Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3647 0 пікір 1 Қараша, 2013 сағат 09:43

Ауыт Мұқибек. Астана - Семей арасы

БАРАРДА

Бір белден, тартсаң алға, бір бел қалмақ,

Дала бұл атқа теріс мінген қалмақ.

Арасын Астана мен Семейдің мен,

Келемін түннен бері жырмен жалғап.

 

Жайылған жалпақ дала – ақ қағазым,

Айтатын жанмын бүкпей жатқа назын.

Кездесіп қала ма деп Қаламқастар,

Шабыттың қойдым тағы сақтап азын.

 

Жалқау ем ұйқы басып, есінегіш,

Жанымды сергіткендей осы желіс.

Сызылған сол қағаздың бетіндегі,

Қос сызық – секілді ана қос рельс.

 

Даласын ендей өтер Сарыарқаның,

Сапардың кім аңсамас болар шағын?!

Балқаш көл – малып жазар сия құтым,

Тізілген бағаналар – қаламсабым.

 

Ешкім жоқ мен келер деп жолды күткен,

О, одан бола қоймас ер жігіт кем!

Бекеттер тұрған жолда – үтірлерім,

Ал, Семей болмақ қояр соңғы нүктем.

 

САРҚЫЛМАЙТЫН САҒЫНЫШ

 

Талғары, Жетісудың Қаскелеңі,

Жатсынып көрген емес әсте мені.

Қалам ап, туған жерді ойлай қалсам,

Мөлдіреп екі көзге жас келеді.

 

Ағалар дейді ылғида ерсің інім,

Көңлімнің ойлап іштей серпілуін.

Ойласам оңашада туған елді,

Кетеді удай ашып кеңсірігім.

 

Еді деп еш ойламан басқа үйірім,

Толып бір мінбесем де атқа иінім.

БАРАРДА

Бір белден, тартсаң алға, бір бел қалмақ,

Дала бұл атқа теріс мінген қалмақ.

Арасын Астана мен Семейдің мен,

Келемін түннен бері жырмен жалғап.

 

Жайылған жалпақ дала – ақ қағазым,

Айтатын жанмын бүкпей жатқа назын.

Кездесіп қала ма деп Қаламқастар,

Шабыттың қойдым тағы сақтап азын.

 

Жалқау ем ұйқы басып, есінегіш,

Жанымды сергіткендей осы желіс.

Сызылған сол қағаздың бетіндегі,

Қос сызық – секілді ана қос рельс.

 

Даласын ендей өтер Сарыарқаның,

Сапардың кім аңсамас болар шағын?!

Балқаш көл – малып жазар сия құтым,

Тізілген бағаналар – қаламсабым.

 

Ешкім жоқ мен келер деп жолды күткен,

О, одан бола қоймас ер жігіт кем!

Бекеттер тұрған жолда – үтірлерім,

Ал, Семей болмақ қояр соңғы нүктем.

 

САРҚЫЛМАЙТЫН САҒЫНЫШ

 

Талғары, Жетісудың Қаскелеңі,

Жатсынып көрген емес әсте мені.

Қалам ап, туған жерді ойлай қалсам,

Мөлдіреп екі көзге жас келеді.

 

Ағалар дейді ылғида ерсің інім,

Көңлімнің ойлап іштей серпілуін.

Ойласам оңашада туған елді,

Кетеді удай ашып кеңсірігім.

 

Еді деп еш ойламан басқа үйірім,

Толып бір мінбесем де атқа иінім.

Сонан соң алам жасты төгіп - төгіп,

Солқылдап ішек - бауыр, қос бүйірім.

 

Аламан бәйгесіз-ақ, құр намыстан,

Жыртқыш боп жетіледі түзде арыстан.

Ешқашан сарқылмайтын сағыныш бұл,

Қабдеш пен Айтандардан бізге ауысқан.

 

Саңқылын ақиықтың құздан ұшқан,

Алады ел ажырата жүз дауыстан.

Ешқашан сарқылмайтын сағыныш бұл,

Жәркен мен Несіпбектен бізге ауысқан...

 

Болған соң қоныс жаңа, қырман жаңа,

Ағысын өмірім басқа бұрды арнаға.

