Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3009 0 пікір 4 Қараша, 2013 сағат 15:44

Бақытжан Өтеғалиев: Электр-энергия саласындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде

2013 жылғы 11 қазанда Елордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев энергия үнемдеудің базалық мәселелерін шешу қажеттігін атап көрсетті. Қазақстанда жылу желілеріндегі шығын 22,1 пайыз, ал Еуроодақта орташа 10 пайызды құрайды. Қазақстандық электр желілерінде шығын 14 пайыз болса, Қытай, Корея, Жапонияда ол небәрі 5 пайыз.

Мемлекеттік органдар тарапынан энергия үнемдеу мен энергия есептеу мәселелеріне жеткіліксіз деңгейде көңіл бөлінеді. Мәселен, жалпы үйдің жылу есептегіштерімен қамтамасыз ету Қарағанды облысында 25,8 пайыз, Батыс Қазақстан облысында 16 пайызды ғана құрайды. Тұрғындар арасында электр энергиясын, жылу мен газды үнемдеу жөнінде пәрменді насихат жүргізілмейді.

Бұл бағытта біздің облысымызда қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Өткен сейсенбі күні облыстық әкімдіктің мәжіліс залында өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бақытжан Өтеғалиев осы мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті.

 – Маңғыстау аймағында жасыл энергетика көз-дерін дамыту қалай іске асырылуда?

2013 жылғы 11 қазанда Елордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев энергия үнемдеудің базалық мәселелерін шешу қажеттігін атап көрсетті. Қазақстанда жылу желілеріндегі шығын 22,1 пайыз, ал Еуроодақта орташа 10 пайызды құрайды. Қазақстандық электр желілерінде шығын 14 пайыз болса, Қытай, Корея, Жапонияда ол небәрі 5 пайыз.

Мемлекеттік органдар тарапынан энергия үнемдеу мен энергия есептеу мәселелеріне жеткіліксіз деңгейде көңіл бөлінеді. Мәселен, жалпы үйдің жылу есептегіштерімен қамтамасыз ету Қарағанды облысында 25,8 пайыз, Батыс Қазақстан облысында 16 пайызды ғана құрайды. Тұрғындар арасында электр энергиясын, жылу мен газды үнемдеу жөнінде пәрменді насихат жүргізілмейді.

Бұл бағытта біздің облысымызда қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Өткен сейсенбі күні облыстық әкімдіктің мәжіліс залында өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бақытжан Өтеғалиев осы мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті.

 – Маңғыстау аймағында жасыл энергетика көз-дерін дамыту қалай іске асырылуда?

– Жасыл өсім және төмен көмірсутегілі экономика бағыты орнықты даму құралы ретінде 2020 жылдарға дейін арналған даму Стратегиясында, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан мен Мемлекет басшысының халықаралық бастамаларында маңызды орын алды.

Жасыл экономикаға энергетиканың экологиялық таза көздері болып саналатын энергияның баламалы және жаңартылатын көздері – күн, жел, су энергиясы, геотермалдық энергия (жер жылуының энергиясы) және басқа энергиялар кіреді.

Өндірістік қуаттарды жасыл экономикаға көшіру мақса-тында Маңғыстау облысында энергияның жаңармалы түрлерін өндіретін нысандар салу жобаларын іске асыру жоспарлануда. Олардың ішінде Түпқараған ауданында Форт-Шевченко қаласының маңында қуаты 19,5 және 42 МВт екі жел электр стансасын салу жобалары бар. Бүгінде жобалар жасақталып бітіп, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің орталық мемлекеттік органдарымен келісуден өткізілуде. Сонымен қатар «Energy Worldwide Holding» компаниясының Қарақия ау-данында 150 Мвт жел электр стансасын салу жөніндегі тапсырысы қаралуда. Қазір жо-баға жер ресімдеу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобаларды қаржыландыру жеке меншік инвестициялардың есебінен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы электр желілерінен шалғайдағы кәсіпкерлік нысандарында (мал шаруашылығы мен балық шаруашылығында) будандық қондырғылар салу да назардан тыс қалып отырған жоқ. Қазірдің өзінде жер қойнауын пайдаланушылар есебінен Маңғыстау ауданындағы Ханбекгүл Шауқарованың шаруа қожалығына будандық қондырғы жеткізуге келісімшарт жасалды.

