Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2705 0 пікір 1 Қараша, 2013 сағат 10:46

ТҮБЕКТІҢ ТАҢДАУЛЫ КӘСІПОРЫНДАРЫ

Ұлттық бизнес-рейтингтің жүлдегерлерін иеленді

Дүйсенбі күні облыстық әкімдіктің конференц залында мемлекеттік құрылыс, экономиканы дамыту және Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайту саласындағы көшбасшы кәсіпорындарды және олардың басшыларын ұлттық бизнес-рейтингтің наградаларымен марапаттау рәсімі болып өтті.

Марапаттау рәсімін облыс әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұлов кіріспе сөз сөйлеп ашып, ұлттық бизнес-рейтингтің жүлдегерлерін халықаралық конкурстағы табыстарымен құттықтады.

- Құрметті әріптестер, марапаттау рәсіміне қатысушылар!- деді облыс басшысының орынбасары. - Өздеріңізге белгілі, үстіміздегі жылы «Сала Көшбасшысы 2013» 10-шы халықаралық конкурсы өтті.

Ұлттық бизнес-рейтинг – бұл кәсіпорындар қызметінің ақиқат тиімділігін бағалау жөніндегі жетекші коммерциялық емес жалпымемлекеттік рейтинг ретінде ТМД және Кедендік одақ елдерінде 2002 жылдан бастап жұмыс істейтін кешенді рейтингтік жоба.

Үстіміздегі жылы таңдаулы кәсіпорындарды марапаттау рәсімі Астана қаласында Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан экономикасы көшбасшы кәсіпорындардың халықаралық экономикалық форумында өткізілді.

Маңғыстау облысы бойынша «Экологиялық зерттеу зертханасы», «Жасыл әлем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары сияқты еңбек ұжымдары көзге түсті және олардың жұмысына жоғары баға берілді.

Осы аталмыш кәсіпорындармен Маңғыстау жартыаралының қоршаған ортасын қорғауға бағытталған орасан зор жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік экологиялық зерттеу зертханасы тек Маңғыстаудың жер бөлігін ғана емес, сонымен бірге экологиялық жағдайы мен болжамдар жөніндегі өзекті мәліметтер бере отырып, Каспий акваторияларын да зерттеуде.

«Жасыл әлем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Үштаған, Бостан, Тұщықұдұқ сияқты елді мекендердің құммен көміліп қалуына жол бермей отырған табиғи төмендеуді болдырмау жөніндегі жұмыстарды атқаратын Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын болып табылады.

Аймақты дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін Маңғыстау облысы әкімдігі атынан жұмыстарыңызға табыстар тілеймін!

Бұдан кейін Ә. Шөжеғұлов ұлттық бизнес-рейтингтің қорытындылары бойынша наградалар тапсырды.

«Жасыл әлем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (директоры Қошқарбай Сарыұлы Матиков) «Қазақстан көшбасшысы 2013» ресми ұлттық сертификатымен және «Қазақстан Республикасының Сала Көшбасшысы 2013» ескерткіш қабырғалық медалімен, «Экологиялық зерттеу зертханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Қазақстан Көшбасшысы 2013» ресми ұлттық сертификатымен және «Қазақстан Республикасының Сала Көшбасшысы 2013» ескерткіш қабырғалық медалімен, «Экологиялық зерттеу зертханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Гулзат Сәбитқызы Шалабаева «Қазақстан Даңқы» дербес арнаулы орденімен, «Экологиялық зерттеу зертханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының атмосфералық ауа және радиология бөлімінің басшысы Нұржан Латипұлы Көбегенов еңбек қызметіндегі «Тиімділігі үшін» төсбелгілік атауы медалымен марапатталды.

Ұлттық бизнес-рейтингтің наградаларын иеленген үздік кәсіпорындардың басшылары еңбектерін бағалағаны үшін Үкіметіміз бен облыс әкімдігінің атына алғыстарын білдірді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525