Әкесін көп түсіне бермеу мүмкін,

Мұнда кеп сонау жылы туған бала.

 

Ақ қырау самайымнан барады өрлеп,

Тартуда жүрек қасаң, сана кермек.

Ешқашан сарқылмайтын сағыныш бұл,

Бізден де соңғыларға қала бермек!

 

ТАҒЫ ДА ШЕТТЕГІ ҚАНДАСТАРЫМА

 

Қайда жүрсе табады ғой ер азық,

Шетте қалса кетеді ғой ел азып.

Біздің мына былқ – сылқ еткен билікке,

Қандастарым, қойып еңдер не жазып?!

 

Үнсіз отыр соңын бағып Кемеңгер,

Ащы - тәтті жазылуда өлеңдер.

Қайсы қудың кесіп өтіп жолынан,

Қайсы қудың сыбағасын жеп еңдер?!

 

Келтірмеуге тырыспақшы сені шын,

Сүйреп жүрген бір ақымақ кебісін.

Қайсы қудың суатын сен лайлап,

Қайсы қудың тарылтып ең өрісін?!

 

Көбейюде көп сылтау мен көп қысым,

Сырттан біреу көсеп отыр отты шын.

Қайсы қудың қатынына көз қысып,

Қайсы қудың ұрлап еңдер тоқтысын?!.

 

Кетіпті ғой қабағына қар жауып,

Соған бүгін отырмын мен таң қалып.

Алу үшін келгендер деп сендерді,

Санайды екен өздерінше «зарлауық».

 

Қазақстан қойсадағы дым бермей,

Тынбайтұғын түрлерің бар бір келмей.

Назарбайға сәлем айт деп қинайсың,

Нұрсұлтанның қасында біз жүргендей.

 

Сенгендерің емес пе еді Мамашев,

Сол айтпай ма бір ауыз сөз жақ ашып.

Мақтау үшін бірің асып біріңнен,

Жарыс сөзге жатушы еңдер таласып.

 

Мақтау үшін бірің асып біріңнен,

Айналдым сол түрлеріңнен жүгірген.

Шетте жүріп Елбасының алдында,

Айтыңдаршы, жерің бар ма сүрінген?!

 

Бауырмалды көргемін жоқ сендердей,

Дүниеде ешкімге де теңгермей,

Алақайлап жүгіруші ең алдынан,

Өлген әкең көрден тұрып келгендей!

 

Кеткенімен жал – жаяңды жеп қулар,

Сені жұртқа тастамайды текті ұлдар.

Нұрекеңнің суреті бар әр үйде,

Тағы әр үйде іліп қойған көк ту бар.

 

Дұғада да оқитының – Нұрсұлтан,

Шұғаға да тоқитының – Нұрсұлтан.

Айналаңа екі қарап, тағы бір,

Сауышқанша «шоқитының» – Нұрсұлтан!

 

Шертеұғын күйлерің де – Нұрсұлтан,

Көше тұр ғой, үйлерің де – Нұрсұлтан – 

Айтатұғын әңгімең де – Нұрсұлтан,

Билейтұғын билерің де – Нұрсұлтан!..

 

Шынымен де заң болмақ бұл қатал - ақ,

Сәби келген, жұртта әже мен ата қап.

Соның бәрі Атажұртқа сағыныш,

Соның бәрі туған елге махаббат!

 

Соның бәрін сыңайы бар ұмытқан,

Дүниеге қулар анау құныққан.

Сарыарқаға жетіп өлмей тынбайтын,

Сенің қаның әлемдегі тұнық қан!

 

Сағыныштан туған сыртта жыр - ән көп,

Қазақстан кетті саған ұран боп.

Елім бар деп қай қиырда жүрсең де,

Мақтағаннан басқа сенің кінәң жоқ!

 

Ту алыстан – алты қырдың астынан,

Бізге естіліп тұрады сол тасқын ән.

Елім бар деп қай құрлықта жүрсең де,

Сағынғаннан басқа сенің жоқ кінәң!

 

Кінәң болса, мен кешірім сұрайын,

Аяғына бас ұрып - ақ жылайын!

Жатжұртта қап жәудіреген көзіңді,

Тірлігімде көрсетпесін Құдайым!

