Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2798 0 пікір 3 Қараша, 2013 сағат 12:51

Елдос ерлік жасады. Әкім батыр жігітті марапаттады

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев өртеніп жатқан үйден екі бала мен оның анасын құтқарып қалған мұнайшымен кездесті деп хабарлайды   ҚазАқпарат. Елдос Қуан «Бузачи Оперейтинг Лтд.» компаниясында 2010 жылдан бері мұнайды дайындау және айдау тауар орталығының операторы болып істейді.

«Ерлік жасау үшін соғысқа барудың қажеті жоқ. Өмірде ерлік жасайтындай жағдайлар жиі ұшырасады. Бүгінде бүкіл облыстың мақтанышына айналған Елдос сияқты ұлды тәрбиелеген оның анасына үлкен алғыс айтамын», - деді алғыс хатты ұсынған Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев.

Компания басшылығы өз атынан Елдосқа алғыс хат, ақшалай сыйақы мен алда келе жатқан үйлену тойына естелікке сыйлық жасау жоспарлап отыр. «Бузачи Оперейтинг Лтд.» компаниясы тілсіз жаудан жапа шеккен отбасыға жан-жақты көмек көрсетуде. Бұл отбасыға өрттің салдарын жоюға және үйге қажетті заттарды алуға материалдық көмек жіберіліп қойды.

Abai.kz

0 пікір