Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2660 0 пікір 3 Қараша, 2013 сағат 12:45

Жаңа мектеп жайнап тұр

Соңғы жылдары Маңғыстау өңірінде әлеуметтік жаңа нысандар қатары көбейе бастады. Соның ішінде мектептер мен балабақшаларды, шағын орталықтарды салып, тұрғындар игілігіне беру қарқын ала түсті. Бұл жергілікті билік орындарының Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың « 100 мектеп» және «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруда нәтижелі жүмыстар жасап келе жатқандығын көрсетеді. Осы орайда жаңаөзендіктердің өңірдің өзге жерлеріндегі әріптестеріне мақтанып айтар істері көп. Әр жылда кем дегенде, бір білім ордасы мен мектепке дейінгі мекемелердің бой көтеруі дәстүрге айналды!

Сол дәстүр биыл да жалғасуда. Бұған дәлел Білім күні қаланың «Бостандық» шағын ауданынан 624 балаға арналған орта мектептің пайдалануға берілуі. Оқу орнының ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев, Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Трұмов және мәслихат хатшысы Сахи Мыңбай, «Нұр Отан» ХДП белсенділері қатынасты.

Сүйіндік Тасеменұлы мектеп басшылары мен ата-аналарды Білім күні және жаңа мектептің қолданысқа берілуімен құттықтап, облыс әкімі А. Айдарбаевтың тапсырмасымен мектеп басшысы Бақыт Өмірзақоваға теледидар сыйлап, ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылында табыс тіледі. Содан кейін сөз алған Рыс Жаңаева тәуелсіз еліміздің болашағы – жастардың оқуы мен тәрбиесіне ұдайы қамқорлық көрсетіп келе жатқан Үкіметке, әкімдіктерге ата-аналар атынан рахмет айтты.

Енді жаңадан тапсырылған оқу орны жайлы бірер сөз. 2О11 жылы құрылысы басталған мектепті Ақтау қаласындағы «Бурстрой» серіктестігі екі жылда сапалы етіп салып бітірді. Оқу кабинеттері кең де жарық, ұстаздар жеткілікті, жабдықтары жаңа, оқушылар денсаулығын тексеретін медбике мен асхана ішінде. Жеті жүзге тарта бала мектеп есігін ашса, оның елуі бірінші сынып шәкірттері.

Жаңа мектепке келіп, көппен бірге қуанышын бөлісіп жүрген әжейді сөзге тарттық, «Жаңалық құтты болсын, апа. Осы бір сәттегі көңіл-күйіңізді білгіміз келеді?» «Иә, бірінші сыныпқа немеремді әкелдім, осы жерден үйіміз алыс емес. Келісті оқу орнын салып берген барша азаматтарға шексіз аналық алғысымды білдіремін. Осындай жақсылықтар алда да көбейе берсін».

Әжеміз «жақсылықтар көбейе берсін» деген сөзді негізсіз айтқан жоқ. Бүгін қалада саз мектебі де жаңа орынға көшті. Барлық оқу орындарында күміс қоңырау сыңғыр қақты. Келешекте қала мен оның маңындағы елді мекендерден тағы да сәулетті мектептер мен мектепке дейінгі тәрбие орындары көптеп тапсырылатын болады. Демек, тұрғындар қуанышы жалғаса береді.

Abai.kz

0 пікір