 

Аман болса астыңда анау ақ атың,

Алатауды көзді жұмып табасың.

Олай болса, сенің даңғыл жолыңды,

Хақысы жоқ ешкімнің де жабатын!

 

Әр үйдегі, әз жеңеше, әз аға,

Туған елден жаным менің садаға!

Елім азат, жерім байтақ, ендеше,

Сені ҚАЗАҚ тастамайды далаға!!!

 

***

Жатырмыз жалынып та, жалбарынып,

Үзіліп тынбасын деп арман - үміт.

Қырандар саңқылдады Алатаудан,

Тасаға баяғыдай қарға бұғып.

 

Болашақ айналмасын құр сағымға,

Кетпесін сәні бірден қырқаның да.

Кешегі көп тарсылдан қалған елдің,

Не жүрек қалды дейсің ұрпағында!?

 

Дегенде бір өткелден әрең өттік,

Аз қазақ еткені ме және көптік!?

Заманның құйқылжыған көп ойыны,

Онсызда жіберді ғой зәрезеп қып!

 

Көп нәрсе қалды бүгін аңғарылып,

Күтпейтін болды бота нардан үміт!

Бөлінген елдей болып екі Елдегі,

Жүректер кетпесе екен қақ жарылып!

 

Гу - гулер басып кетті төңіректі,

Құлазып кетті жұрттай өмір ескі.

Дерт алып тынарына гүмәнын жоқ,

Не миды, не бауырды, не жүректі...

 

Керек қой көрсету ел ырықтылық,

Тұрғанын айту керек кім ықтырып.

Құдайдан тілейді кеп ашық жолды,

Шал байқұс қысқа таңда қырық тұрып.

 

Артты үміт Ақордаға қала - қыстақ,

Іргеден тұнып тұрған ән алыстап.

Демдерін ішіне алып отыр әрең,

Көп қатын қоя жаздап бала тыстып!!!

 

***

Мен мұнда, арғы бетте қарындасым,                     

Ұзақ қыл сол қарғамның, Тәңір, жасын!

Нұрекең қол қоймауы мүмкін әбден,

Жүректер деп екіге жарылмасын!

 

Доғарса осыменен елім көшін,

Біткенім зар жылаған менің де шын!

Нұрекең қол қоймауы мүмкін әбден,

Бауырлар деп екіге бөлінбесін!

 

Тосылса шеттен келер бір тың бұлақ,

Қалады – ау қарғыс айтып, жұртым жылап!

Тілейік бір Құдайдан жақсылығын,

Қойып та жіберуі, мүмкін, бірақ!?

 

ҚАЙТАРДА

 

«Семей» деп бастап өлең үтір қойдым,

Көп ермей жетегіне күпірлі ойдың.

Шеттегі ел бағасын біз білмегенмен,

Қадырын жақсы білер бүкір бойдың.

 

 

Қала ма сөйтіп сыртта қалың халық,

Деген ой жүрді мида сағымдалып.

Әлихан ескерткіші көк тасына,

Жігерді алдым әбден жанып - жанып.

 

Жыр жаздым тағы осынау аймаққа арнап,

Мойныма түсті, білем, жайлап салмақ.

Ұлы Абай шарығына қылпылдатып,

Тағы алдым намысымды қайрап - қайрап.

 

Жан сырым көрген емес қалтарыс қап,

Ұсынам жүрегімді әр танысқа ақ.

Кеудені барардағы еңкіш тартқан,

Келемін қайтарда мен шалқақ ұстап.

 

Шабытты кеудемдегі тасытты арман,

Жырға мен бала жастан машықтанғам.

Келеді жұдырық боп тас түйілген,

Алақан барардағы ашық барған.

 

Қыран да шарықтадым болып көкте,

Жүрген жоқ өлең маған қонып текке.

Кешегі күмбірлеген қуыс кеудем,

Ал, бүгін тұрғандай бір толып кекке...

 

Шегіне үзілетін жеткенде үміт,

Шығып та кету мүмкін шектен жігіт.

Соңына осы өлеңнің біткеннен соң,

Қоймақпын Бәйтеректі леп белгі ғып!

 

21 – 25 қазан, 2013

Астана – Семей – Астана

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551