Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3495 0 пікір 25 Шілде, 2013 сағат 10:50

Шығыс Қазақстанда 252 ауыл әкімі сайланады

Тамыз айында Қазақстанда ауылдық округтер, кенттер және аудандық маңыздағы қалалар әкімдерінің сайлауы болатыны белгілі. Орталық сайлау комиссиясында ауыл әкімдерін сайлау тәртібі жасап шығарылған. Жоба бойынша әкімдерді жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде4 жылға сайлау жоспарланды. Бұл дегеніміз ауылдық жерлердің әкімдерін аудандық және қалалық мәслихаттар депутаттары сайлайды деген сөз. Ал сайлауға қатысу үшін болашақ әкімдерді қалалар мен аудандар әкімдер жергілікті жұртшылықпен кеңесе келе ұсынады.

Шығыс Қазақстанда сайлау 7-8 тамызда өткізілмек. ШҚО сайлау комиссиясының ақпаратына сенсек, ауылдық округтер әкімдері болуға  757 үміткер тіркелген, бұл бір орынға үш үміткер  деген сөз.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Рукин айтқандай, барлығы 252 ауыл әкімі сайланады. 

- Аймақ бойынша сайлау кампаниясына 15 аудандық сайлау комиссиялары және Семей қаласындағы сайлау комиссиялары қатысады, - деді ол.

Айта кетерлігі, үміткерлерді ұсынуға жергілікті мәслихаттар өкілдері ғана емес, ақсақалдар кеңестері де белсене атсалысты.

Семей қаласы бойынша аумақтық салау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев үміткерлерді ұсыну кезінде олардың партиялық тиістілігіне мән берілмейтіндігін айтады. Ал өмірбаяндарында олардың қандай да бір партияға тиістілігін тек үміткердің қалауымен ғана көрсетіледі екен. Бұл партиялардың бұл сайлауда бәсекелес емес екенін білдіреді.

-  Семей аймағы бойынша ұсынылған үміткерлер арасында үміткерлердің басым көпшілігін аграрлық сала қызметкерлері құрайды, арасында педагогтер мен техникалық сала қызметкерлері де жоқ емес. Бірақ барлығы дерлік өмірін ауылмен байланыстырған жандар. Ұлттық сипатына келер болсақ, арасныда қазақтар, орыстар, татарлар және басқалар бар. Арасында әйелдер де бар. Сайлауға қатысып отырғандардың көбі қазіргі кезде әкімдік міндетін атқарып отырғандар? 55-пайыздайы, - деді ол. – ауыл әкімі билік өкілі ретінде өз бетімен жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік алатын болады. Оның қала мен облысқа жалтақтамай,  жергілікті бюджетті пайдалануға қатысты шешім қабылдауға мүмкіндігі пайда болады. Бұл дегеніміз, ауылдағылар қай қаражатты қайда жіберетінін өздері ойлайтын болады деген сөз: жол жөндеуге ме, жағдайы нашар ауылдастарына көмектесуге ме, әлде мектепге жөндеу жұмыстарын жүргізуге ме. Алдағы сайлаудың нәтижелерін бір жылдан соң-ақ көруге мүмкін болады.

 Сайлау кампаниясы аясында тұрғындармен, қоғамдық ұйымдармен кездесулер ұйымдастырылмақ. Онда үміткерлер жақын арада ауыл әкімдерінің қалай жұмыс істейтіндігі туралы көзқарастарымен бөліспек.

Сайлаудың заң аясында өтуін прокуратура қадағалайды. Ал сайлау барысына көңілі толмағандар облыстық сайлау комиссиясына немесе сотқа арыздана алады.

ШҚО ақпараттық орталығы

0 пікір