Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3309 0 пікір 3 Желтоқсан, 2013 сағат 08:06

Интернет-конференция: Ермек Нарымбаев (2-жауап)

Оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап беруін жалғастыры келіп, Ермек Нарымбаев Қазақстан түрмелерінде оқыту, сауықтыру шараларын қолға алу керектігін айтады.
«Мен отырған лагерде 1200 адам болды. Соның ішінде дінге қатысты отырғандардың саны – 5. Ал, оларды төңіректеген, соларға жақын 150 адам бар. Сонда түрмедегілердің он пайызы діни сектада деген сөз. «Зэктер» маған «Қара прокурор» деген ат қойды. Өйткен мен түрмедегілердің ісін қайта сотқа жіберу, заң тұрғысынан кеңес беру секілді жұмыстар істедім. Маған бәрі ешкімнің ықпалына түспеген, тәуелсіз адам ретінде қарады. Сондықтан істерін қайта қарап беріп, кеңес алу үшін көмектесуімді сұрап, түрмедегілер жиі келетін. Олардың ішінде вахабистер де болды. Жалпы жиыны түрмеде отырған кезде 43 адамның ісіне қатысты сотқа арыз-шағым жазып бердім. Соның үшеуі бостандыққа шықты».

- Сіз темір тордың арғы жағында болып, ол жердегі жағдайды өз көзіңізбен көріп қайттыңыз. Қазақстандағы түрмелердегі жалпы ахуалды қалай бағалайсыз?


Оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап беруін жалғастыры келіп, Ермек Нарымбаев Қазақстан түрмелерінде оқыту, сауықтыру шараларын қолға алу керектігін айтады.
«Мен отырған лагерде 1200 адам болды. Соның ішінде дінге қатысты отырғандардың саны – 5. Ал, оларды төңіректеген, соларға жақын 150 адам бар. Сонда түрмедегілердің он пайызы діни сектада деген сөз. «Зэктер» маған «Қара прокурор» деген ат қойды. Өйткен мен түрмедегілердің ісін қайта сотқа жіберу, заң тұрғысынан кеңес беру секілді жұмыстар істедім. Маған бәрі ешкімнің ықпалына түспеген, тәуелсіз адам ретінде қарады. Сондықтан істерін қайта қарап беріп, кеңес алу үшін көмектесуімді сұрап, түрмедегілер жиі келетін. Олардың ішінде вахабистер де болды. Жалпы жиыны түрмеде отырған кезде 43 адамның ісіне қатысты сотқа арыз-шағым жазып бердім. Соның үшеуі бостандыққа шықты».

- Сіз темір тордың арғы жағында болып, ол жердегі жағдайды өз көзіңізбен көріп қайттыңыз. Қазақстандағы түрмелердегі жалпы ахуалды қалай бағалайсыз?

- Түрмедегілердің сөзімен айтсақ, қара және қызыл лагерлер бар. Қызыл лагер, шынын айтқанда концлагерге ұқсайды. Мен қара лагерде отырдым. Онда сәл-пәл жүйесіздік, кішкене еркіндік бар. Біздің не істейтініміз - Түрме әкімшілігіне бәрібір. Түрме әкімшілігінің не істейтіні - бізге бәрібір. Ол жақта не жаман, не жақсы дегенге келсек, бір жақсысы - түрмеде төрт-бес мың кітап сақталған үлкен кітапхана болды. Мен соның ішінен 234 кітап таңдап алып, түгел оқып шықтым. Сыртқы әлеммен байланыс мүлдем жоқ. Мысалмен айтсақ, Шаолин монастріне кіріп кеткендей күй кешесің. Бүкіл өміріңді ой елегінен өткізесің: Неге мұнда түстім, неден қателестім, не үшін өмірге келдім, не істедім, не істеуім керек еді, қандай миссиям бар дегендей үлкен сұрақтарға жауап іздейсің. Ұсақ-түйек сауалдар басыңа кіріп те шықпайды. Түрмедегілердің көбі - қарапайым қазақтар. Қылмыстары - ұсақ-түйек ұрлық, бұзақылық.
Жамандығы - түрме қылмыстық топтардың уысында. Әр барактың, "ШИЗО"-ның, медпунктің үстінен бақылайтын "серкелер" бар. Жалпы түрменің "бақылаушы" "серкелері" өз алдына. Мен түрмеге түскенде жасым қырықтан асып кеткен еді. Көзқарасым тұрақтанған, көзім ашық. Оңай арбауға түспейтін, жайдан жай беріле салмайтын жаста едім. Ал, жиырмадан жаңа асқан балалар түрмеден шыққанда мүлдем басқа адам болып шығады. Өйткені, жаңағы түрме ішіндегі "серкелер" оларды "тәрбиелеп" жібереді.
Түрмеге түскенде мен түрмеден шыққан адамдардың кейін тағы да қылмыс жасап, түрмеге түспеуі үшін не істеуге болады деп ойладым. Түрмелерден мектеп ашып, адамдардың оқуға деген ынтасын ояту керек. Түрмедегілер босап шыққан соң, қайта қылмыс жасамас үшін сауықтыру шаралары жүргізілуі шарт. Қазіргі кезде шамамен 60-100 мың адам түрмеде отыр. Ал, совет уақытында түрмедегілердің саны 4 мың болды. Айырмашылық 15 есе! Неге? Себебі, жұмыс жоқ, білім беру тегін емес. Сондықтан жүйені бұрынғы қалыпқа қайта өзгертсе, бірте-бірте қылмыс азайып, жастар еңбекке, оқуға бой ұрады.

- Түрмедегілер әртүрлі діни топтардың ықпалында деген сөз бар. Бұл қаншалықты шындық?

