Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2651 0 пікір 3 Қараша, 2013 сағат 19:16

Азиялық Паралимпия ойындарынан қола медальмен оралды

25-30 қазанда Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен жасөспірімдер арасында Паралимпиялық ойындарда Қазақстан Республикасының құрама командасы алты спорт түрі бойынша қатысқан болатын. Көру мүмкіндігі шектеулі және тіреуіш-жүру мүшелерінде ақаулары бар мүгедектер арасында спорттың 14 түрі бойынша жарысқа әлемнің 32 елінің құрамалары қатысты.
Құрама сапында волейболды отырып ойнаудан Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының 3 спортсмені қатысты. Олар: Бекнұр Бисенов, Ержан Оңаев и Бақтықожа Орысбаев.
Жарысқа волейболды отырып ойнаудан Ираннан, Ирактан, Малайзиядан жәнеҚазақстаннан 4 команда қатысқан болатын. Ойын екі айналымда өтті, яғни әрбір команда бір-бірімен екі рет кездесті. Алдын ала ойын бойынша біздің команда Иран және Ирактың құрама командаларынан ұтылып, алаң иесі малазиялықтарды ұтты. Жартылай финалдың өзінде қазақстандықтар 3 орынды иеленген еді. Бірінші және екінші орындар сәйкесінше Иран және Ирак елдерінің құрама командаларына бұйырды.
Дегенмен өз кезегінде біздің балалар жарыста бір-біріне өте тез үйренісіп қола медаль иемденгендеріне аса риза болды. Себебі сегіз спортсменнің алтауының Паралимпиялық ойындардағы бұл бірінші марапаттары еді.

Барлық спорт ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы жалпы командалық есепте 32 елдің ішінен 9 орынды иеленді. Енді облыстық паралимпиялық команда волейболды отырып ойнаудан 1-5 желтоқсанда Омск қаласында өтетін он алтыншы халықаралық турнирге қатысады деп күтілуде. Ал одан кейін бірден 9-15 желтоқсанда Пекинде өтетін Азия кубогіне қатысады.
Abai.kz

0 пікір