Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5810 0 пікір 1 Қараша, 2013 сағат 09:50

Қайрат Жолдыбай бас имамдық қызметінен кетті

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы наиб мүфти Қайрат Жолдыбайұлы бүгін мешіт мінберінде соңғы уағызын айтты. Ол халықты бірлік-ынтымаққа, татулыққа шақырып, әр істің түбінде бір қайыр бар екенін жеткізе келе өзінің ғылым-білім жолына ауысатынына байланысты мешіттің бас имамы қызметінен кететінін жариялады.

Жиналған қауымға: «Мен өзім ғылым-білімге құштар жанмын. Өздеріңіз білесіздер, ғылым жолы – ауыр жол. Оған арнайы уақыт пен тиісінше көңіл бөлінуге тиіс. Биыл PhD докторантурасының соңғы жылындамын. Осыған байланысты ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлынан мені «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы қызметінен босатуын сұрадым. Бас мүфти мешіттен босатса да, наиб мүфтилік қызметтен жібере алмайтынын білдірді». Сондықтан Қайрат Жолдыбайұлы бұрынғыша  ҚМДБ жүйесінде наиб мүфти болып әрі Астана қаласының өкілдігінде қала бермек.

Жұма намазына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, Қайрат Жолдыбайұлының діни басқарманың жұмыстарына қосқан мол үлесін айтып, өзінің және Қазақстан мұсылмандарының атынан алғысын білдіріп, иығына шапан жапты.

Астана қаласы мәслихатының хатшысы Есілов Сансызбай Сейтжанұлы Астана қаласының әкімі Иманғали Нұрғалиұлының атынан алғыс хат тапсырды.

Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешіті Ақылдастар алқасының мүшесі Амангелді Құрманғалиев, ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров, Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Сағын Бекбол Ұбайдуллаұлы сөз алып, Қайрат имамға ізгі тілектерін білдірді.

Мешітте атқарылған ізгі іс-шараларға демеушілік жасап жүрген жаны жомарт кәсіпкерлердің атынан «Alit» компаниясының бас директоры, кәсіпкер Нұрлан Әлжанқұлов сөз сөйлеп, Қайрат Жолдыбайұлына шетелдік автокөліктің кілтін сыйлады.

Біз де Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы атынан аз уақыт ішінде қыруар шаралардың жүзеге асуына басшылық жасаған Қайрат Жолдыбайұлына ақ жол тілейміз. Алла қаламыңызды қарымды етсін, ғылым жолында жеңілдік берсін!

Сөз соңында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы құлшылық ордасы ғана емес, рухани-ағарту ордасы айналуға тиісті "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамдығына ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай Ораз тағайындалғанын хабарлап, тапсырылған жұмысты ары қарай жалғастыруға сәттілік тіледі.

Дереккөз: muslim.kz

(Тақырып өзгертіліп алынды)

Abai.kz

0 пікір