Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4988 0 пікір 28 Тамыз, 2013 сағат 13:05

Расул ЖҰМАЛЫ: ЖАППАЙ ИСЛАМДАНДЫРУ МЫСЫРЛЫҚТАРДЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫН ӨРШІТЕ ТҮСТІ

Мысырдағы тұрақсыздық әлем халқын алаңдатып, қаза болғандар саны күн санап артып келеді. Уақытша билік орнаған пирамидалар еліндегі саяси жағдайға төрткүл дүние көз тігіп, жіті қадағалап отыр. Алайда екіге жарылған Мысыр халқы тәртіпке әзірше келмейтін сыңайлы. Мұсылман еліндегі бүлікке қатысты саясаттанушы Расул Жұмалыны сұхбатқа тартқан едік. 
– Мұхаммед Мүрси билік құрған уақыттары мемлекет саяси және экономикалық тығырыққа тірелді. Мысырдың бұл тығырықтан таяу уақыттары шығуы мүмкін бе?

Мысырдағы тұрақсыздық әлем халқын алаңдатып, қаза болғандар саны күн санап артып келеді. Уақытша билік орнаған пирамидалар еліндегі саяси жағдайға төрткүл дүние көз тігіп, жіті қадағалап отыр. Алайда екіге жарылған Мысыр халқы тәртіпке әзірше келмейтін сыңайлы. Мұсылман еліндегі бүлікке қатысты саясаттанушы Расул Жұмалыны сұхбатқа тартқан едік. 
– Мұхаммед Мүрси билік құрған уақыттары мемлекет саяси және экономикалық тығырыққа тірелді. Мысырдың бұл тығырықтан таяу уақыттары шығуы мүмкін бе?
– Мысыр мәселесі баяғыдан күрделі болып келе жатыр. Оның себеп-салдарлары кезінде Хосни Мүбәрәк жіберген қателіктер мен олқылықтардан болып отыр. Соның нәтижесінде Мүбәрәк тақтан айрылғанда оның алдында елдегі барлық демократиялық өркениетті оппозиция тұншықтырылды. Қандай да саяси күштердің барлығы қудаланып, түрмеге отырғызылды, қалғандары шетелге қашты. Басқалармен салыстырғанда күшін сақтап қалған «Мұсылман бауырлар» деген топ. Саяси вакуум жағдайында билік басына келген Мұхаммед Мүрси сол ұйымның өкілі. Мүрси билікке келе сала қолға алған шаруасы «Мұсылман бауырлар» жүргізген саясат, яғни, елді жаппай исламдандыру-тұғын. Бірақ шын мәнісінде «Мұсылман бауырлардың» осындай ниетін ел халқының 20-30 пайызы ғана қолдады. Мұндай саясатқа қарсы болғандар зайырлы мемлекеттің жағдайын сақтап қалуды көздеді. Сондықтан елде дүрбелең туып, Мұхаммед Мүрсиді әскер көмегімен биліктен алыстатылып отыр. Мұхамед Мүрси билік құрған уақыттары елдегі әлеуметтік жағдай шешімсіз қалды. Туризм саласы тұралап, экономикалық және көптеген әлеуметтік мәселелер одан әрі күрделене түсті. Мұхаммед Мүрсидің жақтастары берілмей тұрғандықтан, Мысыр азаматтық соғыстың алдында тұр. Мұның жақын арада оң шешімін табуы екіталай. Сол мәселелер Хосни Мүбәрәктің тұсында шешілмегендіктен барлық зайырлы күштерді тұншықтырып, нәтижесінде ел екіге жарылып отыр.
– Мұхаммед Мүрсидің тым діндар болғандығының салдары оның жақтаушыларынан гөрі саяси қарсыластарының қарасы көп болуына әкеліп отыр ғой?
– Мысыр мектептерінде мұсылмандандыру саясатын жүргізу саяси бетбұрыстардан кейін байқалып отыр ғой. Тунис, Ливиядағы жағдайдан кейін депрессиялар заманында өз ықпалын сақтап қалған орта бұл мұсылман қозғалыстары болды және бұдан көріп отырғанымыз Мысырда халықтың басым бөлігі бұл саясатты қолдамайды. Шын мәнісінде Мүрси Мысырдың 20-30 пайызына ғана президент болған еді. Өйткені ол қалғандарының айтқан пікірлерімен санасқан жоқ. Сондықтан соңы осындай жағдайға алып келді.
