Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5776 0 пікір 30 Тамыз, 2013 сағат 10:53

Астана ашқан «жаңалық»: 23 тамыз – Абайдың туған күні

Абай Құнанбайұлының туған күні бұл күнге дейін тамыздың 10 болып келген еді. Дәл осы күні дәстүрлі «Абай оқулары» өтіп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын. Бірақ, биыл Астана әкімшілігі жаңалық ашты. Сөйтіп, Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасы бас болып, Абайдың туған күнін 23 тамыз деп ұйғарысыпты.

Сөйтіп, Астанадағы Абай ескерткішінің жанында - екі жағынан көлік азынаған, көк түтіні будақтаған, күні шақырайған тар алаңқайда ақынның туған күні аталып өтті. Біздің көңілімізге қаяу түсірген екі жәйт болды.

Біріншісі, Абайға Сарыарқаның төсіндегі жалпақ Далаға керіле қоныс тепкен Астананың кең де ұзын бір көшесінің бұйырмағандығы. Батыры мен қаптаған ханы көп қазақтың жалғыз ұлысы - Абай екендігінің ескерілмегендігі! Ең болмаса ескерткішін ескі алаңға қамамай-ақ, «жаңа алаң» аталатын Абай көшесінің бойындағы гүлзардан орын табылмағандығын-ай! Қазақтың классикалық әдебиетінің  басы саналатын бас ақынға жиналатын ұрпағының болмайтынына әлде біреулер сенім артты ма екен?... Әлде... Мемлекеттік қызмет агенттігінің ғимараты алдына тасмүсінін қыстырып, «Болыс болдым, мінеки» деп әкім-қараларды шенеген Абайдан алған кегіміздің сыйқы ма, бұл?!

Екіншісі жалпы қазаққа қатысты. Ол – Абайдың қазақты сынау арқылы болашақ ұлттық идеяны аңдатқаны, ұлтты соған қайрағаны, кім болу, қалай болу керектігін көрсеткенін әлі күнге ескермеуіміз. Бұл тұрғанымен дайын ұлттық идея болатын. Біз оны әлі күнге ескермей, аңдамай келеміз. Абайдың орыс тілін меңгеруді айтқанын жаһанмен араласудың алғышарты екенін ұқпай, орыстану деп ұққанымыз секілді...

Егер біз Абай көксеген қазақ сапасын қолға алсақ, халқымыз барлық азап пен мазақтан құтылар еді! Осыны бүгінгі күнге лайықтап, оны мемлекеттік жобаға айналдыратын, қазақтың Конфуциін осылайша әлемге танытатын қадам керек. «Абайды тақпақтап, жалған мақтағаннан ешбір қазақ өспегенін көріп отырмыз...» - дейміз ғой баяғы.

Әйтеуір, бас қаладағы ұлы бабамыздың шаң мен күйе басқан ескерткіші секілді  арымыз бен намысымыз салтақ болмаса екен дейміз-дағы...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3520