Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3214 0 пікір 4 Қараша, 2013 сағат 11:15

Көреміз, қолдаймыз, қуанамыз

«Түбегім – киелім, Маңғыстауым мақтанышым» атты VIІІ облыстық «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалінің гала концерті мен жеңімпаздарды марапаттау Жаңаөзен қаласында өтті. Айтылмыш өнер бəйгесінің аймақ халқы мен оның өскелең өнері үшін тəрбиелік мəн-мағынасы мен мазмұны айрықша үлкен шара. Облысымыздың өз алдына шаңырақ көтергеніне 40 жыл, Ақтау қаласының 50 жылдық мерейтойларымен орайлас келген бұл фестиваль осы жылдар ішінде Елбасымыздың тікелей қолдауымен өлке өнерінің, қаншалықты өсіп дамығандығын, өнерпаз жастардың қаншалықты жетілгендігін жəне рухани байлығымыздың кемелдене түскенін айқындап берді. Фестивальдің қорытынды концертіне Маңғыстау облысының əкімі А.Айдарбаев бастаған облыстың бірқатар басшылары мен аудан жəне қалалардың əкімдері, аймақтың мəдениет жəне өнер қайраткерлері қатысты. Жиналғандарды құттықтаған Алик Серікұлы киелі өңір өнерінің жыл санап өркендеп, талантты жастардың көбейіп келе жатқанын айтып, маңғыстаулық өнерпаздардың алдағы қадамына ақ жол тіледі. Содан кейін фестиваль
жеңімпаздарын марапаттау рəсімі басталды. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Маңғыстау жұлдыздары» фестивалінің арнайы жүлдесіне Түпқараған ауданы, ал, бас жүлдеге Маңғыстау ауданы өнерпаздары ие болды. Өңір басшысы қос «Газель» автокөлігінің кілтін осы ауданның əкімдеріне салтанатты жағдайда тапсырды.

Көрермендердің қызу қолдауымен жүлдегерлерді марапаттау одан əрі жалғасты. Бірінші орынды Жаңаөзен қаласының өнерпаздары алып, оларға тағайындалған сый-сияпатты облыстық мəслихат хатшысы Б.Жүсіпов қала əкіміне тапсырса, екінші орын жүлдесін Ақтау қаласы əкімінің орынбасарына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Жұмашев табыстады. Үшінші орынның жүлдесі Мұнайлы, Бейнеу, Қарақия аудандарының өнерпаздарына бұйырды. Оны осы ауданның əкімдеріне ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Н.Мұқанов тапсырып, өнерлі жастардың қадамына табыс тіледі.

Салтанатты рəсімнен кейін Мəдениет үйіне жиналған көрермендер мен қонақтар гала концертті тамашалады. Оған барлық аудан, қалалардың жүлделі орынға ие болған өнерпаздары қатысты. Соңғы кездері жауыннан кейінгі бəйшешектей қаулап өсіп келе жатқан өлкеміздің өнерлі жастарының қаншалықты көбейіп, жетілгенін айтпай кетуге болмайды. Келешекте қазақтың киелі сахнасының сəніне айналуға мүмкіндігі мол жаңаөзендік Бақтылы Кенебаева, қарақиялық Гүлайша Бекбосынова жəне халық жазушысы, жерлесіміз Ə.Кекілбаевтың «Маңғыстаудың ғажайыптарын көріп қал" деп аталатын шығармасын келістіре оқыған Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылынан келген өнерпаз Мəдина Тұрарбекованың шеберлігіне көрермендер қол соқты. Сондай-ақ, Маңғыстау, Түпқараған, Мұнайлы аудандарының домбыра оркестрі де шеберлігімен сүйсінтті. Бейнеу ауданының «Балауса» атты биші қыздарының орындауындағы «Дала сазы» биі мен халық əні «Бір баланы» шырқаған Түпқараған ауданының вокальдық тобы
жəне белгілі жерлес сазгеріміз Ұлықпан Жолдасовтың «Ақтау» əнін шырқай салған Жаңаөзен қаласының триосы - халқымыздың дəстүрлі əн, би өнеріміздің сенімді қолда екендігін айқындап берді. Қашаған бабамыздың жыр-термелерін орындаған өлкеміздің аудан, қалаларынан құралған домбырашы жігіттер мен Мұрат Өскінбаевтың «Жеңіс» күйін төкпелеткен Маңғыстау мен Мұнайлы ауданының домбырашылары шыңдалған шеберліктерімен танылды.

Елді елең еткізген бір нəрсе ол – Маңғыстау ауданы əкімдерінің хоры болды. Олар Ə.Бейсеуовтың «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар» əнін орындап, көпшілікті таң-тамаша қалдырды. Шынымен де, əкімдер əн салса, халқымыздың келешекке деген сенімі артып, сəбилер тыныш ұйықтайды емес пе?! Бұл түбегімізде бұрын кездеспеген жай жəне бұдан біз билік орындарының еліміздің ежелден келе жатқан өнер қазынасын игеріп, көрермендерге ұсынуға сенімді қадам жасағанын көреміз.

Концерт шымылдығы жерлес сазгер Есенбай Құлиевтың «Каспий – достық теңізі» атты əнімен жабылуының өзінде де үлкен мəн жатыр. Көрші бес елмен шектесіп, ел мен елді жалғап жатқан көгілдір Каспий, оның орталығы ару Ақтау жəне барша Маңғыстау өңірі қазір өзінің кемел де бақытты кезеңін бастан кешуде... Бұл бізге өнер тілімен шебер баяндалды. Сахнаға облыс əкімі А.Айдарбаевтың атынан ықылас гүлі қойылды. Көңілдерге көп қуаныш сыйлаған қызықты концерт осылайша табыспен аяқталды.

Жарқырай түс, Маңғыстау жұлдыздары!

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1572
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2267
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3568