Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4106 0 пікір 26 Қараша, 2013 сағат 06:47

Отандық тарих қалай жазылмақ?

Сонымен, елдегі ішкі саясаттың маңызды да өзекті тақырыптарының бірі – отандық тарих мәселесі екендігі мемлекеттік хатшының кірісуімен жаңа оқу жылына жаңа серпін бергені рас. Дегенмен, кез келген игі бастаманы қызыл науқанға айналдыратын бәлшебектік әдетімізге басып, қанша оқу орны болса, сонша дөңгелек үстел мен конференцияларды балалата бастағанымыз да рас. Әйтеуір, дер кезінде президенттің өзі тоқтау салды...

Десек те, ғалымдардың, журналистердің, жалпы қоғамтану саласына жақын жұртшылықтың бір бірімен араласып, мәз болысқаны өз алдына, сирек те болса, бұл мәселеге барынша ынты-шынтысымен кіріскен азаматтардың барын да көре білуіміз керек. Соның бірі - Әлиев Орақ Жолмырзаұлы,«Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор, “Universum-Metaepistemia” қоғамдық академиясының президенті, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің философиялық экономикалық ғылыми жиналысының толық мүшесі, Шаруашылық философиясы академиясының академигі (Ресей).

Бұл кісінің назарымызды аударған бір ғана еңбегін атап өткеніміз дұрыс деген ойдамыз, себебі, оның «Казправдаға» (№№258,263,23-30.08.2013, «К осмыслению теортических основ отечественной истории») шыққан «Отандық тарихтың теориялық негіздерін ойластыру» атты мақаласы отандық тарихқа ғана емес, жалпы гуманитарлық сала ғылымдарының қай қайссына да қажетті тұжырымдамалық бағдары бар іргелі еңбек. Бұған дейін қоғамдық алқа деңгейінде айтылып келген жайдақ ойларды О.Әлиев нағыз ғылымтану саласының пайдасына ойыстырып, ғылыми-идеологтарға табылмайтын идея мен бағыт деуге тұрарлық еңбек жазып шығыпты. Тарихшы болмасақ та, біреудің бақшасына түскендей болмайық, бірақ біздің қазақы ортада көп айтылатын «нағыз емес, дилетанттар ғой» деңгейінедегі бағаның өзіне Орақ Жолмұрзаұлы қисынды ғылыми тұжырыммен жауап беріпті.

Ол «Ғылымды кім жасайды?» деген мәселеге дипломдылар ғана емес, әуесқой энтузиастардың да үлесі аз еместігін келтіреді. «Кәсіпқойлар: өз қасаңына қамалады, өз ортасында перделенеді, өз кеңістігінде тұйықталады, ал әуесқойлар: сырткөз ретінде мәселеге тосын көзқараспен қарайды; қоздырушы оймен, ақылдан тыс идея тастайды» дей келе Шоқан әскери маман,бірақ әлемдік географияға үлес қосды; Марғұлан – тарихқа филолог ретінде кірді,бірақ онсыз қазақ тарихын елестету мүмкін емес; Маркс – экономикаға заңгер ретінде барды, бірақ саяси экономиканы бүгінгі капитализм де айналып өте алмайтын болды...

Орекең ғылым саласына, ғалымдарды бөле жармай, оларға мейлінше әділ бағасын бере отырып, отандық тарихқа қажетті басты сүбелі жайттарды атап өтумен бірге, нақты ұсыныс айтып, ғылымды дамытудың концептуалдық нобайын сызып берген. Атап айтсақ, ғылымтанушы ретінде ол кісі ғылымды мынадай 11 сатыны атқару арқылы дамытудың теориялық негіздерін ұсынады:

1)Тақырыптандыру: Тарих ғылымының негізгі тақырыптарын табу, нақты да дәл айқындау.
2)Өзектендіру: Кез келген тарихи зерттеу тақырыбының өзекті екендігін теориялық тұрғыда негіздеу.
3)Мәселелендіру: Тарих ғылымындағы негізі және қосалқы мәселелерді анықтау мен күн тәртібіне қойу.
4)Нысандандыру: Тарихи зерттеу нысандарының айқындалуы.
5)Субъектендіру: Нағыз тарихтың субъектілерінің анықталуы: халықтар, кластар, таптар, қауымдар.
6)Зерзаттандыру (автордың қазақы термині - предметизация):
Тарихи түпнұсқа-зерзаттың табылуы мен бірмәнді тұрғыдан тіркелуі.
7)Әдіснамалау: таным жарақтарын, әдістерін, әдістемелері мен технологияларын анықтау.
8)Қағидалау – теорияландыру: мазмұнды тарихи жорамалдар мен тұжырымдамаларды, қағидаларды, парадигмаларды әзірлеу.
9)Аксиоландыру: тарихи фактілерді,оқиғаларды, құбылыстарды, феномендер мен үрдістерді, заңдылықтарды сипаттау және баға беру.
10)Праксиоландыру: тарих ғылымы ретінде де, жекедара тарихи зерттемелер ретінде де қажетті функциялар, мақсаттар мен міндеттер жүйесін құру.
11)Нәтижелендіру: ғылым қызметінің нәтижелер жүйесін тіркеу мен нақты тұжырымға келтіру.

Байқап отырғанымыздай, ғылым тек қана отырыстар мен мәжілістерден емес, оны ұйымдастырудан, одан да бұрын,тіпті ғылыми-теориялық бағытын, сатыларын айқындаудан тұрады екен. Мұны отандық тарих пәнінің тұжырымдамалық негізі деуге де болар. Ұлтымыз үшін барынша маңызды да өзекті мәселе әлдебір «ортақ тарихтың» отынына айналмас үшін біздің тарихшылар бұл іске білек түре кірісер деген үмітіміз бар.
Серік Ерғали
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3595