– Қазір елдегі исламшыл телеарналар жабылып жатыр. Оның салдары қалай болуы мүмкін?
– Мысырдың өз ішіндегі жағдайы жақсы емес. Жемқорлық, экономикалық, әлеуметтік түйткілдері жетерлік. Бұл жерде сыртқы күштердің де әсері бар. Мысыр халқы көп болғанымен, экономикасы өте әлсіз мемлекет. Сыртқы қаржылық көздерге өте кіріптар. Қан төгілгеннен кейін жақын арада тараптардың бір пәтуәға келуі екіталай. Мысырдың тек өз әрекеттері ғана емес, сыртқы күштердің бұған жасайтын ықпалы әзірше нәтиже бермей отыр. Мысалы, Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың талаптары. Жекелеген ислам елдері Мысырдағы әскери билікті жақтырмайды. Пәкістан, Түркия, соғыс жағдайында отырған Сирия Каирдегі әскери басшылыққа қарсылық танытып отыр. Сондықтан жағдайдың ушыға түсуі Мысырдың іштегі жағдайымен ғана шектелмейді. 
– Қабылданып жатқан саяси шешімдер қоғамды біріктіре ала ма? 
– Шешімдер қабылданатын шығар. Әзірше әскери билік Мысыр армиясының басшысы жасаған мәлімдемелер тек декларация күйінде қалуда. Оған «Мұсылман бауырлар» немесе соларды жақтаушы діни топтар құлақ асып отырған жоқ. 
– Мысалы, әскерилер мен исламшылардың арасында кек пайда бола бастағандай...
– Жалпы, Араб мемлекеттерінде, Мысырда баяғыдан бері қалыптасқан дәстүрдің бірі – әскерилердің өте ірі саяси күш болып табылатындығы. Яғни, қорғаныс мәселелеріне ғана емес, елдің біртұтастығы мен зайырлы болып дамуына кепілдеме беретін күш әскер болған және араб мемлекеттеріндегі басшылардың барлығы сол әскерилердің арасынан шыққан. Мейлі, Хосни Мүбәрәк болсын, оның алдындағы Ануар Саадат, Гамаль Абдель Насер, одан өзге Сирия мен Ливияда да жағдай осылай болды. «Мұсылман бауырлардың» өзі көптеген жылдар бойы астыртын жұмыс жүргізіп келді. Заң жүзінде оларға тыйым салынғанымен, бұл текетірес исламшыл топтар мен әскер арасында баяғыдан келе жатыр. Қазір бұл одан сайын өрши түсті. Билікке жеткен ислами топтар болса одан айрылғысы жоқ және екі жақ пәтуәға келуге құлықсыз.  
– Мысыр елін төрт бөлікке бөлген болашақтың картасы табылып, онда ел «Жоғары Мысыр», «Төменгі Мысыр», «Үлкен Каир» және «Суэц пен Синай» болып қарастырылған дейді...
– Жалпы, тарихи тұрғыда Мысыр төртке емес, Ніл өзенінің ағысына қарай жоғары және төменгі Мысыр деп екіге бөлінген мемлекет. Ондай жобалар болуы мүмкін, бірақ көршілес мемлекеттермен салыстырғанда Мысырдың мемлекетшілдік дәстүрлері әлдеқайда бай. Сондықтан мұндай жағдайлар іске асуына күмән бар. Екіншіден, оған сыртқы күштердің қаншалықты мүдделі болуы да сенімсіздеу. Бөлініп кету қаупі басым мемлекет деп Ливияны айтуға болады. Себебі, онда мемлекеттік дәстүрлер әлі толыққанды қалыптаспаған.

Сұхбаттасқан – Жанкелді ҚАРЖАН
"Халық сөзі" газеті
0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553