Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3473 0 пікір 25 Шілде, 2013 сағат 10:40

EGOV.KZ жайлы миллион жауап

Бүгін Астанада ҚР мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс орталығының миллионыншы клиентін салтанатты құттықтау шарасы өтті.  Ол Астана қаласының тұрғыны – Мариям Салихова болды.

Мариям қалалық компаниялардың бірінде жұмыс істейді. Оның айтуынша, 1414 байланыс орталығына жылжымайтын мүлік сұрағы бойынша кеңес алу мақсатында хабарласқан. «Қызметті лезде көрсетті. Оператор ерекшеліктерді түсіндіріп, ауыртпалықтар жайлы анықтаманы қайда және қалай алу керектігі жайлы толық ақпарат берді.» - деп,  жуырда байланыс орталығына миллионыншы қоңырауы түскен Мариям бөлісіп отыр.

Шара аясында, «ҰАТ» АҚ басқарушы директоры Асель Молдабекованың айтуынша,1414 нөміріне әрбір хабарласушы белгілі бір қызметті қалай, қайда және қандай мерзімде алатындықтары жайлы, мемлекеттік органға қандай құжаттар беру керектігі жайлы толық нұсқау алады. Және белгілі бір қызмет бойынша туындаған әр сұрақтарды  нақтылап, түсінік алуға болады.

Азаматтың байланыс үшін қандай жол таңдағаны – портал арқылы ма, қызмет көрсету орталығы немесе тікелей мемлекеттік органда ма – маңызды емес. Азаматтар үшін қоңырау шалу тегін. Қызмет тәулік бойы қол жетімді.

Байланыс орталығының операторларымемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша ғана консультация көрсетпейді, олар е-лицензиялау, е-нотариат, техникалық қызмет көрсету жүйесі, жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік ақпараттық базасы, куәләндіру орталығы және тағы басқа көптеген ақпараттық жүйелеріне қызмет етіп, техникалық икемге ие.

Күніне орталыққа шамамен (6000) алты мың қоңыраулар, сондай-ақ электрондық пошта арқылы және электрондық үкіметтің «кері байланыс» нысаны арқылы күніне 150-ге дейін сауалдар келіп түседі.

Асель Молдабекованың сөзі бойынша, 1 желіде шешілетін сауалдар пайызының көрсеткіші – 85% кем емес. Операторды шамамен орташа күту уақыты, дауыс мәзірімен қоса есептегенде – 38 секунд.

            Байланыс орталығына қызметкерді таңдаудағы басты шарттардың бірі – сабырлылық. Әрбір оператордың үстелінде айна тұр. Конфликт туындаған жағдайда кеңес беруші айнаға қарап, күлімдеп, сол көңіл күйді клиентке жеткізуге тырысады.

Мариям Салиховаға Байланыс орталығының миллионыншы клиент сертификаты және естелікке сый тарту етілді.

«ҰАТ» АҚ Баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1572
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2267
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3568