«Көктем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп, Ақтау қаласындағы «Қошқар ата» кө-лінің маңында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу кешенін салу жобасын қолға алуда. Бұл кешен де электр энергиясы мен биогаз және қайталама шикізаттар алатын болады. Сонымен қатар Жаңаөзен қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу комбинаты салыну үстінде. Ол қайталама шикізаттар шығарады. 

 - Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы энергия үнемдеу мен энергия есептеу мәселелеріне баса назар аударды. Осы мәселелер Маңғыстау ай-мағында қалай шешілуде?

– Энергия үнемдеу саясатын іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен 2013-2015 жылдарға арналған Маңғыстау облысы бойынша аймақтық кешенді энергия үнемдеу жоспары бекітілді. Қазір осы жоспарға сәйкес шаралар іске асырылуда.

2011-2012 жылдары 15 көп пәтерлі тұрғын үйде күрделі жөндеу өткізілді. Жөндеу барысында жылулық жаң-ғырту элементтері-жылумен оқшаулау материалдары пайдаланылып, жалпы үй тораптарында жылу есептегіштері орнатылды, галареялар подъездерге айналдырылып, жылытылды және галареяларға ПВХ профильдерінен терезелер блоктары салынды.

Үстіміздегі жылы Ақтау қаласының «Ынтымақ» алаңы мен 5 және 7 шағын аудандар арасындағы теңізге түсер орындарға 350 энергия үнемдейтін шамдар орнатылды. Он төртінші шағын ауданның теңіз жағалауын жа-рықтандыру 44 жарық диодты шамдар мен энергия үнемдейтін шамдары бар 54 бағана орнату арқылы іске асырылды. Сондай-ақ кеден комитетінен 35 шағын аудандағы оралмандарды бейімдеу орталығына дейінгі автокө-лік жолы жарық диодты шамдармен жарақтандырылды. Жарық диодты шамдарды пайдалану электр энергиясын 30-35 пайыз үнемдеуге және оларға техникалық қызмет көрсету шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Ақтау қаласында автокөлік жолдарын жарықтандыру үшін негізінен қуаты 250 Вт шамдар пайдаланылады. Қуаты 150 Вт ДНаЗ үлгісіндегі айналы шамды «Reflux» типіндегі 30 шам тәжірибелік қолданылуда. 2013 жылы «Ақтау-Әуежай» автокөлік жолына шамамен 40 «Reflux» шамы орнатылды.

Электр энергиясын тиімді пайдалану мақсатында Ақтау қаласында көшелер жарықтандыру үшін қала-ның 108 подстансасында автомат-тандырылған басқару жүйелі телеметрикалық шкафтар қойылды, бұл электр энергиясын 10-15 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жаңаөзен қаласында орталық көшелерде электр жүйелерін құру мен қайта құрылымдау аяқталды, мұнда тұңғыш рет жарықтандыру көзі ретінде автоматтандырылған басқару жүйесімен 342 монокристалдық күн панельдері орнатылады (сондай-ақ энергия жинақтағыш ретінде акку-муляторлық батареялар қойылады).

Бейнеу селосында көше жарықтан-дыру жүйесінде автоматтандырылған фотореле жұмыс істейді.

Облысымыздың инженерлік желі-лерін жаңғыртуда да игілікті істер бар. 2013 жылы облыс бойынша «Маңғыстау электр тарату компаниясы» акционерлік қоғамымен 685,2 ша-қырым электрмен жабдықтау желісі мен 105 трансформаторлық подстанса жөнделді. Оның алдындағы 2012 жылы облыс бойынша 13,8 шақырым жылу желісі жөндеуден өткізілді.
Ақтау қаласында «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен 15, 21, 3б және 1 шағын аудандардың 4 кәріздік сораптық стансасын қайта құрылымдау жөнін-дегі жұмыстар аяқталды. Олардың нәтижесінде 20 пайыз энергия ресурстары үнемделеді.
Энергия тиімділігін арттыру мен энергия тұтынуды бақылауды қам-тамасыз ету мақсатында «Ақтау электр желілері басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен инвестициялық бағдарлама есебінен Ақтау қаласына электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі жобалық-сметалық жоба жасалды (қазір ол мемлекеттік сараптамада тұр), бұл электр желілерінде нормативтік және коммерциялық шығындарды жыл сайын жалпы сомасы 200 млн. теңгеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

2010-2013 жылдарға арналған «Маң-ғыстау электр тарату компаниясы» акционерлік қоғамының инвестиция-лық бағдарламасымен электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылуда.

