Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3310 0 пікір 2 Қараша, 2013 сағат 16:41

Экологиялық білім насихатталуда

Ақтау қаласында Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында облыстық экологиялық олимпиада болып өтті. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі №924 қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасына, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына сәйкес және Маңғыстау облысының тұрғындарын аумақтық экологиялық мәселелерді шешуге тарту мақсатында ұйымдастырылған экологиялық олимпиада аймағымызда сегізінші рет өткізіліп отыр.

Жыл сайын студенттер арасында өткізілетін олимпиаданың мақсаты-жастар арасында экологиялық білім беруді жақсарту, экологиялық білімдерді насихаттаудың белсенділігін күшейту, жастардың интеллектуалдық дамуы үшін жағдайлар жасау, студенттердің оқутанымдық және оқу-зерттеу жұмыстарын ынталандыру.

Биылғы олимпиадаға облысымыздың Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия, Түпқараған аудандарынан 34 студент қатысты. Олар жалпы экология және Қазақстан Республикасының экологиясы, қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қарекеті қауіпсіздігі, экологиялық құқық бағыттары бойынша сайысқа түсті. Олимпиада екі тур бойынша өткізіліп, бірінші турда студенттер тест бойынша 50 сұраққа жауап берді. Байқау барысында 15 студент екінші турға өтіп, зертханалық жұмыстар бойынша білім сынасты.

Әділ қазылардың шешімі бойынша олимпиадада үш студент жеңімпаз деп танылып, екі студент ынталандыру сыйлықтарына ілікті. Сонымен қатар жеңімпаздардың ғылыми жетекшілері де арнайы сыйлықтармен аталып өтілмек.

 Abai.kz

0 пікір