Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3319 0 пікір 30 Қараша, 2013 сағат 11:39

Денсаулық сақтау министрі облыстың бірқатар аудандарын аралады

Өткен аптада өңірімізде болған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова жұмыс сапарын Жаңаөзен қаласының Теңге поселкесінде өткен жылы пайдалануға берілген отбасылық дəрігерлік амбулаториядан бастап, терапевт дəрігерлермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кенттің денсаулық сақтау ұйымдарының халыққа қолжетімді жəне сапалы дəрігерлік қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарымен танысқан Салидат Зекенқызы дəрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында көшпелі семинарлар өткізу қажеттігіне назар аударды. Теңгедегі орташа жалақы мөлшері 70000 теңге, ал мұндағы медицина қызметкерлерінің жалақысы одан жоғары екендігін білген ол көңілі толғандығын аңғартты.

Министр ауылдық жердегі ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) кабинетiнің заманауи құрылғыларымен танысып, ауыл жұртына көрсетілетін дəрігерлік қызметтің қолжетімділігі мен сапасына назар аударды. Сондай-ақ еліміздің бас дəрігері күндізгі стационарлардың, егу кабинеттерінің жұмысын жақсарта түсу қажеттігін қаперге берді.

Министр Жаңаөзен қаласындағы «Рахат» шағын ауданында тəулігіне 250 адамды қабылдауы тиіс емхана құрылысының барысын көрді. Бұл емхана құрылысына бөлінген 598 милллион теңгенің 160 миллион теңгесіне заманауи құрал-жабдықтар орнату көзделген. Қазір құрылыс жұмысының 80 пайызы бітіп, емхананы 16-желтоқсан – Тəуелсіздік күніне орай пайдалануға беру жоспарланып отыр. С.Қайырбекова əлеуметтік маңызға ие жаңа нысан жұмысының сапалы аяқталуына жауапты «Ансар» ЖШС басшысына құрылыс жұмыстарына байланысты тапсырма берді.

Сонымен қатар Салидат Қайырбекова Жаңаөзен қаласында салынып жатқан 100 төсек-орындық перзентхана үйінің құрылысымен танысты. Бұл 5 қабатты перзентхана үйінің құрылысына 2 миллиард 240 миллион теңге, оның 529 миллион теңгесі құрал-жабдықтарға бөлінген. Перзентхана құрылысын келесі жылдың 1-қаңтарына дейін бітіру жоспарланып отыр. Бүгінгі күні мекемелердің коммуналдық шығындарды өтеуі оңайға соғып отырмағаны жасырын емес. Сондықтан министр жаңа нысанның 1-қабатын жалға беру жөнінде ұсыныс айтты. Сондай-ақ ол перзентхана үйінің құрылысын жүргізіп жатқан «Ниязмұхаммед» ЖШС басшысына жəне Жаңаөзен қалалық перзентханасының бас дəрігері Б.Нұрбасиноваға нысанның сапалы əрі мерзімінде берілуін қадағалауды тапсырды.

Бұдан кейін министр Жаңаөзен қаласындағы медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге қала əкімі Серікбай Трұмов қатысты. Сала мамандарымен болған бұл басқосуда С.Қайырбекова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау ұйымдарының жаңартылуына, ауруханаларда жөндеу жұмыстарын жүргізуге, олардың заманауи құралдармен жабдықталуына, білікті мамандар даярлауға ерекше мəн беріп отырғандығын айта келіп, алға қойған міндеттерді орындауды тапсырды.

Атбасын Мұнайлы ауданына бұрған Салидат Зекенқызы жақында ғана пайдалануға берілген емханада болып, мұндағы жұмыс барысымен танысты. Бір ауысымда 250 адам қабылдайтын осынау медицина мекемесінде жүкті əйелдер кеңесі, балалар бөлімшесі өз алдына бөлек, заманауи құрал-жабдықтар орнатылған. Министр аудан орталығында бір топ тұрғындармен кездесіп, олардың денсау- лық сақтау саласына деген талап-тілектерін тыңдады.

Кешке Салидат Қайырбекова облыстық əкімшілікте облыстың медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Онда өңіріміздің денсаулық сақтау саласының жай-жапсары талқыланды.

0 пікір