Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3423 0 пікір 28 Қараша, 2013 сағат 10:15

Министр - Жаңаөзенде

Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекова Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзенде салынып жатқан денсаулық сақтау нысандарын: 250 адамға арналған емхана және 100 төсек-орындық перзентхана құрылысымен танысты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Емдеу мекемелерінің құрылысымен танысу барысында Министр Салидат Қайырбекова жергілікті атқарушы орган өкілдерінің назарын құрылыстар уақытында аяқталуы керектігіне аударып, әрбір жаңа нысан халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін баса айтты.

2013 жылы облыста жаңадан 5 емдеу мекемесі тұрғызылды, сонымен қатар жылдың соңына дейін бір ауысымда 50 адамға арналған 9 дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беру жоспарланған.

Жалпы республика бойынша ағымдағы жылы 197 денсаулық сақтау нысанын: 6 станционарлық объект, 21 емхана, 167 дәрігерлік амбулатория және 3 қосымша нысан (жедел медициналық жәрдем қосалқы стансасы және қосымша ғимараттар) жоспарланған, олардың ішінде 60 объект салынып бітіп, пайдалануға берілді.

0 пікір