Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3152 0 пікір 1 Қараша, 2013 сағат 05:03

ШҚО: Бизнеске - 16 нысан

ШҚО әкімдігі бизнес ортаға мемлекет меншігінің 16 нысанын тапсыруға дайын. Бұл жайында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Кәсіпкерлер палатасының Шығыс Қазақстан облысындағы Өңірлік кеңесінің бірінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарлады. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шағын және орта бизнес субъектілерін түгендеуді жүргіздік. Бүгінгі уақытта шағын және орта бизнеске кем дегенде мемлекет меншігінің 16 нысанын беруге дайынбыз», - деді Бердібек Сапарбаев. Сонымен қатар өңір басшысы ШҚО әкімдігі тарапынан Кәсіпкерлердің өңірлік кеңесіне қызметтік үй-жай мәселесін шешуде қолдау көрсететінін айтты.

Естеріңізге салсақ, қазан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы мемлекет қаражаты есебінен қаржыландыру қажеттілігі жоқ мемлекеттік және коммуналдық нысандардың барлығына жекешелендіру жүргізуді тапсырған болатын. ҰКП Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев Кәсіпкерлер палатасының Алматы, Астана және Атырау облысындағы Өңірлік кеңестерінің отырыстарында мемлекеттік меншік нысандарын бизнес ортаға тапсыруда осы үдерістің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін Кеңес мүшелеріне жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірлесіп жұмыс жасауды тапсырды.

Абай-ақпарат

0 пікір