Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2732 0 пікір 5 Қараша, 2013 сағат 05:14

Жарманың жарқын бетттері

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Жарма ауданында жұмыс сапарымен барып, ауыл халқы үшін маңызды бірнеше нысанның ашылуына қатысты. Қалбатауда аталып өткен «Туған ел – алтын бесігім» акциясының бес жылдық қорытынды мерекесін тамашалап, мәдениет пен өнер майталмандарын марапаттады.

«Маралды» кемпингінде көптеген қызмет түрлері бар

Жарма ауданында «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында ашылған  бір тамаша нысан – Аршалы ауылының дәл іргесінен көктей өтетін Өскемен - Алматы тас жолының бойында жаңадан тұрғызылған «Маралды» кемпингі. Аталған кемпингте жолаушыларға қажеттің бәрі бар. Мәселен, шаршап-шалдығып келе жатқандарға 10 бөлмелі жайлы қонақүй, темір тұлпарлары бұзылғандарға көлік жөндейтін станса, жүрек жалғаймын деушілерге 150 орындық асхана, жуынатын бөлмелер мен монша сияқты бірқатар қызмет түрлері ұсынылған. «Маралдыны» жеке кәсіпкер Серікболсын Бейсенбаев 80 млн. теңге өз қаржысына салыпты. Қазір кешенде барлығы 20 адам еңбек етіп, тұрақты жалақыларын алып отыр.

– Қарап тұрсақ, Өскеменнен Алматыға дейінгі күре жолдың бойында жоғары деңгейлі, сан салалы қызмет ұсынатын дәл осындай заманауи кемпинг жоқ. Бұйыртса, бұл кешен бес-алты жылдың ішінде өзін-өзі ақтайды деген ойымыз бар. Келешекте «Қазмұнайгаз» компаниясымен келісіп, жанармай құю стансасын салу жоспарда бар, - дейді «Маралды» кемпингінің басқарушы директоры Шаукат Әбдірахманов.
Аудан орталығында өңір басшысы Бердібек САПАРБАЕВ қабырғасы қаланып жатқан Болат Тұрлыханов атындағы спорт-сауықтыру кешенінің құрылысын көрді. 500 адам еркін сиятын кешенде күрес, бокс, ауыр атлетика жаттығу залдарымен қоса шағын футбол ойнайтын алаң да болмақ. Бүгінде әлеуметтік нысанның құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде. Еңбекке алматылық кәсіби мамандармен қатар жергілікті жердің тұрғындары да көптеп тартылған.

Өнер майталмандары марапатталды

Қарашаның қара суығына қарамаған қалың жұрт Қалбатау ауылының орталық алаңына ағылып келіп, өнердің өлшеусіз құдіретіне бас иіп, ізгі тілек-ниеттерін жеткізіп жатты. Ал облыстың аудандары мен қалаларынан келген қонақтар жармалық ағайындардың меймандос пейіліне дән риза болды.
Концерт басталмай тұрып облыс басшысы аудандық әкімдіктің залында өңірдің өнерпаздарымен жүздесіп, сұхбаттасты. Жұлдызы жанған жандарды төс белгілермен, алғыс хаттармен марапаттады.
– Кейінгі жылдары біз еліміздің кейбір қалаларында, сондай-ақ, шетелдерде Шығыс Қазақстанның күндерін өткіздік. Бұл шараға сіздер – облыстың мәдениет пен өнер саласының өкілдері белсенді атсалыстыңыздар. Сол еңбектеріңіз үшін мен сіздерге алғысымды білдіремін. Бір мысал келтірейін, Алматы қаласында облыстың күндерін өткізер алдында орынбасарым Жақсылық Омарға тапсырма беріп, ерекше бағдарлама әзірлеуді айтқан едім. Өйткені, алматылық ағайындар отандық қайраткерлерді былай қойғанда, шетелдік жұлдыздардың өнерін тамашалап жүрген кірпияз қауым. Сол себепті оларды таңғалдыру, қошеметіне ие болу үшін басқаға ұқсамайтын өзгеше бағдарлама ойластыру міндеті тұрды. Бұл міндетті біздің өнерпаздар жоғары деңгейде орындап, артынан Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бастаған мәдениеттен хабары бар бірқатар тұлғалар ризашылық көңілдерін білдіріп, алғыстарын жеткізді. Осының бәрі сіздердің еңбектеріңіз, - деген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ өнердің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген шығармашыл қауымға марапаттарды табыс етті.

– 2009 жылдан бері ел мерейін өсіріп, алғысына бөленіп келе жатқан «Туған ел – алтын бесігім» акциясының негізгі мақсаты - әрбір аудан мен қаланың мәдениет пен өнердегі мүмкіндіктерін ашу. Ауылдарда көрінбей жүрген таланттарды жарыққа шығарып, үлкен сахналарға жол сілтеу. Республикалық, халықаралық байқауларға, фестивальдерге қатыстыру. Бес жылды түйіндейтін болсақ, осыған дейін қаншама танылмай жүрген дарын иелері жұрт алдына шығып, үлкен сыннан өтті. Бұның сыртында аталған акция аясында үзбей өткізілген ауыл шаруашылық жәрмеңкелері де облыс тұрғындарының игілігіне айналғаны рас, - деген облыс Әкімінің орынбасары Жақсылық Омар «Туған ел – алтын бесігім» акциясының арқасында өңірдегі мәдениет ошақтарының 70 пайызы жөнделгенін де тілге тиек етті.
Сонымен қатар акцияның аясында Шығыста туып, өсіп-өнген елге танымал мәдениет және өнер қайраткерлері туған жеріне келіп, концерт қойса, қалам-қағазын өміріне серік еткен белгілі ақын-жазушыларымыз кездесулер өткізіп, жерлестерімен сұхбаттасты. Бұл шаралар, әрине, жас буынды патриоттық рухта тәрбиелеуге, елін-жерін сүюге, халқына қызмет етуге үйретудің таптырмас тәсілі.

Сөйтіп, тағылымды міндетті арқалаған, бергенінен берері мол «Туған ел – алтын бесігім» акциясының бес жылдық жұмысы Жарма өңірінде түйінделді. Бірақ мұнымен бұл акция тәмәмдалған жоқ, керісінше, қанатын кеңге жайып, Шығыстың өнері мен мәдениетін, әдебиетін ары қарай жалпақ елдің ішінде таратып, насихаттай берері сөзсіз.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2269
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3582