Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4056 0 пікір 8 Тамыз, 2013 сағат 07:00

Ыдырыс Тұрлығлов. Қызыл мия Қызылорданың даңқын шығарса дейміз

Оқушы кезiмiзде әке-шешемiз қолдағы азын-аулақ малға күнделiктi шөп дайындап тұруды тапсыратын. Ол уақытта бiз тұратын көше қаланың шет аймағы саналушы едi. Үйден сәл былай шықсаң мал жеуге жарайтын шөптiң неше атасын кездестiресiң.  Өз басым көбiнесе қызыл мияны орып алуға тырысатынмын. Орып алуға да жеңiл, әрi мал да сүйсiнiп жейдi. Сонда үлкендерден қызыл мияның тамыры емдiк мақсатта қолданылатынын естушi едiк. Олардың айтуынша, әсiресе Қытай елiнде жақсы жолға қойылған. Кейiннен қызыл мияның тамырын қазып алып, дәрiханаларға өткiзiп жатқандарды да көргенiмiз бар. Сол кезде осы бiр емдiк қасиетi бар өсiмдiктi өңдейтiн кәсiпорын неге құрмайды екен деген ой келушi едi.

Оқушы кезiмiзде әке-шешемiз қолдағы азын-аулақ малға күнделiктi шөп дайындап тұруды тапсыратын. Ол уақытта бiз тұратын көше қаланың шет аймағы саналушы едi. Үйден сәл былай шықсаң мал жеуге жарайтын шөптiң неше атасын кездестiресiң.  Өз басым көбiнесе қызыл мияны орып алуға тырысатынмын. Орып алуға да жеңiл, әрi мал да сүйсiнiп жейдi. Сонда үлкендерден қызыл мияның тамыры емдiк мақсатта қолданылатынын естушi едiк. Олардың айтуынша, әсiресе Қытай елiнде жақсы жолға қойылған. Кейiннен қызыл мияның тамырын қазып алып, дәрiханаларға өткiзiп жатқандарды да көргенiмiз бар. Сол кезде осы бiр емдiк қасиетi бар өсiмдiктi өңдейтiн кәсiпорын неге құрмайды екен деген ой келушi едi.

Көктемде Қызылорда облысының әкiмi Қырымбек Көшербаев Жалағаш ауданының елдi мекендерiн аралады. Сапар соңында Жалағаш кентiнiң iргесiнде қызыл мия тамырын өңдейтiн зауыттың iрге тасын қалау рәсiмi өттi.  Осы сәтте аталған өсiмдiк тамырын өңдейтiн кәсiпорын туралы ойлаған кезiм еске түскен-дi. Қазақстанда қазір неше түрлi өндiрiс орындары ашылып жатыр. Мiне сондай зауыттың бiрi бiздiң облыста да ашылатын болды. Құрылыс нысанының басында "Мия өсiмдiгiн өсiру және мия тамырын өњдейтiн зауыт салу" жобасының жетекшiсi –"БИС-Групп" ЖШС директоры  Дiлдахан Ахметовты әңгiмеге тартудың мүмкiндiгi туып, бiраз жайтқа ќаныққан едiк.

Бизнес өкiлдерi қай iстi бастамасын оны әуелi жан-жақты зерттеп, сараптама жасап, барлыќ жағдайды таразыға салѓаннан кейiн ғана тәуекелге баратыны белгiлi. Дiлдахан Әмiрәлiұлы да бұл саланы бiраз зерттеген көрiнедi. Қызыл мия тамырын өңдеу жөнiнен одақ кезiнен даңқы шыққан Қарақалпақстандағы зауытты арнайылап барып, көредi. Бұл кәсiпорын 35 жылдан берi  қызыл мия тамырын өңдеп, оны экспортқа шығарып келедi екен. Қытай елiне сапар шегiп, осындай зауыттардың бiрнешеуiнiң жұмысымен танысады. Онан бөлек, емдiк қасиетi бар шөпке қатысты барлық ғылыми еңбектердi зерттеп, танысуға жылдан аса уақытын сарп етедi. Алматы ботаника институтында соңғы қырық жыл бойы қызыл мия тамырына қатысты жасалған ғылыми зерттеулер де назардан тыс қалған жоқ. Кәсiпкердiң айтуынша, оның бұл iзденiстерiне бүгiнгi күнi Ресейде бiлiм алып жатќан ұлы Русланныњ көп көмегi тиген көрiнедi.