Облысымыздың өнеркәсіптік кәсіп-орындарымен де энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру бағытында, мәселен, «Қарақұдықмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қабат қысымын ұстаудың блоктық-кусталық сораптық стансасын электрден газ қозғалтқышына көшіру жоспарлануда. Бұдан жылына 27 млн. кВт электр энергиясы немесе 362,8 млн. теңге үнемделеді.

Солтүстік Бозашы кенорнында «Buzachi opereiting Ltd» компа-ниясындағы технологиялық процесс бойынша жиілігі реттелетін қозғалтқыштарды пайдаланылану электр энергиясын тұтынуды 50 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша 2013-2014 жылдары жоспарланған жұмыстардың шеңберінде 62 млн. теңге үнемдеу жоспарлануда.

«Ақтаугазсервис» акционерлік қоғамында құрал-жабдықтар жұмысы режимін оңтайландырудың арқа-сында 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда, электр энергиясын пайдалану 5,1 пайызға төмендетілді. 2011 жылдың қорытындылары бойынша электр энергиясын пайдалану 362 мың киловатт, яғни 3 млн. теңге құрады, ал 2012 жылы электр энергиясын тұтыну 343 мың киловатт немесе 2,9 млн. теңге болды. 2013 жылдың қорытындылары бойынша да энергия ресурстарын үнемдеу іске асырылады.

 – Жалпы үйдің жылу есептеу құралдары қанша үйге орнатылды?

– Бұл мәселе бойынша Мемлекет басшысының жылу энергиясын есептеу құралдарымен тұтынушыларды 100 пайыз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы бар. Қазіргі уақытта Ақтау мен Жаңаөзен қалалары бойынша заңды және жеке тұлғалар жылу есептеу құралдарымен 45 пайыз қамтамасыз етілді. Ақтау қаласында тұ-тынушылардың 28 пайызына жылу есептеу құралдары қойылды, олардың ішінде заңды тұлғалардың 77 пайызына (барлығы- 376, орнатылғаны-290), жеке тұлғалардың 6,4 пайызына (барлығы-830, орнатылғаны-53) жылу есептеу құралдары орнатылды. Жаңаөзен қаласында жылу есептеу құралдары заңды және жеке тұлғалардың барлығына түгелдей қойылды.

Өткен жылдың тамыз айында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Б.Филипповпен 530 жылу есептеу құралын орнату кестесі бекітілді. Кесте бойынша 2012 жылы 181, 2013 жылы 349 жылу есептеу құралын орнату жоспарланды. 2012-2013 жылдары барлығы 27 жылу есептеу құралы орнатылды. Оларды қаржыландыру халықтан қайтарымды негізде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өз қаражаты есебінен іске асырылды. Орта есеппен бір жылу өлшеу құралы үйдің ауданына қарай 800 мың теңге, әрбір пәтер үшін 10 мың теңге тұрады, олар бір жылға айларға бөлінді және коммуналдық қызметтердің жалпы есепшотына енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі-мен жылу есептеу құралдарын тұтынушылар есебінен емес, табиғи монополия субъектісі есебінен орнату туралы қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізу мәселесі қаралуда. Алайда әлі бекіген жоқ.

Бұған қарамастан «МАЭК-Қазатом-өнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін жылу есептеу құралдарын орнату жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шешілуде.

Әрине, алда да атқарылар жұмыстар аз емес. Осы игілікті істерге ұйтқы болатын Маңғыстау энергетиктері мен коммуналшылары қазыналы жартыаралымызда жасыл энергия көздерінің дамуына жасыл жол ашады деп сенемін. 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3502