Сәрсенбі, 18 Қыркүйек 2019
Жаңалықтар 2292 0 пікір 31 Шілде, 2013 сағат 11:00

Анар Сүлеева. 1 млрд, 154 млн, 269 мың теңге қайда, Мырзахметов мырза?!

Мақаламыз оқырманға  түсінікті болу үшін әңгімені әріректен бастайық.

2006 жылы Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің мемлекеттік сатып алуы бойынша қаланың қақ ортасынан  «Солтүстік 110/10кВ  Подстанция» құрылысын салу үшін мемлекеттен 1 мрлд 154 млн 269 мың теңге бөлінеді. Аталған соманы тендерлік байқауда «Қуаныш -2» ЖШС ұтып алады.  Алайда, арада қанша жылдар өтсе де толық салынып біткен подстанция жоқ. Неге дерсіздер? Біздер бұл сұрақтың жауабын алу үшін журналистік зерттеу жүргізіп көрген болатынбыз.  Ендігі жерде көз жеткізген жәйттарға тоқталайық.

Мақаламыз оқырманға  түсінікті болу үшін әңгімені әріректен бастайық.

2006 жылы Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің мемлекеттік сатып алуы бойынша қаланың қақ ортасынан  «Солтүстік 110/10кВ  Подстанция» құрылысын салу үшін мемлекеттен 1 мрлд 154 млн 269 мың теңге бөлінеді. Аталған соманы тендерлік байқауда «Қуаныш -2» ЖШС ұтып алады.  Алайда, арада қанша жылдар өтсе де толық салынып біткен подстанция жоқ. Неге дерсіздер? Біздер бұл сұрақтың жауабын алу үшін журналистік зерттеу жүргізіп көрген болатынбыз.  Ендігі жерде көз жеткізген жәйттарға тоқталайық.

Тендер өтті. Қомақты қаржы бөлінді. Бірақ,  құрылыс бітпеді. Неге? «Қуаныш-2» фирмасы құрылысты жүргізіп, нүктесін қоюға келгенде подстанция іске қосылмаған.  Өйткені құрылысты     тиісті мекемелер тексеру жүргізбестен қабылдап алған.  Барлық құрылыстың заңдылығын бақылайтын орындар сонда «Солтүстік 110/10кВ  Подстанцияны»  қайда қарап отырып қабылдады деген сұрақ облыс басшысын неге мазаламаған? Асқар Исабекұлы неге бүгінгі таңға дейін құрылысы бітпеген, бірақ орасан зор көлемде қаржы бөлінген  нысанды өз бақылауында ұстамаған? Неге құзырлы орындарға дабыл қағып, мердігер компанияның «шаңын қағып» ала алмаған?  

«Солтүстік Подстанцияның» бүгінгі сиқы мынау: алып темірлер құлап, жарамсыз күйде үлкен үйінді болып жатыр.

 Біздер құрылысы тоқтаған нысан басына барғанымызда күзетші Дима ағайға жолыққан болатынбыз.

-Бұрынғысын қайдам, біз 2011 жылы тендерді жеңіп алып жұмыс бастаймыз деген едік. Міне, арада 2 жыл уақыт өтсе де  бастай алмай отырмыз, - дейді ол.

-Сізді кім қойды қарауылдыққа?

- Өзім жұмыс жасайтын «Мехколлона №49» фирмасы.

Біз сонымен аталған фирманың  мекен жайын тауып бардық. Бас директордың орынбасары Ким Валерии Яковлевичке жолықтық.

- Біздер тендерге қатысар кезде қала әкімі Арман Жетпісбайдың өтінішімен барған болатынбыз. Нысанның басына барған кезде сапасыз басталған құрылысты көріп бас тарттық. Дегенмен, қала басшысы «сіздер тәжірибелісіздер ғой, осыны аяқтап берсеңіздер» деп өтініш тастаған соң келіскен едік.  Бірақ, осы құрылыс басымызға бәле болды. Подстанция құрылысына тозығы жеткен  құрал жабдықтар қолданған. Былайша айтқанда  жарамсыз жабдықтар. Біздер арнайы хат жаздық. Қалалық құрылыс бөліміне, қала әкіміне, қазіргі жаңа басшыға да жолдадық. Облыс басшысына, керек десеңіздер «Нұр Отанға» да жаздық. Бірақ неге екені белгісіз бізді сотқа беріпті.  Жұмысты дұрыс атқармады деп. Сонда біз қалай жоқ нысанға жұмыс бастауымыз керек?  Салынған жабдықтардың барлығын бұзып алып кетті емес пе? Бұны тексерген технадзор қайда қарап қабылдаған? Бізге бөлінген қаржы 49 млн 755 мың теңге. Біз бұл нысанға келгелі тек шығынға батып отырмыз. Басына қойған қарауыл, жарық дегендей... Барлығы ақша емес пе?  Құрылысты салағанда  барлық жабдықтардың өз төлқұжаты болады. Ал бұлардың бірде бірінде жоқ. Төлқұжаттың барлығы дерлік қолдан жасалған. Біз арнайы «Тольяттинский ТРАНСФОРМАТОР» зауытына хат жолдадық. Ал, олардан келген жауапқа қарасақ, зауыт Қазақстанға, солтүстік подстанцияға  ешқандай трансформатор жібермеген. Біздер келісім шартты бұзу туралы да өтініш жолдаған болатынбыз. 10 млн теңгені кері қайтарып бердік. Ендігі жерде кеткен шығынды яғни, обектіні қарауылдауға 1 950 000 теңге, демонтаждауға 15 195 725 теңге,  жабдықтарды лабороториялық тексеруге 4 501 697 теңге, электроэнергияға 351 803 теңге.  Осы қаржыны өндірулерін талап етіп біз де сотқа жүгіндік.

