Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2729 0 пікір 5 Қараша, 2013 сағат 06:25

«Қазақстан» арнасы көрерменіне неге жұмыртқа лақтырды?

Кеше түнде «Қазақстан» ұлттық арнасы көрермендеріне жұмыртқа лақтырды. Эфирден жұмыртқа лақтыру операциясын Ұлттық арнада біраздан бері «Түнгі студияда – Нұрлан Қоянбаев» деп аталатын әзіл-қалжыңға құрылған бағдарламаның жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев және бағдарламаның бел ортасында студияға жұмыртқа алып, жимып келген және бір қосымша жүргізуші «сәтті» жүзеге асырды.  Көріп жағамызды ұстадық.

Ұлттық арнаның эфирінен көрерменге жұмыртқа лақтыру ешқандай эфир мәдениетіне сыймайтын, көрерменге деген құрметсіздіктің ең сорақы түрі. Мейлі, әзіл-ақ болсын. Бірақ, жаманның әзілі жаныңнан түңілдіреді екен. О заманда, бұ заман көрерменге жұмыртқа лақтырып әзілдеген арна – жұрт естімеген жаңалық.

Жұмыртқа лақтырудың бұған дейінгі екі оқиғасы ел есінде болар. Әуелі «Алғаның» белсендісі В.Козловқа «желтоқсаншылар» әуелете жұмытқа лақтырды. Одан кейінгі жұмыртқаны А.Цуканов зейнетақы реформасын қолға алған экс-министр С.Әбденовке лақтырған еді. Енді міне, «Қазақстан» арнасы 16 млн. көрерменіне (Н.Қоянбаевтың сөзі) Қоянбаевтың қолымен жұмыртқа лақтырды. Осылайша, қазақтарға арналған ұлттық арна қазаққа деген құрметінің қандай екенін паш етті.

Енді қайттік?..

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір