Жұма, 18 Қазан 2019
Жаңалықтар 4268 0 пікір 28 Қараша, 2013 сағат 09:52

Н.Назарбаев: «Орыс тілі - үлкен көршіміздің тілі. Біз орыс тілін ұмытпауымыз керек»

Президент Назарбаев қазақ тілі – мемлекеттік тіл мен ресми тіл - орыс тілі туралы әр кезеңде әртүрлі пікір айтты. Ал, бұл жолы - Астанада өтіп жатқан «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдығына арналған форумда айтқан пікірі: «Орыс тілі - біздің үлкен көршіміздің тілі. БҰҰ-ның алты тілінің бірі. Біз бұл тілді ұмытпауымыз керек, оны лақтырып тастауға болмайды. Өзге ұлтты кемсітіп, өз ұлтыңды көтеру мүмкін емес. Сондықтанда үш тұғырлы тіл мәселесін айтып келемін. Ағылшын тілі бізге әлемдік аренаға шығу үшін керек. Дүниежүзінде жарық көретін 10 миллион кітаптың 85% ағылшын тілінде. 3,5 мың шетелдік компания Қазақстанда жұмыс істейді. Олармен қай тілде сөйлесеміз? Үш тілділік біз үшін қалыпты жағдай болуы тиіс».

Президент бұған дейін де үлкен жиындарда орыс тілінің қажеттілігі туралы айтқан. Бүгін де айтып отыр. Алайда, Қазақстан үшін орыс тілінің қажеттілігін айқындайтын нақты дәлелдер келтірген емес. Бар болғаны: «Орыс тілі - біздің үлкен көршіміздің тілі. БҰҰ-ның алты тілінің бірі. Біз бұл тілді ұмытпауымыз керек, оны лақтырып тастауға болмайды. Өзге ұлтты кемсітіп, өз ұлтыңды көтеру мүмкін емес».

Жалпы, қазақ тілі мәселесі Қазақстандағы ең күрделі әрі күн өткен сайын толғақты проблемаға айналып, жыл сайын саны артып, ресми түрде халықтың 67% құрап отырған қазақ халқының ар-намысын шабақтайтын өткір дүние болып тұр. Бұл – Президент Назарбаев Қазақстанды билеп келе жатқан 22 жылда қалыптасқан және шешімін таппаған ұлттық мәселенің бірі ғана. Қазақ тілі, басқада ұлттық мәселелердің шешілмеуі тіпті шешуге деген ниеттің болмауы, Президент пен Үкіметті халық сенімінен айырды. Билік халық сенімінің орнын «Президентке сүйіспеншілік» секілді қоғам тарапынан тек қана күлкі шақыратын жағымпаз әрі жеке басқа табынушылық сипаты басым бір реттік шаралармен толтырып, Президентке көзбояушылық жасаумен айналысып келеді.

Ал, алдағы уақытта Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай қалай өрістейтінін ешкім дөп басып айта алмайды.
Abai.kz

0 пікір