Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4037 0 пікір 29 Қараша, 2013 сағат 11:14

«БОТАҚАНДА» ӨСУ - ҚЫЗЫҚ

Атырау облысы Мақат ауданының Доссор мұнайшылар ауылында екі жылдан бері коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Ботақан» балабақшасы жұмыс істейді. Бұл мектепке дейінгі мекемеде балғындарға барлық жағдай қарастырылған. Сондықтан да, әрбірДоссор тұрғынының өз баласын осы балабақшаға бергенді армандайтыны анық. Атап өтер жайт, кезінде осы балабақша құрылысына, қажетті жабдықтар мен жиһаздарды алуға «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ қаржы бөлген болатын.

«Ботақан» балабақшасының ашылуы Қазақстандағы мұнай өндіру өнеркәсібі басталған Доссор кен орынының жүз жылдығына қарай орайластырылды.

Мұнда күнде 117 бала келіп, тәлім алады, бірақ бастапқыда ғимарат 80 орынға жоспарланған екен.Соған қарамастан, балаларын балабақшаға бергілері келетін ата-аналардың өтініштері толастар емес.

«Ботақан» балабақшасыныңсырты ғана көз қызықтырарлықтай шуақты емес, сонымен қатар, іші де жайлы ғимарат. Бұл сабақ оқитын бөлмелерімен қатар, балаларға ойнайтын орындармен толық жабдықталған заманауи кешен.Бұл Мақат ауданындағы интерактивті тақтасы бар жалғыз мектепке дейінгі мекеме.

Балабақшаға келгісі келетіндердің саны көп болғандықтан, балабақша негізінде тағы да мектепке дейінгі білім беретінқосымша екі шағын-орталық ашылды. Балалар мұнда түске дейін тәрбие мен білім алады. Ескере кететін жайт, «Ботақанда» жұмыс істейтін 16 педагогтың жартысынан астамы жоғары білімді.

Балабақша ұжымының алға қойған басты міндеті – балаларға үйдегідей жағдай жасау. Балалардың жүзінен оларға балабақшаның ұнайтыны көрініп-ақ тұрады. Ойын бөлмелері ойыншықтарға лық толы. Әртүрлі оқу құралдарының үлкен таңдауы бар. Барлық топта теледидарлар, кондиционерлер, диспенсерлер бар.

«Ботақан» балабақшасын «балалық шақтың аралы» деп атауға болады. Мұнда мекеменің өзінің қазандығы, кішігірім кір жуатын орны, ас үйі мен шаруашылық блоктары бар. Балабақшаның құрылысына, жабдықтарына, жиһазына, сонымен қатар ауладағы ойын алаңына «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚқаржы бөлді. Балдырғандардың ата-аналары, бұл мектепке дейінгі мекеме Доссордың кішкентай тұрғындары үшін керемет сыйлық болғандығын айтады.

Сурет №01. Әр топтың ойын ойнайтын, тапсырмаларды орындайтын кең бөлмелері бар.

Сурет №02. Жылда моториканы дамытуға арналған «ақылды» ойыншықтар сатып алынады.

Сурет №3.Шағын-орталықта балаларды мектепке дайындайды.

Сурет №04. «Өскен соң дәрігер боламын!»

Сурет №05. Бірге ойнаған қызықтырақ.

Сурет №06. Балаларды тек қана үй тағамдарымен тамақтандырады.

Сурет №07. Сурет салу-сүйікті іс.

Сурет №08.«Айырымды қай жаққа қарай істейміз?»

Сурет №09. Мұнда аналардың болашақ көмекшілері өсіп келеді.

Сурет №10. Шаруашылық блогында бала бағушы түскі асқа дайындық жасайды.

Сурет №11. Жайлы жатын бөлмелерінде жақсы түстер кіреді.

Сурет №12. Аулада әр топтың өз күркесі мен сырғанауға арналған құралдары бар.

Сурет №13. «Ботақан» балабақшасының директоры Жанар Қожаниязова: «Біздің мектепке дейінгі мекемеміз- облыстағы ең үздік мекеме!»

Сурет №14. Егер бір нәрсе қолдан келмей жатса, тәрбиеші үнемі көмек көрсетеді.

Абай-ақпарат

0 пікір