Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2867 0 пікір 22 Қараша, 2013 сағат 04:50

Тендерге қолды салғаны қазақстандық кәсiпкерлердi таптап кеткенi

Жақында Ресейдiң Екатеринбург қаласында Шекаралық ынтымақтастық жөнiндегi iскерлiк кеңестiң пленарлық отырысы өттi. Онда Қазақстандағы тендерлер мен мемлекеттiк сату-сатып алуға Ресей мен Беларусьтiң кез келген заңды тұлғасы, яғни кәсiпкерi қатыса алатыны туралы сөз қозғалды.
Егер бұл бастама заңды кү­шiне енсе, қаңтардан бастап Қазақстанның экономикасына, мемлекеттiк iсiне Кедендiк одаққа мүше елдер бас сұға бас­тайды. Бұл орында басы қылтиятын басты мәселе – Қа­зақстан экономикасына, экономикалық тәуелсiздiгiне қауiп-қатер төне­тiн­i. Сөз жоқ, атал­ған үш елдiң нарығында қарама-қайшылықтар жетiп артылады. Ендi ғана тәй-тәй басып келе жатқан қазақстандық кәсiпкер­лер, мәселен, әлем нарығында ойып тұрып орын алған ресейлiк кәсiпкерлермен иық тiресiп, бә­секеге түсе ала ма? Егер Қазақстанның мемлекеттiк сатып алу жүйесiне ресейлiк және бела­русь­тiк кәсiпорындар қатысса, әлi аяқтан тiк тұрып үлгермеген қазақстандық кә­сiпкерлердiң күнi не болмақ?
Жауырды жаба тоқып не керек, Кедендiк одаққа кiретiн ел­дердiң экономикасында бiрiне-бiрi қарама-қайшы келетiн талаптар шаш етектен. Айталық, Ресейдiң заңдарының Қазақстан заңдарынан айырмашылығы жер мен көктей. Әкiмшiлiк талаптары да, мемлекеттiк салықтары да әр басқа. Мұндайда Ре­сейдiң, не Беларусьтiң кәсiп­керлерi Қазақстанның тендерле­рiне, мемлекеттiк сату-сатып алу iсiне араласуы жөн емес.

Кедендiк одақтың мемлекет­тiң тәуелсiздiгiн шектейтiнi жөнiнде қанша рет жазылды, қан­ша рет айтылды. Қоғамда қарсылық та бар. Дегенмен, қа­зақ билiгi дегенiнен таймай, құлдық қамытқа өзi барып басын сұғуда. Мемлекеттiк сату-сатып алуға өзге елдердiң кәсiпкер­лерiн араластырып, заңдастыру сол қамытқа алып баратын жолдың бiрi екенi бесенеден белгiлi болса да, дегенiнен қайтар емес.
Қазақ кәсiпкерлерi ресейлiк, не беларусьтiк әрiптестерiмен бәсекеге түсе алмайды. Бұл үшiн кәсiпкерлердi айыптап, сөгуден аулақпыз. Өйткенi отандық кәсiпкерлер әлi етек-жеңiн жинап үлгерген жоқ. Өзге ел былай тұрсын, өзара бәсеке­лес­тiктi қалыптастыра алмай келедi. Себебi бүгiнге дейiн кәсiпкер­лiктi дамыту үшiн жағдай жасалған жоқ. Ал мемле­кеттiк сатып алуларды көршiге үлестiрiп берсек, қазақстандық кәсiпкер­лердiң күнi қараң болмақ. Қазiргi таңда отандық кәсiпкерлердiң кәдесiне жарап тұрған да – осы мемлекеттiк сатып алулар. Сондықтан әуелi отандық кәсiпкер­лердi қолдап, оларға жағдай жасамайынша, мемлекеттiк сату-сатып алуға кiрмелердi араластыру үлкен қателiк.
«Атамекен» кәсiпкерлер ұлт­тық палатасының басқарма мү­шесi Тимур Назхановтың пiкiрiн­ше, кәсiпкерлердiң үлкен нарыққа қадам басуы үшiн мем­лекеттiк қадағалау мен демеу ауадай қажет. Елiмiздегi тендерлер мен мемлекеттiк сату-сатып алуға Ресей мен Беларусь­тiң кез келген заңды тұлғасы қатысса, сөз жоқ, кәсiп­керлер­дiң бәсекелестiгi нығаяды. Дегенмен, Қазақстан экономикасының үрдiстерiне сын-қатер тө­недi.
Бесiктегi балаға да аян, бұл өзгерiске қазақстандық кәсiп­кер­лер дайын емес. Ал өндiрiсi дамыған, оң солын танып, тауарларын экспорттап дағдыланған Ресей мен Беларусь бұл бастаманы қос қолдап қолдайтыны анық. Екi ортада делдал болып, өзгенiң тауарын алып, сатып қана жүрген қазақстандық кәсiпкерлер мұндай бәсекеге төтеп бере алмайды. Егер Кеден одағы шеңберiнде өзге елдердiң кәсiпкерлерi Қазақстанның мемлекеттiк сату-сатып алуға кiру үшiн заңды құқыққа ие болса, қазақстандық кәсiпкер­лердi таптап кететiнi сөзсiз. Себебi отандық кәсiпкерлер, одақтас елдердiң нарығын жаулауға әлi қауқарсыз.
Мамандардың пiкiрiнше, жығылғанға жұдырық, Қазақстанда да, Ресей және Беларусьта да жең ұшынан жалғасқан жемқорлық жайлап кеткен. Әсiресе, қазақ жерiндегi бұл iндеттiң тамырлап кеткенi сонша, шектеу қоюға құзырлы органдардың өзi дәрменсiз. Мұндайда өз елiнде ғана емес, әлем нарығында орнын тауып үлгерген одақтас кәсiпкерлердiң қазақ кәсiпкерлерiн шаңында қалдыруы әбден мүмкiн. Мамандар бұл бiрiншiден, Қазақстандағы жемқорлықтың одан әрi жайылуына алып келсе, екiншiден отандық экономиканың құлдырауы­на соқтыратынын да жасырмайды. Сондай-ақ, өзге елдердiң кәсiпкерлерiн мемлекеттiк тендерге араластырудан бұрын, қазақстандық кәсiпкерлердi мемлекеттiк тұрғыдан барынша қолдап, қуаттап аяқтан тiк тұрғызған абзал дейдi.

Д.ДАБЫЛБЕК.
"Жас Алаш" газеті

0 пікір