Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 7179 0 пікір 1 Қараша, 2013 сағат 10:19

Адай жылқысы - жүйріктердің төресі

Сәбит Әбішевті Маңғыстау жұртына таныстыру басы артық шаруа. Ол туған жерін бес саусағындай білетін шаруагер, облысымыздың бірнеше шаруашылықтарын, соның ішінде облыстық ауыл  шаруашылығы басқармасын ұзақ жылдар жемісті басқарған тұлға. Жалпы қай істі болмасын үйлестіру үшін адамға алдымен талант керек. Ал, талант дегеніміз, менің түсінігімде, Аллатағаланың сенің бойыңа өзгелерден гөрі артықтау қылып берген сыйы, қабілет-қасиеті. Сәкеңнің таланты алдымен ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы саласында жарқырай ашылды.

Сол малдың қамымен жүріп ол өзінің туған жері – Маңғыстауын ұзынынан да, көлденеңінен де көктей өтіп, көп жайларға қанықты. Маңғыстаудың ойында ол білмейтін қоныс та, су көзі де жоқ шығар, сірә. Тіпті бұл айтқанымыз да аздық етеді, шындығында ол қай  жердің шөбі жылдың қай мезгілінде қандай малға ас болады, шіліңгір шілдеде қай құдықтың суы малды сақтайды, міне соны да біледі. Осы тәжірибе, осы білім-білік кезінде оны озат шаруашылықтың басшысы қылып еңбегін жандырды, абыройға бөледі.

Сәбит Әбішевті Маңғыстау жұртына таныстыру басы артық шаруа. Ол туған жерін бес саусағындай білетін шаруагер, облысымыздың бірнеше шаруашылықтарын, соның ішінде облыстық ауыл  шаруашылығы басқармасын ұзақ жылдар жемісті басқарған тұлға. Жалпы қай істі болмасын үйлестіру үшін адамға алдымен талант керек. Ал, талант дегеніміз, менің түсінігімде, Аллатағаланың сенің бойыңа өзгелерден гөрі артықтау қылып берген сыйы, қабілет-қасиеті. Сәкеңнің таланты алдымен ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы саласында жарқырай ашылды.

Сол малдың қамымен жүріп ол өзінің туған жері – Маңғыстауын ұзынынан да, көлденеңінен де көктей өтіп, көп жайларға қанықты. Маңғыстаудың ойында ол білмейтін қоныс та, су көзі де жоқ шығар, сірә. Тіпті бұл айтқанымыз да аздық етеді, шындығында ол қай  жердің шөбі жылдың қай мезгілінде қандай малға ас болады, шіліңгір шілдеде қай құдықтың суы малды сақтайды, міне соны да біледі. Осы тәжірибе, осы білім-білік кезінде оны озат шаруашылықтың басшысы қылып еңбегін жандырды, абыройға бөледі.

Қоғамдық белсенді еңбегін аяқтап, зейнеткерлікке шыққан соң Сәкең қолға қаламын алды. Міне, осы кезде оның таланты тағы бір қырынан көрінді. Ол бірнеше тамаша кітаптарын жарыққа шығарды. «Өмір өрнектері», «Досым туралы толғаныс», «Шоңай Құлыш би», «Тағылым», «Әке рухын еске алу», «Ананың ақ тілегі» атты кітаптары осы

айтқандарымызға толық дәлел. Асылында, орыс халқының «Талантты адам барлық жағынан да талант-ты» деген сөзі өте орынды айтылған. Сәкеңнің кітаптары қашан да өткір сұраныста. Әсіресе, оның «Тағылым» атты кітабын Маңғыстау жұрты жоғары бағалап, пышақ үстінен талап әкетті. Жөн білетін азаматтардың «Бұл кітап өмір-тіршілігі ауылмен, мал шаруашылығымен байланысты әрбір қазақтың үйінде болуы керек» дегендерін құлағымыз шалғаны бар.

