Жексенбі, 20 Қазан 2019
Жаңалықтар 1287 0 пікір 27 Қараша, 2013 сағат 08:23

«Самұрық-Қазына» әкімшілік шығындарын 10 млрд теңгеге қысқартты

2013 жылы «Самұрық-Қазына» қоры шығындарды оңтайландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді: әкімшілік шығындар 10 млрд теңгеге азайды. Ал қордың ірі компанияларының шығындарын қысқартудың үш жылдық бағдарламасы 135 млрд теңге үнемдеуге септігін тигізбек. Ағымдағы жылдың бірінші жартысында 21 млрд теңгеден астам табыс байқалғаны атап өтерлік жайт.

Сондай-ақ, топ ішіндегі кооперация есебінен шығындарды қысқартудың бағдарламасы енгізілді. Бұл қадам жанар-жағармай бойынша «Қазмұнайгаздың» өзге компаниялармен тікелей байланыс орнатуы арқылы ғана топ бойынша жылына 6 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік бермек.
2
015 жылдың аяғына дейін профильдік емес активтерді қайта құрылымдау бойынша шаралар аяқталмақ. Бүгінгі таңда 560 нысаннан 409 актив иеліктен шығарылып үлгерді.

Үнемге электрондық сатып алулар жүйесі аясында да қол жеткізілуде. Нәтижесінде топ бойынша шығындар 9 млрд теңгеге жуық сомаға төмендеді. Бұл көрсеткіш, қорда түсіндіргендей, жүйенің әлеуетін пайдаланған сайын өсе бермек.

«Біз стратегиялық жоспарлау сапасын жақсартудамыз. Анығырақ тоқталсақ, әр компанияға 10 жылға тиісті меже, қызметтің негізгі көрсеткіштері бекітілді. Әр көрсеткіш бойынша бағынған белестер жемісін тоқсан сайын таразылаудамыз. Қордың барлық тобы өз саласындағы әлемдік көшбасшыларды үлгі тұтуда. Әр компания үшін бенчмаркинг тармағын белсенді насихаттаудамыз. Соның негізінде мақсатты көрсеткіштер айқындалуда», – дейді қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.
Дереккөз: «SK News»

0 пікір