Айта кетер жәйт, Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Е.Бұхарбаев мырзамыздың облыс прокурорына, ОҚО ЭҚжСЖҚКД бастығы Ерімбетов мырзаға хат жолдағанын көріп қуанып қалдық. Дұрыс-ақ делік. Бірақ, көкейдегі мына бір сұрақтың мазалағаны жасырын емес. «Қуаныш-2» мердігер компаниясы жұмысты дұрыс жүргізбегенде неге үнсіз отырды? Қабылдау актісіне неге жол берді? Біздің тірлік біреудің сойылын соғып, енді біреуін даттау емес.  Ақиқаттың жолында туралықты анықтау. Облысымызға жаны ашитын азаматтар табылмағанымен, құзырлы орындарымыздың намысын қамшылау. «Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетіп жатқан теңгелерімізді  тежеу болмақ, - деді «№49 Мехколлона» фирмасы бас директорының орынбасары Валерии  Ким.

«Судың да сұрауы бар». Қысқасы, желге ұшқан қаржыны Мехколлона қайдан өндіріп, кімнен сұрамақ?  Подстанцияны «Тұран Құрылыс » ЖШС-і тексеріп, қабылдап алыпты. Бірақ, құрылыс толығымен бітпеген. Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Мырзахметов мырза бір сөзінде «Құрылысты дұрыс жүргізбеген мердігердің желкесіне мініп алыңдар, қара тізімге іліңдер. Қадағалап, сұрап, талап етіп отырыңдар!»- деп еді. Ендеше, мына мердігердің желкесіне мініп алып, мәселенің мәнісін неге талап етпеді екен? Әлде, «Қуаныш-2» фирмасының артында бір «алпауыттың» тұрғаны шындық па?    Облыс прокуроры Иманов мырза неге үнсіз? 2007 жылы қаржы полициясы бұл іс туралы тексеріс жүргізген еді.  Алайда, «жабулы қазан жабулы» күйінде келеді.  Мердігер млекет қазынасынан бөлінген қаржыны игере алмаса, әкім неге оны өзі айтқандай «қара тізімге» іліп қоймады екен? «Қай елдің заңы мықты болса, сол елдің іргесі берік болады»  дегендей, мемлекетіміздің мықты болуы заңымызға байланысты екенін ескерсек, заңымыздың салмағы қаншалықты екенін осыдан  аңғарсақ болады.  Елбасымыз тапсырманы беріп жатса да,  талапты күшейткенмен орындалып жатқан заң жоқ, жазаға тартылып жатқан тұлға жоқ.  Неге? Қырауар қаржаның соңына дейін игерлімеуінің салдарынан ОҚО әкімі Мырзахметов те кешегі Бергей Рысқалиевтың  «жолын қумасына» кім кепіл? Облысты басқарған тұста Бергей мырза да мырзалығының кесірінен «қашқын» атанған жоқ па? Сондықтан ОҚО әкімі ертеңгі күніне алаңдамас үшін игілікті шаруаға бөлінгенімен игерілмеген қаржы турасында үнсіз қалмауы керек. Үн қосыңыз, Асқар мырза! Мүмкін мәселенің біз білмейтін тұстары да бар шығар? Біз де қателесіп отырған болармыз бір жақты, бір тарапты ғана тыңдап? Неге десеңіз, екінші жақты, яғни: «аталған нысанның құрлысы мына себептен аяқталмай қалды» деп іс барысын таратып айтып беретін адамды  таба алар емеспіз. 

Дегенменде, біздер бұл тақырыпқа міндетті түрде қайтадан оралатын  боламыз. Себебі, мемлекеттің әрбір тиыны сіз бен біздің салығымыздан құралып отырғанын естен шығармайық,  құрметті оқырман қауым.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Abai.kz

0 пікір