Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3130 0 пікір 4 Қараша, 2013 сағат 18:56

Еңселі емхана есігін айқара ашты

Мұнайлы ауданының орталығы Маңғыстау ауылында орталық аудандық емхананың ашылуына арналған салтанатты шара болды. Оны құттықтау сөзбен ашқан облыс əкімі Алик Айдарбаев аудан тұрғындары мен медицина қызметкерлеріне құтты болсын айтып, игі тілегін білдірді. Сондай-ақ ол жыл аяғына дейін осы ауданда тағы төрт дəрігерлік амбулатория пайдалануға берілетіндігін сүйіншілей жеткізіп, Маңғыстау селосында салынатын аурухананың құжаттары əзірленіп, құрылысын қаржыландыру мəселесі қарастырылып жатқанын, биыл ауданға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген 53 медицина қызметкеріне біржолғы жəрдемақы жəне 7 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие тағайындалғанын айтты. Өңір басшысы осындай қолдаулар нəтижесінде медициналық қызмет сапасы артатындығына сенім білдірді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша осында жұмыс істеп жүрген жас маман Ақбота Шындауова, аудан ақсақалы Құлжан Егізқараев құттықтау тілектерін ақтарып, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан осынау қуаныштарын бөлісті. Ал денсаулық сақтау саласының ардагері, аудан тұрғыны Айдан Керелбаева облыс əкімі Алик Серікұлымен бірге емхананың ашылу салтанатында таспа қию рəсімін орындады.

Емхана ішіне кіргенде кең де жарық холлдағы ыңғайлылық назар аудартпай қоймайды екен. Одан əрі тіркелуден бастап толып жатқан қабылдау бөлмелері. Мұнда бір ауысымда 250 адам қабылдайтын мүмкіндік бар. Жүкті əйелдер кеңесі, балалар бөлімшесі өз алдына бөлек.

– Емханада барлық жағдай қарастырылған, - дейді аудандық аурухана директорының орынбасары Жанар Сариева.-Мысалы, бұрын бізде болмаған қанның жалпы анализін тексеру, биохимиялық анализаторлар, иммуноферментті анализ секілді əр түрлі талдамаларды тексеретін қымбат бағалы көп функциялы аппараттар қондырылған. Арнайы мамандандырылған мамандар үшін əр кабинетте заманауи қондырғылар бар. Кардиолог, невролог, офтальмолог, хирург, травматолог, лор дəрігерлері өз бөлмелерінде алаңсыз жұмыс істей алады.

Келесі жылы бұл емхана Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің жаңа бағдарламасы аясында амбулаторлық-емханалық көмекті ұйымдастыру бойынша автоматтандырылған электрондық жүйемен жұмыс жүргізбек. Сөйтіп, жаңа емхана кезек күттірмейтін емхана бағында жаңаша жұмыс бастамақшы.

Сол күні облыс басшысы аудан орталығынан бой көтерген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жаңа ғимаратында болып, оның жұмысымен танысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596