Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2696 0 пікір 4 Қараша, 2013 сағат 18:03

Заң азаматтардың құқығын қорғау үшін керек

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 28 қарашасындағы Жарлығымен бекітілген Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ауыл əкімдерінің сайлауын қамтитын жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мəселелері бойынша заң жобасы əзірленген болатын.

Заң жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруда азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету үшін құқықтық шарттарды жасауға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 28 қарашасындағы Жарлығымен бекітілген Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ауыл əкімдерінің сайлауын қамтитын жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мəселелері бойынша заң жобасы əзірленген болатын.

Заң жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруда азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету үшін құқықтық шарттарды жасауға бағытталған.

Бұл заңның негізгі нормалары жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) арқылы басқарушылық шешімдерді қабылдауда тұрғындардың қатысуын, мүдделілігін жəне жауапкершілігін ынталандыру жолымен жергілікті маңызы бар мəселелерді шешуде ауылдардың, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың халқының рөлін арттыру, аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдық округтерде, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін ауылдарда əкімдерді тағайындау немесе сайлау кезінде мəслихаттардың рөлін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған əкімдерге өзінің кіріс көздерін қалыптастыру, кірістер мен шығыстарды көрсету үшін қазынашылық органдарында арнайы есепшоттар ашу құқығын ұсыну, ауыл əкімдеріне коммуналдық меншіктің бір бөлігін беру жолымен жергілікті маңызы бар мəселелерді шешуде басқарудың төменгі деңгейіндегі əкімдердің қаржылық жəне экономикалық дербестігін кеңейту құқықтарын берді.

Заң жиналыстар мен жиындар арқылы халықтың еркін білдіру бөлігінде азаматтардың конституциялық құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді, аудандық (қалалық) мəслихаттар тарапынан аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін ауылдардың əкімдерін сайлауды қамтамасыз етеді, халықтың басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатысуы арқылы сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді алуға, санитарлық жағдайды, қоғамдық тəртіпті жақсартуға деген қызығушылығын арттырады, жергілікті маңызы бар мəселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражаттарын пайдалануға мониторинг жүргізуге жергілікті халықтың қатысуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікке қаражаттарды беру арқылы жергілікті маңызы бар мəселелерді шешуде төменгі деңгейдегі əкімдердің дербестігін кезеңмен жəне біртіндеп нығайтады. 

2013 жылдың 13 сəуірінде Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңына қол қойды.

Заң мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктердің аражігін ажыратуға жəне жергілікті, орталық мемлекеттік органдардың жəне олардың құрылымдық бөлімдері қызметтерінің қайталануын жою, жергілікті атқарушы органдарды нығайту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халыққа біршама жақындатуға бағытталған.

Сонымен бірге бөлінген мемлекеттік органдардың қайта бөлінген функцияларын заңды бекіту бөлігінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы №466 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру туралы» Жарлығын іске асыру қарастырылды.

Ауыл əкімдеріне салалық заң актілерімен 67 функция берілді, олардың аппараттарын нығайту мақсатында орталықтан өңірлерге 4369 бірлік, сондай-ақ облыстық деңгейдегі жергілікті атқару органдарынан 500 бірлік штат берілді.

Өңірлердің əлеуметтік-экономикалық даму спецификасы мен ерекшелігіне байланысты жергілікті мемлекеттік басқарудың оңтайлы құрылымын анықтауда өңір əкімдеріне барынша дербестік беру мақсатында Жергілікті мемлекеттік басқарудың Типтік құрылымының орнына Базалық құрылым енгізіледі.

Сонымен қатар 2013 жылдың 13 сəуірінде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына қол қойды.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы мемлекеттік қызмет көрсету жəне олардың сапасын арттыру саласындағы қызметін реттеуге бағытталған.

Заң аясында мемлекеттік қызметті көрсететін субъектілердің тиімді əрекеттесуіне, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға бағытталған əртүрлі құралдарды енгізу қарастырылады.

Оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобасын жария талқылау, əзірлеудің нақты тəртібі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін бекіту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жəне электронды түрде көрсету тəртібі енгізіледі.

Бұдан басқа заңды тұлғалардың жəне үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу енгізіледі, бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мəселелері бойынша мемлекеттің азаматтармен кері байланысты қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы заңының номаларына сəйкестендіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы аясында Қазақстан Республикасының бірқатар заң актілеріне түзетулер енгізілді.

Маңғыстау облыстық сотының судьясы Гүлжахан Иманғалиева «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңына сəйкес кəсіпқой емес медиаторлармен даушарларды сотқа дейін реттеу мəселелері туралы əңгімелеп, медиация жөніндегі заңнамаға түсініктер берді жəне аудан-қалалар əкімдерін медиацияны дамытуға қолдау білдіруге шақырды.

Сондай-ақ мемлекеттік органдар басшылары мен қызметкерлерінің басқосуында облыстық қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Марха Өтенова қолма-қол ақшаның бақылау есепшотын ашу жəне кассалық қызмет көрсету туралы айтса, облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Толыбаева бюджеттік қаражаттарды пайдалану мен жергілікті өзін-өзі басқарудың кірісті көздерінің мониторингі жөнінде кеңінен баяндады.

Abai.kz

0 пікір