Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3383 0 пікір 20 Тамыз, 2013 сағат 05:59

Сырым Дат. Шет тілдері қазақ ғалымдарын шалғыдай оруда...

Қазақ үшін құл болудың әр кезеңде бір жаңа сипаттары мен талаптары түсіп тұрады. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы білімі мен ғылымы «Болон үдерісі» (http://kk.wikipedia.org/wiki/) деген сырқатқа шалдыққалы бірнеше жыл болды. Соның көрінісі ретінде бүгін ғалымдар өздерінің барлық еңбектерін шетелдегі басылымдарға инфак-фактор деген «көрмеге» шығып тұру міндеттелген.

Импакт-фактор– Institute for Scientific Information институты есептеп, Journal Citation Report журналында жарияланатын материалдың не ғылыми журналдың маңызын байқататын формалды сандық көрсеткіш. http://www.kspi.kz/

Осы «ғылыми көрменің» көзіне түсу үшін және елдегі басты талапқа айналғандықтан, қазақ ғалымдары табысының бір бөлігін шетелдегі арамтамақ журналдарға беріп, материалдарын бастырып, көкталақ болып жүр. Бұл қазақ ғылымына түскен бір қызыл науқан!

Екіншісі жыл сайын жоғарғы білім мен одан жоғарғы ғылыми білім алу үшін оқуды жалғастыруға тест тапсырудағы басты табалдырық әлгі «Болонның» ізімен ағылшын, неміс, француз т.т. ебропа тілінен сынақ тапсыру болып отыр.

Аталған үдеріске сәйкес басқа ТМД елдері біз секілді сүрініп-қабынып, өз тілін аяққа басып, тағы бір тілдің құлдығына бас ұрып отыр дей алмаймыз, ауымыздың жыртылғанына қарамай алға түсіп отырған тағы да бізбіз!

Кеше ғана астаналық бір ЖОО-на қазақ тілінен магистратураға түсуге ниеттенген 15 үміткердің тең жартысы ағылшын тілінің сынағынан өте алмай сүрінді...Қазақ тарихы мен болмысы жөніндегі ғылым саласы да осыны бастан кешіп, болашақ талай қазақ ғалымын шет тілдері шалғыдай оруда. Сонда өз тілімізді зерттеу үшін де ағылшын, неміс, француз тілдерін аттай алмайтын табалдырық етіп отырмыз! Не деген кещелік?!

Ең болмаса ұлттық танымымыз бен құндылығымызды өз тіліміздің қарауында қалдыра тұрып, саланы бірте-бірте енгізуге болмас па еді?! Онсыз да тұсауланған тіл білімі енді одан сайын тұсала түспек.Онсыз да ғалымдар жетіспейді. Салалық тілтану тоқырауда. Енді жастарымыз магистратурада ақылы түрде де оқи алмайтын жағдай қалыптасып отыр. Мұның бәрін әлі күнге «Креміл айтты – біз көндік» дейтін бәлшебектік құлдығымыздан көрмесек кімнен көреміз?

Abai.kz

0 пікір