Сәкеңнің мерзімді баспасөз беттерінде көп жылдардан бері Адай жылқысы туралы жазып жүретінін білетінбіз. Сол еңбектерінің бәрін жинақтап жақында «Тұлпардың тұяғымен өрілген тарих» атты кітап етіп, қалың оқырмандарына ұсыныпты. Бұл енді аттың, адамның тағдыры сынға түскен небір керемет жарыстарда маңдайы

жарқырап дара көрінген жаратылысы, табиғаты бөлек дара тұқым ретіндегі өзінің орнын ала алмай келе жатқан Адай тұлпары туралы тамаша дерек пен дәйекке толы толымды еңбек. Біреулерге аңыз, ал енді біреулерге ақиқат болған адай жылқысы тура- лы талай кітаптар жазылып, ғылыми мақалалар жарық көрді. Дегенмен ба-лалық шағынан бастап еңбек жолы түгелдей осы жылқымен біте қайна-сып өрілген Сәкең осы ерекшелікті елден бұрын байқап, оған дербес адай тұқымды жылқы атауын бергізу жо-лында өмір бойы небір төрешілдік пен тоңмойындыққа қарсы күресумен ке-ле жатқан адам. Бұл туралы ол: «Мен осы адай жылқысының табиғатындағы ерекшелікті ұғындыру мақсатымен  онға жуық бірінші хатшы, әкім, алты министрдің алдынан өттім, нәтиже болмады. Сабыр сақтап, үмітімді үзбей соңғылығын күтіп жатқанмын»,-дейді.

Ақырында облыстық әкімдік пен Республикалық ат спорты қоғамының      қолдауымен Ақтау – Ақтұмсық жерінде адай жылқысына әлемдік деңгейдегі  сарапшылардың ұйымдастыруымен 80 шақырымға аламан бәйге – ат жарысы өтіп, адай сәйгүліктері 1-ші орынға шықты. Сөйтіп 2011 жылдың 30-31 сәуірі адай жылқысының басына бақыт

құсы қайта оралып қонған күні болып тарихта қалды.

Міне, содан бері әлемдік деңгейдегі сынақ 80-90-120-160 шақырымдық қа- шықтыққа белгіленіп, сегізінші мәрте өтті. Бәрінде де адай жылқысы 1-ші орын – бас жүлдені ешкімге берген жоқ. Бұл күндері оның қажыр-қайратын, ерекше төзімді болып жаратылған ға- жайып табиғатын әлемнің атсүйерлері мойындап үлгерді.

Адай жылқысы қайдан шыққан, оның түп атасы кім, қайдан тараған?- деген сұрақ талайдың басын ауыртқан сұрау.    Жылқы малын зерттеумен өткен

ғалымдардың бәрінің келіскен тоқ- тамы: аспаннан түскен жылқы жоқ, жылқының түп атасы – керқұлан. Адай жылқысына біткен тектілік, оралым- дылық, сезімталдық, төзімділік тағы- сын тағы жағымды ерекшеліктердің барлығы да сол төр басындағы баста- уы – керқұланның қанымен жұғысты болған қасиет, деп пайымдайды Сә- кең.

Бұл жылқы Адай халқымен бір- ге жасасып, қағырдан қорегін алып, қақтан суын ішіп, небір қиын-қыстау тар жол, тайғақ кешудің бәрін көріп, бәріне шыдап шыныға, шыңдала осы заманға жеткен. Адай жылқысының өзгеден ерек қадір-қасиетін осы тұстан бағалаған дұрыс дейді ол. Сәкең сондай-ақ Адай жылқысының өз тарихында араб жылқысымен де қан жаңартқанын баяндайды. Ол тура- лы ғалым М.А. Левановский Қаратон, Жылой жерін мекен еткен Кете Әжібай Айдарұлы деген белгілі бай, би адам-

ның жылқысының тұқымын жақсарту мақсатында бір қарақалпақ азаматы- нан жаратылысы бөлек керемет сұлу, өте жүрдек, ірі теңбіл көк айғыр сатып алғанымен байланыстырады. Сол са- уда сәтті болып, Сауран көк атанған сол айғырдың тұқымы дүреп, өте көп өскенін айтады. Біздің адай тұқым- ды жылқыларымыздың арасында осы теңбіл көк қаз-қалпында күні бүгінге дейін ұшырасумен келеді. Осы теңбіл көк түс негізінен адай тұқымды жылқыны араб жылқыларымен бу- дандастырғаннан тарағанына, оның ұзақ жылғы ықпалды жұмыстардың нәтижелі жемісі екеніне күмән жоқ,- деп пайымдайды автор.

