Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3296 0 пікір 26 Қараша, 2013 сағат 07:10

Шәріпхан Қайсар. Қазақ тілі және бейшара билік

«Жиенқұлға келгенде шықпас үнім» деп Сара анамыз айтқандай, мемелкеттік тіл талабына келгенде жер шұқып отырмыз. Кеден одағына кіргенімізге 2 жыл болды. Ал Еуразиялық одаққа кіруге де әзірлік молынан жүруде. Бұл - аты экономикалық болғанмен Ресей үшін заты саяси одақ екені белгілі. Оған қазір Ресей тарапынан идеологиялық мазмұндар қарастырылуда: ортақ тарих мәселесі, орыс тілінің ТМД аумағындағы ахуалы т.т. Ал бұған біздің жақ мелшиген күйі отыр. Ең болмаса екі тілді білу талабын қозғай беруге де, тіпті, қазақ еместерді кәкір-шүкір мемқызметке алу жағын қарастыру арқылы қазақ тіліне деген сұранысты арттыру да қарастырып жатқан жоқ. Дегенмен, бұған қажетті құрал әзір: осыдан бірнеше жыл бұрын қолға алынған бұл жоба тіл мәселесі саласындағы ең жетік те нәтижелі екенін басып айтуға да, ұялмай айтуға да болады. Ресей гастербайтерларға да орыс тілін тықпалап отырғанда, біздің бейшара билік мемлекеттік қызметтегі қарапайым лауазым иелерінен де қазақ тілін талап ете алмай отыр. 98 пайызы қазақтар бола отырып, өздерін өздері көндіре алмауда. Білуімізше, бүгінге дейін 22 мыңдай адам Қазтест сынағынан шынайы емтихан емес, байқау ретінде ғана өткен. Оның 70-80 пайызы ойдағыдай баға алған. Бұл жүйеден мемлекеттік мекемелер мен органдардан бастап, ұлттық компаниялар, әскери мекемелер, коммерциялық ұжымдар да өтіпті.

«Жиенқұлға келгенде шықпас үнім» деп Сара анамыз айтқандай, мемелкеттік тіл талабына келгенде жер шұқып отырмыз. Кеден одағына кіргенімізге 2 жыл болды. Ал Еуразиялық одаққа кіруге де әзірлік молынан жүруде. Бұл - аты экономикалық болғанмен Ресей үшін заты саяси одақ екені белгілі. Оған қазір Ресей тарапынан идеологиялық мазмұндар қарастырылуда: ортақ тарих мәселесі, орыс тілінің ТМД аумағындағы ахуалы т.т. Ал бұған біздің жақ мелшиген күйі отыр. Ең болмаса екі тілді білу талабын қозғай беруге де, тіпті, қазақ еместерді кәкір-шүкір мемқызметке алу жағын қарастыру арқылы қазақ тіліне деген сұранысты арттыру да қарастырып жатқан жоқ. Дегенмен, бұған қажетті құрал әзір: осыдан бірнеше жыл бұрын қолға алынған бұл жоба тіл мәселесі саласындағы ең жетік те нәтижелі екенін басып айтуға да, ұялмай айтуға да болады. Ресей гастербайтерларға да орыс тілін тықпалап отырғанда, біздің бейшара билік мемлекеттік қызметтегі қарапайым лауазым иелерінен де қазақ тілін талап ете алмай отыр. 98 пайызы қазақтар бола отырып, өздерін өздері көндіре алмауда. Білуімізше, бүгінге дейін 22 мыңдай адам Қазтест сынағынан шынайы емтихан емес, байқау ретінде ғана өткен. Оның 70-80 пайызы ойдағыдай баға алған. Бұл жүйеден мемлекеттік мекемелер мен органдардан бастап, ұлттық компаниялар, әскери мекемелер, коммерциялық ұжымдар да өтіпті. Бір қуанарлығы, басшылар да, қызметкерлер де бұны жаппай міндеттеуге келгенде заңдық негіз бен арнайы нормативтік акт жоқ екендігін алға тартады. Жаппай өткізуге биліктегі қасқалар аузы-басын бояп, орысшамен көпіріп, ағылшыншаны ежіктеген ерке хатшы қыздар мен бикелер, ырбаңдаған шолжаң ұры ұлдар «Біздің құқымызды бұзып жатсыңдар!» деген бір ауыз сөзден бұғып отыр. Міне, мемлекеттік идеология мен ұлттық құндылықты кімдер ақалай аяқасты етіп отырғанын осыдан байқаңыз.

Abai.kz

0 пікір