Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2659 0 пікір 3 Қараша, 2013 сағат 12:48

Білім ұяларының қатары арта түсті

Ағымдағы жылы Маңғыстау өңірінде Білім күні қарсаңында   облыс бойынша 6948 орындық жаңа 8 білім ошағы өскелең ұрпаққа есігін айқара ашты. 

 Соның ішінде Қарақия ауданы, Жетібай кентінде облыс әкімінің қатысуымен 624 орындық мектеп салтанатты түрде ашылды. Жаңа мектептің ғимараты төрт блоктан құралады. Үш бөлігінде оқу сыныптары, методикалық кабинеттер, әкімшілік бөлмелері орналасқан. Мектептің бірінші қабатында 222 орынға арналған асхана, спорт залы болса, екінші қабатта 208 орындық мәжіліс залы және 20000 кітап қорынан тұратын кітапхана бар. Ғимарат құрылысына республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге қаржы бөлінген. Мектептің ескі ғимаратын қайта құрған соң, ол балабақша негізінде іске қосылады.

– Ардақты ұстаздар, құрметті ата-аналар мен оқушылар! Баршаңызды жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймын!-деп құттықтау лебізін білдірді облыс әкімі Алик Айдарбаев. -Бүгінгі күннен бастап, сендер жаңа мектепте білім алатын боласыздар! Елбасымыз айтқандай, мемлекеттің басты байлығы – жас ұрпақ, өйткені олар елдің ертеңі. Ендеше, біз келешек ұрпаққа білім мен тәрбие беру үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Жыл сайын жаңа мектептер бой түзеп, балалар игілігіне ұсынылуда.

Қазірде осы жаңа типті, соңғы технологиялармен жабдықталған жаңа білім ордасы есігін ашып отыр. Құтты болсын! Қазақстанның абыройын асқақтататын айбынды, білімді азаматтар болып өсулеріңе тілектеспін.

Оқушыларды білім күнімен құттықтаған соң, жаңа мектептің көк лентасын облыс әкімі әсем әуен үстінде қиып, ресми түрде ғимаратты оқушылар игілігіне берді. Қонақтар мектептің ішін аралап, технологиялық және ақпараттық тұрғыда соңғы технологиялармен жабдықталған сыныптарды көріп шықты.

Сондай-ақ осы күні Қарақия ауданы, Құрық ауылында 50 орындық жаңа «Нұршуақ» балабақшасының ашылуы өтті. Бұл мектепке дейінгі білім мекемесі «Қазмұнайгаз» АҚ, «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В», «Н Оперейтинг Компани» ЖШС жер қойнауын пайдаланушы - компаниялардың әлеуметтік міндеттемесі аясында салынды. Облыс әкімі Алик Серікұлы кішкентай бүлдіршіндерді жаңа ғимаратпен құттықтап, Қарақия ауданында 14 балабақша жұмыс істейтінін және 2010-жылдан бері «Аружан», «Айналайын» секілді балабақшалар салынғанын атап өтті. Сондай-ақ Бостан ауылында 50 орындық жаңа балабақшаның құрылысы басталғанын тілге тиек етті.

Облыс әкімі Құрықтағы бастауыш мектепті және «Ерсай» ЖШС-нің әлеуметтік серіктестік бағдарламасы негізінде Құрық ауылының Мәдениет үйінде жасалған жаңғыртуды қарап шықты. 6 бастауыш сынып мұғалімі қызмет атқаратын мектепте соңғы технологиялар алынған болса, Мәдениет үйінде бұрын-соңды селода болмаған кинотеатр залы іске қосылған екен.

Сонымен қатар жаңа оқу мауысымы басталған күні Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылында 900 орындық орта мектеп, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосының, Атамекен шағынауданында 624 орындық жалпы білім беру орны, Түпқараған ауданының, Ақшұқыр ауылы және Мұнайлы ауданының, Батыр, Маңғыстау-5, Басқұдық пен Баянды селоларында 960 орындық мектептер ашылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594