Ғалымдар Адай тұқымды жылқы- ны 1940 жылдан бастап 13 жылдай зерттеп, ақырында бір тұжырымға келіп, 20-30 жылдары үйірге түскен тұқымдық айғырларға негіздеп: Бе- кесторы, Еңсегенторы, Есболайторы, Есболайжирен, Қибаскөк, Ізтұрған- көк, Өрендік деп жеті генеологиялық желіге жүйелейді. Адай жылқысының өсіп-өнуіне осы жеті желінің айрықша үлес қосқанын ешкім де жоққа шығара алмайды,-деп түйіндейді Сәкең. Сон- дай-ақ ол осы жеті желінің бастауында болып, желінің аты берілген жануар- дың қашан туылғанын, артына қанша тұқымдық айғыр мен бие қалдырғанын және оның дене бітімі өлшемдерін, сол тұқым-ды жалғастырушы, заманын-

да талай бәйгелер мен сынақтардан сүрінбей өтіп олжа салған, арнайы ат- тестатпен марапатталған айғырлардың суретін де қоса берген. Сөз жоқ, бұл деректер кітаптың құнын анағұрлым арттыра түседі. Сәбит Әбішұлы бұл кітабында жыл- қы туралы талай еңбек жазған ғалым- дардың еңбектеріне сүйене отырып ар- ғымақ, қазанат, қазанаттан туған қаз мойын, қарабайыр деген тұқымдарға ғылыми түсінік береді. Оларды қалай алуға болатынына тоқталады. Мыса- лы; таза маңғыстаулық арғымақ алып

өсіру үшін Түрікменнің Ахалтеке жылқысының «асыл» деген желісінің айғыры мен биесін қолға түсіріп, оларды арнайы қамқорлыққа алып, бірте-бірте жергілікті жерге бейімдей таза күйінде өсіре алсақ, сол қолтума ұрпақ нағыз адайдың арғымағы болып шығады. Оның тегі (аталығы мен аналығы) Ахалтеке болғанымен табиғи және

адами өсу ортасы, оты, суы, басқадай қолданыс түрлері адай жылқысымен бірдей ортада қалыптасқан. Міне осы қолтума арғымақ айғырды таңдаулы адай тұқымды биемен будандастырсақ, міне, содан алынған ұрпақ қазанат деп аталады екен. Сәкеңнің кітабының тағы бір артық- шылығы, Маңғыстау еліндегі арғы- бергі замандардағы ат жаратқан сейіс- тер мен ат таныған сыншылардың тізімдері беріліпті. Сонымен қатар бұл еңбекте адай жылқысымен бай- ланыстыра қамшы, ер-тұрман тура- лы да талай жайларға қанықтырады. Ақын-жырауларымыз бен қарымды қа- ламгерлердің Адай жылқысы туралы шығармалары да кітапты қызғылықты ете түскен.

Сәбит Әбішұлы аға сөз соңында Адай жылқысы хақында айтылып кел- ген ақиқаттың жолында ар-намыс- тың сойылын соғып, тілеулес болған жандарға алғысын айтып, батасын беріпті. Бұл да болса арғы шалдардың жосығы, Сәкеңнің жолкерлігі деп түсіндік. Адай жылқысы хақындағы «Тұл- пардың тұяғымен өрілген тарих» атты

Сәкеңнің бұл еңбегі мазмұны мәнді, бояуы қанық, дерек пен дәйегі мол, жылқықұмар жамағатты елең еткізер жаңалықтары жетіп артылатын, ғы- лыми мәліметтер мен ел жадындағы естеліктерді шебер қиюластыра өрген тамаша еңбек болып шыққан.

Бұл кітапты сүйсіне оқып шығып, Маңғыстау халқымен ғасырлар бойы бірге жасасып, халықтың азабы мен мехнатын, қуанышы мен қайғысын, рахаты мен салтанатын бөлісіп, қаш- қанынан құтқарып, қуғанына жеткіз- ген Адай тұлпарына қойылған бір ес- керткіш деп бағаладық.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522