Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3403 0 пікір 4 Қараша, 2013 сағат 15:35

Қоғамдық қабылдау: Əр адамның өтініші мен ойпікірі мұқият тыңдалды

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Жұмашев бастаған топ мұнайлы қала тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізді.  

Мұнайлы қалада жағдай қазір біркелкі жақсы. Экономика мен əлеуметтік сала қарқынды дамып келеді. Елбасы ұсынған Доктрина бірауызды қолдауға ие болды. Бұл бағытта, əсіресе, жастар айырықша белсенділік танытты.

Дегенмен, қалада шешімін күткен түйткілді мəселелер əлі де бар. Соның бірі - жұмыссыздық. Қала əкімдігі меп нұротандықтардың жұмыссыздықты болдырмау жəне оның алдын алу шараларын нəтижелі қолға алғанымен жұмыссыздар саны азаймауда. Көшпелі қоғамдық қабылдауға келген қырықтан астам адамның тоқсан пайызының осы мəселе төңірегінде өз мүдделерін қозғауы бұған дəлел.

Əр адамның өтініші мен ойпікірі мұқият тыңдалды. Мүмкіндігіне қарай көмек те жасалды. Атап айтқанда, жұмыс іздеп талай мекеменің табалдырығын тоздырған Жұбанова Нұргүлдің жұмыс мəселесі шешіліп, «Рахат-3» шағын ауданындағы балабақшаға тəрбиеші болып орналасты. Ал, тұрғын Ж.Ұлықпанов «Рахат-2» шағын ауданының екі көшесіне су құбырын тартып, жарықтандыру мəселесін шешуді сұрады. Бұл мəселе бойынша Жаңаөзен қаласының əкімі С.Трұмов оның оң бағытта шешім табатынын айтып, тиісті орындарға тапсырмалар берілді. Қоғамдық қабылдаудан енді ғана шыққан Ақшагүл Қыдырова былай деді. «Облыстық «Нұр Отан» партиясы басшылары ұйымдастырған бұл қабылдауға өз басым дəн ризамын. Жəне осындай басқосу алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылса деген тілегім орындалды. Өнер адамы болған соң, «Мұнайшы» мəдениет сарайына жұмысқа о наласатын болдым».

Кездесуге келген барлық тұрғындардың өтініштері тіркеуге алынып, орындалысы қатаң бақыланатын болды.

0 пікір