдандырудың ішкі ауылдық желілерін салу мəселелеріне ерекше назар аударып өтті. Болат Жəмішев одан əрі Жаңаөзендегі «ӨзенИнвест» МКК ауыз суын тазартатын станцияның аумағын аралады. «Өзен Инвест» МКК директоры Талғат Чабаевтың сөзінше, мекемеде 1997 жылы орнатылған су тазалайтын қос қондырғының бірі істен шыққан. Енді оны алмастыру үшін 2 млрд. 110 млн. теңге қажет. 

 Ал Жаңаөзен қаласын жылумен қамтитын «ӨзенЖылу» МКК орталық қазандығы ғимаратында Өңірлік даму министрі мекеменің жаңа жобасымен танысты. Қазір мекеме жобаның үш кезеңін толық аяқтаған. Енді, 4-ші бағытты жүзеге асыру үшін 1 млрд. 8 млн. теңгеден астам қаржы қажет екен.

Сонымен қатар министр қаладағы апатты жағдайда тұрған үйлерді қарап шықты. Қала əкімінің
сөзіне қарағанда, апатты күйдегі 53 үй бар екен. Бұл мəселеге қатысты министр үйлерді капиталдық жөндеуден өткізгеннен гөрі, орнына жаңа үйлер салған тиімді екенін атап өтті.

Соңғы объект ретінде Болат Жəмішев өткен жылы ашылған бизнес инкубаторда болып, өз ісін ашқан 44 кəсіпкердің жұмыстарымен танысты. Министр орталықты аралау барысында, бұл инкубатор кеңсені арзан бағада жалға алатын тиімді жерге емес, бастаушы кəсіпкерлерге бағыт беріп, өз ісін одан əрі дамытуға көмектесетін жобаға айналу қажеттігін қадап айтты.

Жұмыс сапары қорытындысында Өңірлік даму министрі облыс активімен кездесті. Басқосуда Алик Айдарбаев министрді облыстың даму қарқынымен, мемлекеттік жəне аймақтық бағдарламалардың орындалу барысымен жəне ағымдағы жылдың жалпы көрсеткіштерімен
таныстырды. Сондай-ақ облыс əкімі аймақ дамуындағы маңызды мəселелерді атап өтті, оның ішінде ауызсумен қамтамасыз ету, тұрғын үй, жол құрылысы, Жаңаөзен қаласының дамуы бар. ҚР Өңірлік даму министрі өз кезегінде былай деп жауап қатты:

 – 2014-2016 жылдарға арналған бюджет бекітілді десек болады. Қазіргі таңда министрлікте де, үкіметте де артық ақша жоқ. Бұл жұмыс сапарындағы жиын болғандықтан мен қазір бұл келелі мəселелерге қатысты толық жауап бере алмаймын. Себебі мəселенің басым бөлігі жергілікті əкімдікке тиесілі шаруа. Жаңа айтылған мəселелер өте маңызды, оларды шешу үшін уақыт қажет,-деді ол.

Болат Жəмішев өз сөзінде қаражатты үнемді əрі тиімді жарату қажеттігін атап өтті. Мысал ретінде, Мұнайлы ауданындағы Батыр селосын алып, село ішінде жол төсеуге арналған қаражатты облыс ішіндегі республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге жіберу тиімдірек болатынын мəлімдеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616