Жұма, 18 Қазан 2019
Жаңалықтар 1982 0 пікір 1 Қараша, 2013 сағат 10:43

Маңғыстау «Жыл адамын» қалай анықтайды?

Жалпы ереже

1.   Осы ереже жыл сайынғы облыстық «Жыл адамы» байқауындағы атақтарды беру тәртібін, өткізу және қорытындылау талаптарын анықтайды (мәтінде одан әрі - Байқау).

2.   Байқауға жалпы басшылық етуді Байқауды өткізетін ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады (бұдан әрі қарай – ұйымдастыру комитеті).

3.   Байқауға Маңғыстау облысында тұрақты тұратын және облыс аумағында орналасқан әр түрлі ұйымдық-құқық  және меншік түріндегі  ұйымдарда қызмет атқаратын адамдар қатыса алады.

4.   Байқауға үміткерлерді ұсыну сараптау кеңесінің ұсынымымен жыл сайын  20 қазаннан – 10- қарашаға дейін жүзеге асырылады.

5.   Байқауға қатысуға әр үміткер бойынша өтінім  ұйымдастыру комитетіне жолданады. Үміткерді Байқауға қатысуға ұсынған уақытта ұйымдастыру комитетінің төрағасы атына мына құжаттар жолданады:

- үміткер жөнінде мәлімет (аты-жөні, туған күні, айы, жылы);

- мекеменің мекен-жайы көрсетілген жұмыс орны, атқаратын қызметі;

- байланыс телефондары (үй, жұмыс, ұялы);

- үміткерді куәландыратын құжатының сериясы мен номері;

- үміткердің негізгі жұмыс орнынан ұйым (мекеме, бірлестік, т.б.) басшысының қолы қойылған үміткердің жетістігі жөніндегі анықтама (мінездеме);

Жалпы ереже

1.   Осы ереже жыл сайынғы облыстық «Жыл адамы» байқауындағы атақтарды беру тәртібін, өткізу және қорытындылау талаптарын анықтайды (мәтінде одан әрі - Байқау).

2.   Байқауға жалпы басшылық етуді Байқауды өткізетін ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады (бұдан әрі қарай – ұйымдастыру комитеті).

3.   Байқауға Маңғыстау облысында тұрақты тұратын және облыс аумағында орналасқан әр түрлі ұйымдық-құқық  және меншік түріндегі  ұйымдарда қызмет атқаратын адамдар қатыса алады.

4.   Байқауға үміткерлерді ұсыну сараптау кеңесінің ұсынымымен жыл сайын  20 қазаннан – 10- қарашаға дейін жүзеге асырылады.

5.   Байқауға қатысуға әр үміткер бойынша өтінім  ұйымдастыру комитетіне жолданады. Үміткерді Байқауға қатысуға ұсынған уақытта ұйымдастыру комитетінің төрағасы атына мына құжаттар жолданады:

- үміткер жөнінде мәлімет (аты-жөні, туған күні, айы, жылы);

- мекеменің мекен-жайы көрсетілген жұмыс орны, атқаратын қызметі;

- байланыс телефондары (үй, жұмыс, ұялы);

- үміткерді куәландыратын құжатының сериясы мен номері;

- үміткердің негізгі жұмыс орнынан ұйым (мекеме, бірлестік, т.б.) басшысының қолы қойылған үміткердің жетістігі жөніндегі анықтама (мінездеме);

- сараптау комиссиясы немесе ұжым жиналысы хаттамасының үзіндісі көшірмесі және ұсыным.

