Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5132 0 пікір 30 Қазан, 2013 сағат 08:54

«Құйылсын көшің, жиылсын есің»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА АШЫҚ ХАТ

Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!

Сiз елiмiз өз тәуелсiздiгiн жариялағаннан кейiнгi санаулы күндерде-ақ, дәлiрек айтқанда, 1991 жылы 31 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш президентi салауатыңызбен   Қазақ радиосы арқылы шетелдердегi қазақтарға арнап былай деген едiңiз: «Қымбатты отандастар! Ежелгi атамекеннен жырақтап қалған сiздердi кешегi күнге дейiн «Ата-баба жерiне қайта келе аламыз ба?» деген сұрақтың алаңдатып келгенiн мен жақсы бiлемiн. «Туған жердiң түтiнi де ыстық» дейдi халқымыз. Қандас бауырларымызды байырғы ата қонысына тарту мақсатында адам құқығы туралы ел аралық ережелердi басшылыққа ала отырып, Қазақстан үкiметi: Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс iстеуге тiлек бiлдiрушi байырғы ұлт адамдарын Қазақстанда қоныстандырудың тәртiбi мен шарттары туралы арнайы қаулы қабылдады. Сондықтан, Атамекенге келемiн деушi ағайынға жол ашық. Ата-баба аруағы алдарыңыздан жарылқасын!»

 Жан тебiрентерлiк, жүрекжарды осы сөзiңiзден соң сiзге сенген жат жұрттағы ағайын ата жұртқа ағылып едi.

Содан соңғы 22 жылда 860 мыңға жуық қандасымыз өз отанымен қауышып, қатарымыз миллионнан астам қазақпен толықты. Бұл, сөз жоқ, ұлтымыздың ұлы жетiстiгi!

Өкiнiшке қарай, жуықта Республика Үкiметiнiң еңбек мигранттарына байланысты әзiрлеген заң жобасында өз қандастарымызға қарсы бағытталған баптардың тықпалануы және оны қос палаталы парламенттiң мақұлдауы ел-жұртты қатты алаңдатты. Әсiресе, елге оралған  қандастарымызды өз елiнiң азаматтығын алу үшiн табаны күректей бес жыл бойы сарыла күткiзетiн заң талаптарын енгiзудi ешқандай жолмен ақтап алуға келмейдi. Мұндай қадам қызыл империя тұсында алуан түрлi ұлттық қасiреттi бастан өткерген қазақтың бүгiнгi ұрпақтарына бес жыл бойы азаматтық бермеу –  қазақ халқын одан ары қорлау деп бiлемiз. Өз тағдырын өзiнiң тәуелсiз отанымен байланыстырып, Сiздiң арқаңызда бөлiнiп-жарылған тағдырмен мәңгiлiкке қоштасудан үмiттi ағайындар үкiмет пен парламентке қатты өкпелi! Ендiгi жалғыз үмiтi тек Сiзде ғана!

Бiз, қазақ зиялылары, және қалың қауым ұлтымыздың ұйысуына және ұлттық мемлекетiмiздiң салтанат құруына қарсы бағытталған, ойланбай жасалған мұндай қателiктiң кесiрi тарихи әдiлеттiлiктi аяққа таптап, миллиондаған қандастарымыздың үмiтiн желге ұшырып, тағдырын тәлкекке салумен бiрге, әлеуметтiк жiктелiстер мен наразылықтарға мұрындық болатынына қатты алаңдаулымыз. Ең өкiнiштiсi, мұның салдары сiздiң «Құйылсын көшiң, жиылсын есің» деп, табанды түрде бастаған көшi-қон саясатыңызға көлеңке түсiредi, қазақ көшiн құрдымға кетiредi. Ұлттық мүддемiз аса ауыр шығынға ұшырайды!

Қадiрмендi Нұрсұлтан Әбiшұлы!

Бiз сiздiң ұлт мүддесiне қарсы бағытталған мұндай түбi шикi заң жобаларына қол қою арқылы өзiңiз бастаған ұлы көштiң бұйдасын өз қолыңызбен қиып тастамайтыныңызға   сенемiз!

Әбдiжәмiл Нұрпейiсов, Қабдеш Жұмадiлов, Тұрсынбек Кәкiшев, Мекемтас Мырзахметов, Дулат Исабеков, Смағұл Елубаев, Ғаббас Қабышев, Асылы Османова,        Жанұзақ Әкiм, Зәуреш Батталова, Сайлау Батыршаұлы, Сапабек Әсiпов, Зардыхан Қинаят, Мәмбет Қойгелдi, Әлiмғазы Дәулетхан, Марат Тоқашбаев, Ермұрат Бапи, Қазыбек Иса, Артықбай Үкiбаев, Айдос Сарым, Рахым Айыпұлы, Дәурен Қуат.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3528