Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 8503 0 пікір 1 Қараша, 2013 сағат 11:03

Маңғыстау тарихы : Бекет-Ата

Өте танымал ескерткіштердің бірі-Бекет-Ата мешіті жар тастан шауып жасалған. Мұсылман әлемінде Бекет-Ата дүниенің сыры жайлы білген, көріпкел және пайғамбар ретінде танымал болған.

Аңыз бойынша, Бекет-Ата ХVІІІ ғасырдың екінші жарты жылдығында өмір сүрген. Атырау облысының қазіргі Құлсары кентіне жақын жерде туылған, 14 жасында дана Шопан-Ата жатқан жерге бас иіп, сәлемдесіп, батасын алуға келген. Үшінші түні Шопан-Ата бозбалаға оқуға өсиет етеді. Жас жігіт алыс Хиуа медресесіне ғылымды бағындыру үшін аттанады. 40 жасқа жеткенде сопы атанып, балаларды сауаттылыққа оқыта бастайды.

Маңғыстауға қайтып келгенше, қасиетті Бекет-Ата өз өмірінде ұзақ жолдардан өтті. Ол адамдарды емдеді, алдына келген мүжәлсіз және бейнет көрген адамдарға денсаулық пен өмірлік күш-қуат сыйлады. Даулы мәселелерді шешкенде ол даналығын көрсетіп, екі жақты бітімшілікке келтіретін. Өзінің уағызында Бекет-Ата діндарларды әділдікке шақырып, жақсылық жасауға насихаттайтын. Қалмақтармен ұрыс кезінде жауынгерлік ерлік көрсеткен ол дана және данышпан ретінде халықтың есінде қалды. Ол өзінің арғы атасы–Есет батыр сияқты батырдың күші мен батылдығына ие болған.

Бекет-Ата 4 мешіт тұрғызды: біріншісі Құлсарыда – оны Ақмешіт деп атайды, екіншісі Бейнеу елді-мекенінен 20 шақырым жерде борлы жартаста, төртіншісі – Оғыланды шатқалындағы борлы жартас сілемінен шауып жасалған жер асты мешіті. Ол осы мешіттің жанына жерленген. Бекет-Ата зираты тек Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның рухани, тарихи және сәулет ескерткіші болып табылады.

Бекет-Атаға баратын жол Шопан-Ата арқылы өтеді. Өмірінің соңынан дейін Бекет-Ата өзінің Ұстазының алдында басын иіп өтеді және ол мұсылмандардың өзіне келу үшін, алдымен Шопан-Атаға соғып келгендеріне қуанатын. Әлі күнге дейін сыйынушылардың Бекет-Атаға барар жолында Шопан-Атаға соғып кетуі жазылмаған тәртіп болып қалыптасып қалған.

Abai.kz

0 пікір