6.   Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

- «Жыл мұғалімі»

- «Жыл ғалымы»

- «Жыл дәрігері»

- «Жыл медбикесі»

- «Жылдың Үкіметтік емес ұйымы»

- «Жыл журналисі»

- «Жыл спортшысы»

- «Жыл полицейі»

- «Жылдың мәдениет және өнер қызметкері»

- «Жыл фермері»

- «Жыл тәрбиешісі»

- «Жыл жебеушісі»

- «Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері»

- «Жыл мұнайшысы»

- «Жыл құрылысшысы»

Үміткерлерді таңдау критерийі

7.   Әр номинация бойынша жеңімпаз анықталады. Байқау жеңімпазы дипломмен, естелік сыйлықтармен және 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталып, мына атақтар беріледі:

«Жыл мұғалімі» - оқушыларды дайындауда үздік жетістіктерге жеткені, сабақ берудің техникасы мен әдісін жоғарғы дәрежеде меңгергені, сонымен қатар білім беруде  жаңа педагогикалық әдістерді, жаңашыл идеяларды, инновациялық технологияларды енгізгені, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға, сонымен бірге облыстағы қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысқаны, жұртшылық пен азаматтық қоғам институттарымен белсенді жұмыс жасағаны үшін жалпы білім беретін оқу орнының қызметкеріне.

«Жыл ғалымы» - өңірдің ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан, өз саласы бойынша ашқан ғылыми жаңалығын облыстық, республикалық және әлемдік ғылыми-білім беру қауымдастығы мойындаған ғылыми қызметкерге.

«Жыл дәрігері» - өз саласында жетістіктерге жеткені, кәсіби деңгейі жоғары, Гиппократ антын берік сақтағаны, тұрғындар арасында жұқпалы, респираторлық ауру түрлерінің таралуы және бала мен ана өлімі көрсеткіштерін төмендету жұмыстарына ат салысқаны, медициналық қызмет көрсету сапасы мен мәдениетінің жоғарылығы үшін және жұртшылық мойындаған дәрігерге.

«Жыл медбикесі» - жоғарғы кәсіби деңгейі, медициналық қызмет көрсету сапасы мен мәдениетінің жоғарылығы үшін және жұртшылық мойындаған медицина қызметкеріне.

«Жылдың Үкіметтік емес ұйымы» - өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, өңірде ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған іс-шараларды өткізгені үшін және жұртшылық мойындаған  қоғамдық бірлестік басшысына немесе азаматтық қоғам институты өкіліне.

«Жыл журналисі» - облыстың тарихын, мәдениетін, ғылымын, әлеуметтік-экономикалық проблемаларын терең зерттей отыра, сонымен қатар жас ұрпақты ұлтаралық келісім мен бірлікке тәрбиелеуге бағытталған материалдарды жарыққа шығарған  бұқаралық ақпарат құралдары қызметкеріне.

«Жыл спортшысы» - спортта отандық және әлемдік деңгейде жоғарғы көрсеткіштерге жеткен спортшыға.

«Жыл полицейі» - өңірде қылмыстың төмендеуіне, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстардың алдын алуға және ашылуына қосқан жетістіктері үшін құқық қорғау органдары қызметкеріне.

«Жылдың мәдениет және өнер қызметкері» - мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері, жоғарғы шеберлігі, шығармашылық үлесі, үздік қойылымдары мен орындаушылық өнері үшін және жұртшылық мойындаған  сала қызметкеріне.

«Жыл фермері» - ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуде, мал басын сақтау және көбейтуге, жұмыс барысында жаңашыл идеялар мен әдістерді енгізуде жоғары жетістіктерге жеткен ауыл шаруашылық маманына.

«Жыл тәрбиешісі» - тәрбиелеу процесінде жаңа педагогикалық әдістерді, жаңашыл идеяларды енгізіп, ата-аналар мен еңбек ұжымында беделге ие болған, облыстық және республикалық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанып жүрген  мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиешісіне.

«Жыл жебеушісі» - мұқтаж адамдарға қайырымдылық көмек көрсеткені, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған қайырымдылық акцияларын ұйымдастырғаны үшін жеке тұлғаға немесе әр түрлі түрлі ұйымдық-құқықтық және меншік түріндегі мекеме басшысына.

«Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері» - тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарына (зейнеткерлер, жалғызбасты аналар, мүгедектер, жетім балалар және азаматтардың әлеуметтік аз қамтылған топтары) сапалы қызмет көрсеткені үшін  және жұртшылық мойындаған әлеуметтік қорғау мен қамтамасыз ету саласының  қызметкеріне.

«Жыл мұнайшысы» - (мұнайгаз және мұнай-химия кешені жұмыскері)-кәсіби қызметіндегі жетістіктері және мұнай мен газ өндіруді ұлғайтуға, оларды кешенді өңдеуге, өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал еткен жаңа технологияларды енгізгені үшін мұнайгаз және мұнайхимия саласының жұмыскеріне.

«Жыл құрылысшысы» - өңірдіңсәулет және құрылыс саласындағы  жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жетістіктері үшін  құрылыс саласының  жұмыскеріне.

Үміткерлерді ұсынудың мерзімі мен тәртібі

8. Үміткерлерді Байқауға ұсыну тиісті жылдың 10-қарашасында аяқталады.

Номинациялар бойынша үміткерлерді ұсыну мерзімі туралы ақпарат үміткерлерді ұсынудан кемінде бір ай бұрын облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

9.   Барлық келіп түскен өтінімдер номинациялар бойынша топталады. Әр номинация бойынша үш үміткер анықталады (финалға шығушылар). Сараптау комиссиясы қорытынды жасап, финалға жеткен кандидатураларды ұйымдастыру комитетінің қарауына ұсынады.

Өтінімдерді қорытындылау екі сатыда жүзеге асырылады.

10.   Байқаудың бірінші сатысында әр номинация бойынша облыстың жергілікті атқару органдарының өз саласында беделді және тәжірибелі мамандардан тұратын сараптау комиссиясы қарайды:

- «Жыл мұғалімі», «Жыл тәрбиешісі» номинациялары бойынша – Маңғыстау облыстық білім беру басқармасының сараптау комиссиясы;

- «Жыл ғалымы» номинациясы бойынша – облыстағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының және Маңғыстау облыстық білім беру басқармасының сараптау комиссиясы;

- «Жыл дәрігері» мен «Жыл медбикесі» - номинациялары бойынша - Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының сараптау комиссиясы;

- «Жылдың үздік үкіметтік емес ұйымы» номинациясы бойынша - Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының сараптау комиссиясы;

- «Жыл журналисі» номинациясы бойынша - Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының сараптау комиссиясы;

- «Жыл спортшысы» номинациясы бойынша – Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының сараптау комиссиясы;

- «Жыл полицейі» номинациясы бойынша - Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің сараптау комиссиясы;

- «Жылдың мәдениет және өнер қызметкері» номинациясы бойынша - Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының сараптау комиссиясы;

- «Жыл фермері» номинациясы бойынша - Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының сараптау комиссиясы;

- «Жыл жебеушісі» номинациясы бойынша - Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сараптау комиссиясы;

- «Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері» номинациясы бойынша - Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сараптау комиссиясы;

- «Жыл мұнайшысы»  номинациясы бойынша - Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сараптау комиссиясы.

- «Жыл құрылысшысы» номинациясы бойынша - Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының  сараптау комиссиясы.

11. Байқаудың екінші сатысында ұйымдастыру комитеті әр номинация бойынша «Жыл адамы» Байқауының жеңімпазын анықтайды. Байқау жеңімпаздары туралы өтінімдер 10-қарашаға дейін қабылданады.

«Жыл адамы» байқауын ұйымдастыру және өткізу кезіндегі қажетті қаражат шығындары Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы арқылы жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

«Жыл адамы» Байқауының жеңімпаздарының қызметі жөніндегі ақпарат облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығады.

Дипломдар үлгілерін ұйымдастыру комитеті бекітеді.

«Жыл адамы» дипломдары, естелік және ақшалай сыйлықтар Маңғыстау облысы әкімияты ұйымдастырған салтанатты жиында табыс етіледі.

Abai.kz

0 пікір