- Мен отырған лагерде 1200 адам болды. Соның ішінде дінге қатысты отырғандардың саны – 5. Ал, оларды төңіректеген, соларға жақын 150 адам бар. Сонда түрмедегілердің он пайызы діни сектада деген сөз. «Зэктер» маған «Қара прокурор» деген ат қойды. Өйткен мен түрмедегілердің ісін қайта сотқа жіберу, заң тұрғысынан кеңес беру секілді жұмыстар істедім. Маған бәрі ешкімнің ықпалына түспеген, тәуелсіз адам ретінде қарады. Сондықтан істерін қайта қарап беріп, кеңес алу үшін көмектесуімді сұрап, түрмедегілер жиі келетін. Олардың ішінде вахабистер де болды. Жалпы жиыны түрмеде отырған кезде 43 адамның ісіне қатысты сотқа арыз-шағым жазып бердім. Соның үшеуі бостандыққа шықты.
Түрмедегілермен әңгімеде қалай түскендерін сұрадым. Олар бәрін жайып салады. Неге тұтқындалғанын, полиция мен ҰҚК тарапынан қандай арандатулар болғанына дейін айтады.
Бір түсінгенім, адамдардың діни сектаға өтіп кетуінің бір себебі, аймақтарда, алыс аудандарда Астана мен Алматыдағы секілді зиялы, ел сөзін айтатын ақсақалдар жоқ. Егер сондай ақсақалдар үнемі елмен араласып, ел ішіндегі кейбір мәселелердің шешілуіне, жастардың жат дінге кетпеуіне ықпал жасаса, секталарға кетіп жатқан жастардың саны азаяр еді.
Тіпті болмаса елдегі зиялылардан арнайы топ жасақтап, олар түрмелерді аралап, ағартушылық сипатта лекциялар оқып, түрмедегі әрбір адамды мазалаған сауалдарға жауап берсе, дұрыс болар еді. Әйтпесе, 5 адам діни секта бойынша сотталған болса, олар кейін 200 болып адам шығады. Ал, содан кейін қоғам не болады?

- Қазақ қоғамын дамытуға дін керек пе?

- Мен өзім атеистпін. Коммунистпін. Менің ойымша, қазаққа дін керек. Өйткені, дін – ол мәдениет. Бірақ, болашақ - атеизмде, яғни, адамға оның біліміне, адамдығында, адам жасайтын білім мен ғылымға, өнер мен мәдениетке деген сенімде. Міне, менің сенімім – осы. Дәл бүгінгідей түрлі сектаға бөлініп, қоғам мен мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіретін болса, онда ондай діннің қазақ қоғамы дамуына түкке де қажеті жоқ.

- Сен мына қайта-қайта қаулап жатқан өртке не дер едің?

- «Барахолкадағы» екі бірдей өрттің шығуына базарлардың орнына үлкен сауда орындарын салғысы келетін кейбір шенеуніктердің тарапынан жасалып жатқан рейдерлік әрекет болуы мүмкін деп ойлаймын.

«Барахолка» - қаншама отбасын асырап, мыңдаған адамдарды жұмыспен қамтып отыр. Сол базарлардан елдің түкпір-түкпіріне әртүрлі тауарлар тасымдаланатынын және соны сату арқылы ғана отбасын асырап отырған адамдарды есептпесек, «Барахолка» арқылы күн көріп отырған адамдардың саны миллиондап кетеді. Үкімет мұндай топтарды «өзін-өзі жұмыспен қамтушы» деп жұмыссыздар санына да қоспады. Енді сол базарлар жабылып қалса, ел қалай күн көреді? Жұмыс болса, жоқ.

- Ермек бауырым, мен жәбірленуші ретінде құқымды қорғату үшін кімге шағымдана аламын?

- Құқыңызды қорғау үшін адвокаттың қызметіне жүгінуіңізге тура келеді. Жалпы, адвокаттардың жақсы-жаманын сұрастырып біліп алғаныңыз артық болмайды. Егер іс күрделі болмаса, онда жас адвокат жалдаған дұрыс.
Адвокаттардың ең жақсы қасиеттері: табандылық, істі бірден өз қолына алуы және бірбеткейлік. Адвокатта ең әуелі рух болуы керек. Рухы бар адвокат қандай істен де шешім табады әрі талмай ізденеді, істі соңына дейін апарады. Бір сөзбен айтқанда, адвокатты жалдамалы жауынгер, самурай деуге болады.

- Ермек мырза, қазақ үшін не істедіңдер?

- Көп нәрсе істедім деп ойлаймын. Қытай мен Қазақ, Өзбек пен Қазақ шекара дауларында қазақ жерін қорғауға жұмыс жасадым. Жер мәселесі бойынша Президентке хат жазып, қазақ жерінің тұтастығы мен мүддесі туралы ашық айттым. Қазақ жерінің мәселесімен күрес жолында түрмеге отырдым. Қазірде банктердің жасырын несиесін әшкерелеп, халықтың ақшасын қайтаруға жұмыс істеп жатырмын.

- Қазақ тілінде қашан сөйлейсіңдер?

- Қазақша сөйлеймін. Бірақ, ойымды толық әрі сауатты түрде жеткізе алмайтыныма қатты ұяламын. Солтүстіктен 1995 жылы Алматыға келдім. Келерде, оңтүстік жақ түгел қазақ қой, бәрі қазақша сөйлейтін шығар, тез үйреніп кетермін деген ойда болдым. Келсем, мұнда да бәрі орысша сөйлейді екен. Құдды, орыс қаласы сияқты.
Менің әке-шешем Ресейдің Қорған облысынан көшіп келген. Көп жылдар бойы Қостанай облысында тұрдық. Білімді орысша алдым. Соның кесірінен болар, қазақшаға тілім әлі күнге шорқақ.

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2257
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3535