Осындай iзденiстерден соң әрине тәуекелге бел буады. Қазiргi күнi бизнестi жолға қою үшiн жақсы әрiптес ќажет. Осы жаѓдайды ескерген "БИС-ГРУПП" басшысы Қытай елiнiң "Борихунда" компаниясымен акционерлiк келiсiм-шарт жасауды жөн көрдi. Бұл қызыл мия тамырын өңдеуде ұзақ жылдардан берi табысты жұмыс iстеп келе жатқан компания. Онымен әрiптес болу болашақта  зауыттың  барлық өнiмдерiнiң дүниежүзiлiк сапаға сәйкес келуi және экспортқа шығарылуға лайық болуы үшiн керек. Жаңа зауыттың бүкiл құрал-жабдықтарын және тауар шығару технологиясын әкелудi "Борихунда" компаниясы  мiндетiне алып отыр. Дәлiрек айтқанда, жобаның жалпы құны 1.8 млрд. теңге болса, соның 1,1 млрд. теңге ќаржысын қытайлық компания жұмсамақ. Сонымен бiрге аспан асты елiнiң өкiлдерi жергiлiктi мамандарды дайындауға атсалысады.

Құрылысқа бөлiнген аумақтың көлемi 10 гектар. Мұнда салынатын зауыт үш бөлiктен тұрады. Алғашқысында қызыл мияның шырыны сығып алынады. Бұл шырынның кәдеге асар жерi көп. Ол металлургия, тамақ өнеркәсiбi, косметика мен медицина саласында кеңiнен пайдаланылады. Ал зауыттың қалған екi бөлiгiнде дәрiлiк заттарѓа қажеттi өнiмдер шығарылады. Зауыттың қуаттылығы жылына 1 мың тонна мия тамыры және 100 тонна моноаммониум глициниризанат А өнiмiн өндiруге жетедi. Зауыттың барлық өнiмi экспортқа шығаруға лайықты болмақ. Компания басшысы өндiрiске қажеттi шикiзат сұранысын қанағаттандыру үшiн 2 мың гектар алқапқа қызыл мия егiлетiнiн жеткiздi. Өндiрiс жылына 22 мың тонна қызыл мия тамырын өңдейдi. Жоба бойынша зауыт 2015 жылдың алғашғы тоқсанында пайдалануға берiледi. Ол толығымен iске қосылғанда 150-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылмақшы. Оған маусымдық кезеңде егiстiк алқабында жұмыс iстейтiн жүздеген адамды тағы да қосыңыз. Мұнан бөлек, аталған өндiрiстен жергiлiктi бюджетке жылына түсетiн 170 млн. теңгеден асатын түсiмi тағы бар. Өлкенiң экономикасының дамуына өзiндiк үлес қосады. Бұл облыс, оның iшiнде Жалағаш ауданы үшiн, керемет жақсы жаңалық емес пе?! Ал бұл жоба мемлекет тарапынан үлкен қолдауларға ие болуда. Жалағаш ауданы әкiмдiгi құрылысқа қажеттi жердi бiрден рәсiмдеп бердi. Сонымен қатар мия өсiруге арналатын алқаптарға жер бөлiп отыр. Үдемелi индустриялық даму бойынша Аймақтық үйлестiру кеңесiнiң отырысында бiрауыздан Индустриялық картаға енгiзiлдi. Бұл өз кезегiнде үлкен жеңiлдiктер беретiнi белгiлi. Жергiлiктi билiк оның тездетiп iске асырылуына мүдделi, соған орай "Бизнестiң жол картасы 2020" бағдарламасы аясында зауытқа инфрақұрылымдар жеткiзiп беруге жұмыс жасап жатыр. Иә бұлардың бәрi бизнеске қолдау екенi түсiнiктi. Айтпақшы, қазiргi күндерi зауыт құрылысы қарқынды жүруде. Жыл соңына таман өндiрiстiң бiрiншi кезегi iске қосылады деген болжам бар. 

Кәсiпкермен әңгiмелесу барысында мия тамырының пайдасы туралы бiраз жайларға қаныққан едiк. Мия тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органикалық қышқылдар, минерал тұздары бар. Оның тамырынан жасалған дәрiлер қатерлi iсiк, ВИЧ инфекциясы, өкпе, қолқа, жұтқыншақ ауруларына қарсы пайдаланылады. Балалар ауруына да ем ретiнде жиi қолданылады. Қызыл мия тамырын өндеу цехында жұмыс iстейтiн адамдар жыл он екi ай тұмаумен ауырмайды деген мәлiмет те қызықты көрiндi. Сонымен қатар, онда демiкпеге шалдыққан адамдар жұмыс iстесе дертiне шипа болады екен. Мiне қысқартып айтқанда болашағы зор жаңа өндiрiстiң осындай пайдалы жақтары аз емес.

Сыр елiн "Жыр елi" деп атайды. Өнерлi өлке болғандықтан. Сыр маржанынан тау тұрғызғандықтан аймағымыз "Ырысты, күрiштi Қызылорда!" болып аты шықты. Байқоңырмен мақтанамыз. Өзгелер  Аралдың балығын айтып тамсанады. Мұнайлы, шырайлы өлкеге айналдық. Басқа да мақтаныштарымыз да жетерлiк. Ендi солардың қатарына қызыл мия өнiмi қосылып жатса қанекей!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1565
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541